«Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының көлiк жөніндегі
комитетi директорының лауазымдық жалақысын белгiлеу туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылды 13 маусымдағы № 616 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Экономикалық ынтымақтастық Ұйымы хатшылығының көлiк жөніндегі техникалық комитетi директоры лауазымындағы Қазақстан Республикасы өкiлiнiң айлық жалақысы Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшiлiгi экономикалық Кеңесшiсiнiң жалақысы деңгейiнде 1530 АҚШ доллары көлемiнде белгiленсiн.
2. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Көлiк және коммуникациялар комитетiнiң директорын 1994 жылы ұстауға жұмсалатын 30 мың АҚШ доллары және 10 мың теңге сомасында шығыс сметасы бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған қаражатты 1994 жылғы республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының шетелдердегi өкiлдiктерiн ұстауға көздеген қаражат шегiнде Республика Сыртқы iстер министрлігіне бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi