«Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы
Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң штат саны туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 16 қыркүйектегі № 894 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң штат саны осы жүйедегi қызметкерлердiң жалпы саны есебiнен 50 адамға көбейтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыдан туындаған шығынның шектi сомасына тиiстi өзгертулер енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi