Атырау облысындағы Прорва кен орнында iлеспе мұнай газ конденсатын
пайдалану жөніндегі қондырғы салу туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 20 шiлде 1994 ж. № 817
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
"Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 мамырдағы № 382 қаулысына сәйкес және Атырау облысы халқының мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн табиғи газ бен газ конденсатын өңдеудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Атырау облысындағы Прорва кен орында C.O.P.S. (АҚШ) коммерциялық банкінің "Санакогаз" акционерлік қоғамы бөлген шет ел кредитi есебiнен алынған iлеспе газ және газ конденсатын пайдалану жөніндегі қондырғы салу жобасы мақұлдансын.
2. Прорва кен орында табиғи газ конденсатын өңдеу құқығы "Санакогаз" акционерлік қоғамына, "Бөбек" қайырымдылық қорының еншiлес кәсiпорындары мен "Атырау" Мұнай сауда үйi" құрған "Жәрдем" акционерлік қоғамына берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Шет ел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттiгi аталған Жобаны жүзеге асыруға берiлген кредиттi қайтару тетiгi мен кестесiн әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен C.O.P.S. (АҚШ) коммерциялық банкiне өтеу мiндеттерi бойынша үкiмет кепiлдiгiн беру туралы мәселенi қарастырсын.
4. "Теңiзмұнайгаз" акционерлік қоғамы Атырау облысындағы Прорва кен орнында iлеспе газ және газ конденсатын өңдеу жөніндегі қондырғыны салу мен оны пайдалануды және тауар өнiмдерiн тасуды ұйымдастыруда "Санакогаз" акционерлік қоғамына көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi