«Қазақстан Әуе жолы» Ұлттық акционерлік
авиакомпаниясының шет елдердегі өкілдіктері туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 сәуiрдегі № 440 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының шет елдермен байланысын одан әрi кеңейту мақсатында және әуе қатынасы туралы үкiметаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлік авиакомпаниясына өзiнiң шет елдердегi өкiлдiктерiн Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігінiң және Сыртқы iстер министрлігінiң келісімi бойынша ашу құқығы берiлсiн.
2. "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлік авиакомпаниясы Қазақстан Республикасының Көлiк министрлігімен және Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесе отырып "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлік авиакомпаниясының шетелдердегi өкiлдiктерi туралы Ереженi әзiрлеп бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бiрлесе отырып "Қазақстан әуе жолы" Ұлттық акционерлік авиакомпаниясының шетелдегi өкiлдiктерiнiң ағымдағы және басқа шоттар ашуын және олар бойынша шетел валютасымен операциялар жасау тәртібін белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi