Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы адамдары мен әскери қызметтен және iшкi iстер
органдарынан босатылған адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер (ақшалай
өтемақылар) туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 ж. 26 мамырдағы № 565 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 789 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
"1994 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 1529 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12 сәуірдегі № 1652 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1675 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, арнаулы әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiне (шақыру бойынша қызмет өткерiп жүргендерден басқаларына), iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына, сондай-ақ жасына, денсаулығына немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен, iшкi iстер органдарынан босатылған, 20 және одан да көп жыл қызмет өткерген адамдарға тұрғын жай, коммуналдық қызмет, отын, тұрғын үйдi күтiп ұстауға арналған пайдалану шығындары, пәтерге телефон орнату және пайдаланғаны, уақытша тұрғын жайды жалға алғаны (жалдағаны) үшiн 50 проценттiк ақы төлеу жөніндегі бұрын белгiленген жеңiлдiктер орнына бiр есептiк көрсеткiш мөлшерiнде ай сайын ақшалай өтемақы төлеу белгiленсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. № 987 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі республикалық бюджетте осы қаулының 1-тармағында аталған адамдарға ақшалай өтемақылар төлеуге арналған қаражатты көздейтiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Ақпарат қорғау жөніндегі мемлекеттік техникалық комиссия, Республикалық ұлан қолбасшысы, Азаматтық қорғаныс штабының бастығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметi бастығы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсе отырып, әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен әскери қызметтен және iшкi iстер органдарынан босатылғандарға ақшалай өтемақылар төлеу тәртібін белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi