Темір жолдардың әскериленген күзет қызметi қасында жүруге және
күзетуге жататын жүктер тiзбесiн бекіту тәртібі туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 ж. 22 маусымдағы
№ 697 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Темір жолмен тасылатын жүктердiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне Қазақстан Республикасы темір жолдарының әскериленген күзет қызметi қасында жүруге және күзетуге жататын (арнаулы жүктерден басқа) Жүктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен және Қорғаныс министрлігімен келiсе отырып, бекіту тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi