«Қазақстан Республикасының энергетика жүйесiн басқаруды құрылымдық
қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1188 Қаулысы
Соңғы кезде республика экономикасының электр энергетикасы секторында акционерлендiру мен жекешелендiру, нарықтың дербес субъектiлерiн қалыптастыру процестерi қарқын алуда, бiр саланы басқару жүйесiнде елеулi құрылымдық қайта жаңғыртулардың қажеттiгiн тудырып отыр.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығы мен «Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 мамырдағы № 663 қаулысы электр энергиясының нарқын құру, электр энергиясы өндiрiсiнде монополиясыздандыру және сонымен бiр мезгiлде электр және жылу энергиясын беруге байланысты қызметтi мемлекеттік реттеу тетiгiн енгiзе отырып бәсекелестiк енгізу үшiн негiз жасады.
Бiрақ саланы басқаруды құрылымдық қайта құру қарқыны оны жекешелендiру қарқынынан артта қалып отыр, бұл электр энергиясын берiп тұруды, берудi және бөлудi бұзуға әкеп соғады, қаржыны басқарудағы келеңсiз процестердi тереңдетедi, төлем жасамау дағдарысын шиеленiстiредi, нәтижесiнде саланы реформалау қарқынын бәсеңдетуге әкеп соғуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi электр энергиясының iрi өндiрушi-кәсiпорындарын реформалауды 1997 жылдың бiрiншi жарты жылдығының соңына дейiн аяқтасын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесiп 1996 жылдың 4 қазанына дейiн ашық үлгiдегi акционерлік қоғам нысанында электр жүйесiнiң аумақтық кәсiпорындарын құру жөніндегі жұмысты аяқтасын және 1996 жылдың 15 қазанына дейiн осы акционерлік қоғамдардың акцияларын Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне оларды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн берсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi заңда белгiленген тәртiппен "KEGOC" акционерлік қоғамын ("Kazakhstan Elektricity Gird Operating Company" - Электр жүйелерiн басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы) 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік мүлкiн "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ-ның балансынан оның жарғылық қорына бере отырып құрсын.
4. "KEGOC" акционерлік қоғамына жоғары вольттi кернеу жүйелерiн басқару, электр энергиясын өндiрушiлерден сатып алу және тұтынушыларға жеткiзiлуiне кепiлдiк бере отырып, сатып алушыларға сатуды қамтамасыз ету, қажеттiлiк пен тұтынушылыққа сәйкес электр энергиясының импорты мен экспортын үйлестiру, жүйелердi басқару және Қазақстан Республикасының электр жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыруға байланысты басқа да мәселелердi шешу функциясы жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі тендерлiк негiзде iрi энергетикалық компаниясы таңдап алып, оған "KEGOC" акционерлік қоғамының мүлiктiк кешенiн мүлiктiк жалға (концессияға) берсiн және оны оператор ретiнде жұмысқа тартсын.
Аталған тендердi саланың нарықтық тетiгiн ұйымдастыру ретiнде бұдан әрi энергопулын құру мақсатында Қазақстанның электр жүйесiн жаңарту мен дамытуға қажеттi инвестицияларды жүзеге асыру шарттарында үш күндiк мерзiм iшiнде жарияласын.
6. 1996 жылдың 15 қазанынан бастап шаруашылық жүргiзушi субъектiлер энергия өндiрушi кәсiпорындармен, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден электр энергиясын сатып алу туралы дербес шарт жасайды деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн энергопул құру жөнiнде электр энергиясын өндiрушi кәсiпорындармен қажеттi жұмыс жүргiзсiн. Тауар өндiрушiлердiң мүддесiн қорғау мақсатында энергопулға Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң және Электр энергетикасындағы мемлекеттік реттеушi комиссияның қатысуымен "KEGOC" акционерлік қоғамының жұмысын бақылау функциясы жүктелсiн.
8. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi 1996 жылдың 15 қарашасына дейiн:
Үкiметке табиғи монополия саласынан электр энергиясын өндiрудi кезең-кезеңмен алып тастау туралы шешiмнiң жобасын енгiзсiн және осыны ескере отырып өзiнiң ведомстволық нормативтiк актілерін қайта қарасын;
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігінiң ұсынысы бойынша арналы бөлу электр жүйелерi бойынша электр энергиясын тасымалдауға арналған тарифтердi әзiрлеп, қолданысқа енгiзсiн.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.
Осы қаулының орындалу барысы туралы он күн сайын баяндалып тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi