«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң жекелеген мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 5 ақпан 1993 ж. № 89 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
Экономикалық реформаны одан әрi тереңдету, республикада мемлекеттік меншiктi жекешелендiру процестерiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 40 адамға көбейтiлсiн.
2. Комитет аппараты санының шегiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетi Төрағасының қосымша екi орынбасарының лауазымы енгiзiлсiн.
Алқа мүшелерiнiң саны 2 адамға көбейтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң орталық аппараты Қазбек би көшесiнiң 66-үйіндегі мекен-жайға орналастырылсын.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң қызметкерлерiне тиiстi тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар туғызу үшiн Экономика министрлігі мемлекет қаражаты есебiнен комитет жүйесiне тұрғын үйлер бөлудi көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі жыл сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне жекешелендiрiлген объектiлердi тiркеу жөнiнде бiртұтас жүйе құруы үшiн есептеу мен ұйымдық техникаға арналған қор бөлiп отырсын.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiк жөніндегі мемлекеттік комитетiне қызмет бабында пайдаланылатын екi жеңiл автомобильге қосымша лимит бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi