Мұнай кәсiпшiлiгi жабдықтарын шығаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 27 қазан
1992 ж. № 902
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Мұнай өндiрушi өнеркәсiптi бiрiншi кезекте дамытуға және оны машиналармен және жабдықтармен қамтамасыз ету iсiне мемлекеттік тұрғыда маңыз бере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі:
1992 жылы Петровский атындағы зауытта СКД-6 тектес тербелме станоктардың 100 данасын, ал 1993 жылдан бастап жылына кем дегенде 250 данадан жасап шығаруды;
Петровский атындағы зауытының бұйымдардың алғашқы тобын шығаруға байланысты артық жұмсаған 25 миллион сом шығынын өтеудi;
"Қазауырөнеркәсiпарматура" өндiрiстiк бiрлестiгiнде бағандық қалпақшалардың, фонтандық және энергетикалық арматураның әр атауы бойынша 5 данадан бiрiншi өнеркәсiптiк тобының 1993 жылғы қаңтардан бастап шығаруды ұйымдастырсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы Петровский атындағы зауытқа өндiрiстi техникалық жағынан әзiрлеу үшiн инвестициялық қор есебiнен 25 миллион сом мөлшерiнде жеңiлдетiлген несие бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкiсiнен:
1992 жылы Петровский атындағы зауыт пен "Қазауырөнеркәсiпарматура" өндiрiстiк бiрлестiгiне жаңадан игерiлетiн өнiмдер үшiн шикiзат, жинақтаушы материалдар сатып алуға тиiсiнше 57 және 60 миллион сом мөлшерiнде жеңiлдетiлген несие бөлу туралы;
"Қазауырөнеркәсiпарматура" өндiрiстiк бiрлестiгiне республика iшiндегi ведомстволардың өзара есеп айырысуы үшiн берiлген 32,45 миллион сом мөлшерiндегi несие бойынша төлену мерзiмiн 1992 жылғы 1-желтоқсанға дейiн ұзарту туралы сұралсын.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлігі, Мемэкономкомы, Өнеркәсiп министрлігі 1992 жылғы 1-желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында мұнай кәсiпшiлiгiне аса дiлгір жабдықтарды шығару бағдарламасын әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi