Темір жолмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің қаулысы 26 қазан 1993 ж. № 1059
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 258 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң темір жол көлiгiмен жүк тасымалдауда бiрыңғай тарифтiк саясатын жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Көлiк министрлігінiң 1993 жылғы 27 қазаннан бастап мемлекетаралық қатынаста жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiнiң деңгейiне тарифтi 1,5 есе (қосылған құн салығынсыз) арттыру шектi коэффициентiн белгiлеу туралы Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетiмен және Қаржы министрлігімен келісілген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi