«Мемлекеттік акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлік
қоғамдардың басшыларына сату туралы уақытша ереженi бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 қаңтардағы № 106 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мемлекеттік акция пакетiнiң бiр бөлiгiн акционерлік қоғамдардың басшыларына сату туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекітiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 31 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен
бекiтілген
Мемлекеттік акция пакетiнiң бiр бөлiгiн
акционерлік қоғамдардың басшыларына сату туралы
УАҚЫТША ЕРЕЖЕ
1. Осы Ереже мемлекеттік акция пакетi 51 проценттен төмен бұрынғы мемлекеттік кәсiпорындардың негiзiнде құрылған акционерлік қоғамдардың басшыларына (мұнан былай - қоғамдар) сатуға арналған мемлекеттік акция пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлудiң тәртібі мен шартын белгiлейдi.
2. Мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi (Меммүлiккомы) оның бiр бөлiгiн акционерлік қоғамдардың басшыларына бөлу туралы шешiм шығарған кезде сатылмаған бүкiл акция пакетi мемлекеттік акция пакетi деп ұғынылады. Бұл орайда:
жаппай жекешелендiру бағдарламасына сәйкес сату үшiн резервке қалдырылған;
қоғамның құрылтай құжаттарына, сондай-ақ Меммүлiккомы мен оның аумақтық органдарының бұрын қабылданған шешiмдерiне сәйкес басқа да сатулар үшiн резервке қалдырылған акция пакеттерiнен басқа ұлттық, мемлекеттік акционерлік компаниялар, соның iшiнде холдинг және басқа ұстаушы органдар табыстаған мемлекеттік акция пакеттерi ескерiледi.
3. Барлық жағдайларда акция пакетiнiң бөлiнген көлемi мемлекеттік акция пакетiнiң жоғарыда аталған көлемiнiң 5 процентiнен аспайды.
4. Акционерлік қоғамдар басшыларына сату үшiн мемлекеттік акция пакетiнiң бiр бөлiгiн бөлу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің рұқсатымен Меммүлiккомы шығарады.
5. Мемлекеттік акция пакетiнiң бiр бөлiгiн қоғамдардың басшыларына бөлу туралы ұсынысты мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен, ұлттық, мемлекеттік акционерлік компаниялармен, соның iшiнде холдинг компанияларымен, жергiлiктi әкiмшiлiктермен келiсе отырып Меммүлiккомы табыс етедi.
Меммүлiккомы енгiзген ұсыныста:
болжамды сатып алудың мөлшерi мен тәсiлi туралы мәлiмет;
акционерлік қоғамның президентi туралы мәлiмет (анықтама-объективка) мазмұндалуға тиiс.
6. Бөлiнген акция пакетiн сатып алу акционерлік қоғамның қаражаты немесе қоғам алған кредит есебiнен жүргiзiлмейдi.
7. Бөлiнген акция пакетiн сатып алған кезде сатып алынатын акцияның 20 процентi оның атаулы құнына қарай, қалғандары - сатып алу-сату шарты жасалған сәттегi негiзгi қордың соңғы қайта бағалауын ескерiп төленедi.
8. Сатып алу бiр жолғы жарнамен жүзеге асырылған жағдайда
ақша қаражаты сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап
бiр ай iшiнде енгiзiледi.
9. Акция пакетiн ұзартылған мерзiмге сатып алған кезде жалпы соманың 20 процентi мөлшеріндегі бастапқы жарна, сатып алынатын акция пакетiнiң атауы құнына қарай, сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен бастап он күн мерзiмде енгiзiледi. Қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттегi негiзгi қорлардың соңғы қайта бағалануын ескерiп, шартқа қол қойылған сәттен бастап 36 ай iшiнде өтеледi.
10. Акцияның құнын ұзартылған мерзiммен төлеген сатып алушы дивиденд алады және дауыс құқын төленген акциялар бойынша ғана пайдаланады.
Мемлекеттік акция пакетiнiң сатып алынбай қалған бөлiгi жөніндегі барлық құқық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнде қалады, ал осы акциялар бойынша дивидендтер қолданылып жүрген заңға және қоғамның құрылтай құжаттарына сәйкес жiберiледi.
11. Сатып алушы мемлекеттік акция пакетiн белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда, акция пакетiнiң сатып алынбаған бөлiгi Меммүлiккомның иелiгiнде қалдырылады және қолданылып жүрген заңға сәйкес пайдаланылады.