«Толлинг негiзiнде қант шикiзатын берушiлердi
оның содан ақ қант жасайтын және Қазақстан Республикасында
сатылатын бөлiгiне импорттық кеден баж салығын төлеуден босату туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 22 желтоқсан № 1433 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Республика нарығын ақ қантпен толықтыру, қант өнеркәсiбiнiң қуатын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Толлинг негiзiнде қант шикiзатын берушiлер оның содан ақ қант жасайтын және Қазақстан Республикасында сатылатын бөлiгiне импорттық кеден баж салығын төлеуден босатылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi