Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 1993-1995
және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған тұжырымдамалық
бағдарламасын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қарашадағы № 1196 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 301 қаулысымен күші жойылды
Егемендiктi нығайту және нарыққа көшу жағдайында Қазақстан Республикасы агроөнеркәсiп кешенiнiң ғылыми негiздi және тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы облыстар әкiмдерiнiң, Экономика министрлігінiң, Ауыл шаруашылығы министрлігінiң, республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволарының ұсыныстары мен ескертпелерiн ескере отырып әзiрлеген, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Агроөнеркәсiп кешен кеңесi ұсынған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 1993-1995 және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған Тұжырымдамалық бағдарламасы (қоса берiлiп отыр) мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, басқа да министрлiктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, облыстардың әкiмдерi республиканың әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын жасау барысында Тұжырымдамалық бағдарламаның негiзгi ережелерiн жүзеге асыру жөніндегі қажеттi ұйымдық шараларды жүзеге асырсын.
2. Облыстардың әкiмдерi аталған Тұжырымдамалық бағдарламаның негiзiнде 1994 жылғы 1 наурызға дейiн агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi аймақтық (облыстық, аудандық) бағдарламасын әзiрлесiн.
Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi және ведомстволарымен бiрлесе отырып агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың аймақтық тұжырымдамасын әзiрлеуде облыстардың әкiмдерiне көмек көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi