Жамбыл облысын газбен жабдықтау бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 27 шiлде 1994 ж. № 839
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Республиканың оңтүстiк өңiрiн газбен жабдықтауды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі ұсынған "Жамбыл облысын газбен жабдықтау бағдарламасы" мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Шет ел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттiгiмен бiрлесiп, Жамбыл облысында газ кендерiн, оның iшiнде Айрықты, Анабай, Солтүстiк Үшарал, Үшарал, Кемпiртөбе газ кендерiн "Досбол" бiрлескен кәсiпорнымен бiрге барлау, игеру және өндiру үшiн халықаралық тендер өткiзсiн, сондай-ақ газ кендерiн iздеу объектiлерiн анықтасын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Жамбыл облысындағы газ кен орындарын барлау, игеру және өндiру жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшiн валюта қаражатын тарту туралы мәселенi сырт инвесторларымен бiрге пысықтасын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Шет ел инвесторлары жөніндегі Ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен және Жамбыл облысының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп, Амангелдi газ кен орнын "Досбол" бiрлескен кәсiпорнының күшiмен игеру және пайдалануға беру жобасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Шетелдiк кредиттер комиссиясының қарауына енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi