«Қарағандыкөмiр» мемлекеттік холдинг компаниясы үшiн технологиялық
және машина жасау жабдықтарын сатып алуға шетел кредиттерiн
тарту туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
Қаулысы 1994 жылғы 13 қазан № 1164
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясы үшiн технологиялық және машина жасау жабдықтарын сатып алуға шетел кредиттерiн тарту жолымен Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенiн дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясының "МАН ТАКРАФ Фердертехник Гмбх" немiс фирмасымен 93220800 немiс маркасы сомасына технологиялық және машина жасау жабдықтарын беруге жасалған шарттары мақұлдансын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.03.17.
№ 282 қаулысымен.
2. "Қарағандыкөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясы:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiсiне жобаның валютамен өтелуiн растайтын қажеттi құжаттар мен кепiлдемелер ұсынсын;
- "Гермес" сақтандыру компаниясына, банкiге қызмет көрсететiн комиссияға аванс, сақтандыру жарнасын, сондай-ақ комиссияға жобаны бағалау сарабын жасағаны үшiн проценттер төлеудi және негiзгi қарыздарды өтеп отыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкiсi:
шарттық негiзде шетел мамандарын қатыстыра отырып жобаны бағалау сарабын өткiзсiн;
1992 жылдың 7 қыркүйегiндегi бас кредит келісімiнiң шарттарына сәйкес Берлинер Банкiсiмен жалпы сомасы 79237680 немiс маркасына қатысты уақыт туралы Герман жағының талаптарын ескере отырып жеке келісімдер жасасын.
Төлемдердiң жасалмай қалу қаупi туған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiсiне қарыздарды өтеудi қамтамасыз ету жөнiнде кредит желісін тоқтатуға дейiн қажеттi шаралар қолдануға рұқсат етiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған жобаға Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі "Қарағандакөмiр" мемлекеттік холдинг компаниясының кредитi бойынша қарыздардың дер кезiнде өтелуiне бақылау жасасын және осы кредиттi қайтару жөнiнде өз кепiлдiктерiн берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi