Қазақстан Республикасының уран кен орындары бойынша запасы және
геологиялық-экономикалық сипаттамасы туралы мәлiметтi ашу
туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы
27 тамыз 1992 ж. № 708
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiкке (АТЭХАГ) енгізу әрi уран және оның өнiмдерiн сатуға республика үшiн квота алу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Уванас, Қанжуған, Жалпақ, Мойынқұм, Мыңқұдық, Қарамұрын, Еркөл, Қолжат, Төменгi iле, Сұлушоқы уран кен орындары бойынша запас пен геологиялық-экономикалық сипаттама туралы мәлiмет ашылсын.
2. Баспасөзде жариялау және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiкке, Лондондағы уран институтына және басқа халықаралық ұйымдарға беру үшiн Қазақстан Республикасындағы уранның жиынтық запасы мен ресурстары жөнiнде мәлiмет ашылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi