«Қазақстан Республикасының Атом энергиясы
жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының құрылымы туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 14 қараша 1994 ж. № 1264 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң саны шегiнде 30 адам болып бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiне бас директордың 1 орынбасарын, сондай-ақ 5 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты үшiн қызметтiк 2 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 14 қарашадағы
№ 1264 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы
жөніндегі агенттiгi орталық аппаратының
Құрылымы
Ядролық қауiпсiздiк бөлiмi (жетекшi)
Ядролық және екi мақсатта қолданылатын материалдарға мемлекеттік есеп пен бақылау жүйесi бөлiмi (жетекшi)
Ғылыми-техникалық бөлiм (жетекшi)
Радиология және радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату бөлiмi (жетекшi)
Физикалық қорғау және тәртiп-құпия жұмыс жөніндегі бөлiм (жетекшi)
Қызмет көрсету, қаржы және бухгалтерлiк есеп бөлiмi (дербес)