Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 28 маусымдағы № 835 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттік органдар лицензия беруде жекелеген аймақтарда белгiлi бiр қызметтер мен тауарлар өндiрушiлерiнiң монополиялық жағдайына жол бермей және өндiрiстiк қуаттардың орынсыз ыдыратылуын шектей отырып, республикалық нарықтың қалыптасуына белсендi ықпал жасайтын болсын».
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жоғарыда аталған қаулысына сәйкес қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң қызметi, май құю стансаларын ұстау мен пайдалану, лотереялар (мемлекеттерден басқасы,), тотализаторлар мен казинолар ұйымдастыру мен өткізу қызметтiң лицензиялауға жататын түрлерi болып табылатындығы назарға алынсын.
3. ҚР Үкіметінің 1996.13.08. № 1007 қаулысымен күші жойылды
4. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi арақ-шарап өнiмдерi мен спирт шығаруға берiлген лицензияларға түгендеу жүргiзсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi