«Еңбекті қорғау мамандарын даярлау, қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 10 мамырдағы № 493 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Еңбектi қорғау туралы" Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі:
кәсiпорындардың және еңбектi қорғау басқармалары органдарының еңбектi қорғау қызметтерiн кадрлармен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мамандықтар тiзбесiн мамандықтар немесе мамандандырулар атауларымен толықтырсын;
тиiстi оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеудi және бекiтудi қамтамасыз етсiн;
еңбектi қорғау мамандарын даярлау жөнiнде базалық жоғары оқу орындарын анықтасын.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігі Бiлiм министрлігімен, басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен, холдинг компанияларымен, бiрлестiктермен және концерндермен бiрлесiп, экономиканың еңбектi қорғау туралы мамандарға деген қажеттiлiгiн анықтасын және аталған мамандарды даярлау және қайта даярлау жоспарын бекiтсiн.
3. Кәсiпорындардың және еңбектi қорғау басқармалары органдарының еңбектi қорғау жөніндегі мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру жөніндегі жұмысты үйлестiру Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігіне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi