«Феникс» альманахын шығару туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 8 шiлдедегі № 766 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Немiс диаспорасының этникалық тұрғыдан қайта өрлеуiнiң кешендi бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінiң "Феникс" альманахына қосар құрылтайшы болу жөніндегі ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "Феникс" альманахын қаржыландырудың жолын анықтасын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Көлiк және коммуникация министрлігі, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы", Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi "Феникс" альманахына автокөлiк, мекен-жай бөлу, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, байланыс құралдарын орнату және альманахты тарату мәселелерiн шешсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi