2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Жоғары тұрған кеден органының осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 178-бап жаңа редакцияда
178-бап. Шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, жоғары тұрған кеден органы шағым бойынша шағым тіркелген күннен бастап - отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымы бойынша - шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжделген шешім шығарады.
2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 221-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.
Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.
Шағым ол жасалатын мәселелер шегінде қаралады.
Осы Кодекстің 173-бабы 2-тармағында аталған тұлға шағымды қарауға өзі тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда жоғары тұрған кеден органы мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын айқындауға құқылы.
Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау кезiнде:
шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сауалдарды жіберуге;
мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сауалдар жіберуге;
шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген адаммен кездесу өткізуге;
кеден органдарының кедендік бақылауды жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.
Жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау жөніндегі өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 179-бап жаңа редакцияда
179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару
1. Шағымды мәнi бойынша қарау аяқталғаннан кейін жоғары тұрған кеден органы жазбаша нысанда шешiм шығарады және оны шағымды берген тұлғаға жiбередi немесе тапсырады, ал көшірмесін хабарламаны шығарған кеден органына жібереді.
2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша жоғары тұрған кеден органы мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
шағым жасалған хабарлама өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.
3. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау нәтижелері туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған жоғары тұрған кеден органының шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 180-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту
1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:
1) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сауалдар жіберілген жағдайда - жауаптарды алған күнге дейін;
2) шағымды қарау барысында тағайындалған, жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізу - тексеру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2. Жоғары тұрған кеден органы шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.
3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталған адам шағымға қосымшаларды ұсынған жағдайда он бес жұмыс күніне ұзартылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 181-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
181-бап. Жоғары тұрған кеден органы шешімінің нысаны мен мазмұны
Жоғары тұрған кеден органының шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шағымды қараған кеден органының атауы;
3) шағым берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) не оның толық атауы;
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
3-1) сәйкестендіру нөмірі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) шағым жасалатын хабарламаның қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәні;
6) кеден органы шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 182-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 182-баптың тақырыбы өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
182-бап. Жоғары тұрған кеден органына немесе сотқа шағым беру салдарлары
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жоғары тұрған кеден органына немесе сотқа шағым беру шағым жасалатын бөлігінде хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары тұрған кеден органына шағым берген кезде шағым жасалған бөлiгiнде хабарламаның орындалуы жоғары тұрған кеден органының жазбаша шешiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.
Сотқа шағым (арыз) берілген жағдайда шағым жасалған бөлігінде хабарламаның орындалуы сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдап алған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
3-БӨЛІМ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
20-тарау. Кедендік бақылау туралы жалпы ережелер
183-бап. Кедендік бақылау жүргізудің принциптері
1. Кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Кеден одағы кеден заңнамасының және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті кедендік бақылаудың нысандарымен ғана шектеледі.
2. Кедендік бақылаудың объектілері мен нысандарын таңдаған кезде тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.
3. Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден органдарымен ынтымақтасады.
4. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен, уәкілетті экономикалық операторлармен, кеден өкілдерімен, кедендік тасымалдаушылармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға байланысты тұлғалармен және олардың қауымдастықтар (одақтар) түріндегі кәсіби бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Кеден органдары өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылаудың өзге де түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациялық бақылауды жүзеге асырады.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізуге қандай да бір рұқсаттар, ұйғарымдар не қаулылар, сондай-ақ оларды өзге де бақылаушы органдарда тіркеу талап етілмейді.
184-бап. Кедендік бақылау жүргізу
1. Кеден органдары кедендік бақылауды Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізеді. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
2. Кеден органдарының лауазымды адамдары кедендік бақылауды:
1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялауға жататын тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына;
2) Кеден одағының кеден заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табыс ету көзделген кедендік декларацияға, тауарлар туралы құжаттар мен мәліметтерге;
3) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге, кеден ісі саласында қызметтер көрсетуге байланысты тұлғалардың қызметіне, сондай-ақ жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтерге;
4) Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өтетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
3. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлік құралдары және олар туралы мәліметтері, оның ішінде электрондық нысандағы мәліметтері бар құжаттар орналасқан, кеден органдары белгілейтін басқа да жерлерде жүргізіледі.
185-бап. Кедендік бақылаудағы тауарлар
1. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда болады.
Қазақстан Республикасының аумағында пайда болған және орналасқан, осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін иеленген тауарлар пайда болған кезден бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар:
1) шартты түрде шығарылған тауарларды немесе кері импортты қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырғанға;
2) шартты шығарылған тауарлар осы Кодекстің 301-бабының 5-тармағына сәйкес Кеден одағының тауары мәртебесін иеленгенге;
3) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастырғанға немесе жойылғанға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне айналдырылғанға;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілгенге;
6) шетелдік тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз затқа жатқызғанға;
7) кедендік аумақта қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бөлігін өндірістік шығындар деп танығанға дейін кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар аварияның салдарынан немесе еңсерілмейтін күштің әсерінен не тасымал (көлікпен тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи азаю нәтижесінде жойылу (қайтарымсыз жоғалу) фактісін кеден органдары танығаннан не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) заңнамасында белгіленген жағдайларда өзге де мән-жайлар туындағыннан кейін кедендік бақылаудағы тауарлар деп есептелмейді.
4. Тауарлар оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде кедендік декларацияны немесе кедендік декларация ретінде пайдаланылатын өзге де құжаттар тіркелген, не тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекет жасалған кезден бастап, олар Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткенге дейін кедендік бақылауда болады.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан іс жүзінде әкетілмеген, осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 290-бабына сәйкес кедендік декларация қайтып алынған күннен бастап кедендік бақылаудағы болып саналмайды.
6. Кеден органдары тұлғалардың тауарларды, оның ішінде тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде алынған тауарларды, егер осындай тауарлар осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімдерге сәйкес міндетті кері әкелу немесе әкетуге жататын болса, кері әкелу немесе әкету туралы міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен теңіз және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте, шетелдік кемелер мен басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) жөніндегі әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүргізіледі.
Тауарлар мен оларға жасалған құжаттарға кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында автомобиль көлік құралдарын кедендік бақылау аймағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда мұндай бақылаудың уақыты екі сағаттан аспауға тиіс. Мұндай бақылауды жүзеге асыру туралы Комиссияның шешімімен айқындалатын нысанда акт жасалады, оның бір данасы тасымалдаушыға беріледі.
186-бап. Кедендік бақылау аймақтары
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік-логистика орталықтарында, сондай-ақ кедендік декларациялау және өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсаттары үшін кеден органдары кедендік бақылау аймақтарын құрады. Уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және еркін қоймалардың, арнайы экономикалық аймақтардың, бажсыз сауда дүкендерінің аумақтары да кедендік бақылау аймақтары болып табылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кедендік бақылау аймақтары кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе кеден басшысының (оны алмастыратын адамның) өткізу пункттерінің, көлік-логистика орталықтарының аумақтарында, кедендік декларациялау және осы Кодексте көзделген, өзге де кедендік операциялар жүргізу орындарында кедендік бақылау аймақтарын құру туралы бұйрығының негізінде құрылады.
3. Кедендік бақылау аймақтарының шекаралары шартты сызықпен шектеледі және:
1) кедендік рәсімдер өткізу орындарында - өлшемдері: биіктігі - 50 сантиметр, ені - 100 сантиметр болатын белгілермен белгіленеді. Белгінің көк түсті тақтасына биіктігі 10 сантиметр және ені 3,7 сантиметр ақ түсті әріптермен, үш жолға, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Кедендік бақылау аймағы» деген жазу жазылады;
2) суда жарық шағылыстырғыш бояудың көмегімен орындалған «Кедендік бақылау аймағы» деген жазуы бар қызыл түсті қалтқылармен белгіленеді.
4. Кедендік бақылау аймақтарына жіберу:
1) кедендік бақылау аймақтарында қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тиісті бақылаушы органдарының лауазымды адамдары үшін, қызметтік куәлікті ұсынған кезде, тұрақты рұқсат қағазы;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдары үшін қаулы;
3) лауазымдық міндеттерін орындау тікелей кедендік бақылау аймағында болумен байланысты ұйымдардың лауазымды адамдары үшін рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.
Тұрақты рұқсат қағаздары тиісті бақылаушы органдардың, ұйымдардың немесе кәсіпорындардың жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бір жыл мерзімге беріледі және оған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің не кеденнің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Рұқсат қағаздарын арнайы журналда тіркеуді аталған рұқсат қағазын берген кеден органы жүргізеді.
4) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың лауазымды адамдары кедендік бақылау аймағында қысқа уақыт болуымен тікелей байланысты өздеріне жүктелген функцияларды орындау мақсатында оларға берілетін уақытша рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.
Уақытша рұқсат беру қағаздары адамның кедендік бақылау аймағында уақытша болу мерзіміне, оның жазбаша өтініші негізінде беріледі.
5. Рұқсат қағаздарын ресімдемей, кедендік бақылау аймағына жіберу:
1) қызметтік куәлікті ұсынған кезде - кедендік бақылау аймағында өздеріне жүктелген функцияларды өз жұмыс уақыты кезеңінде орындайтын кеден органдарының лауазымды адамдарына;
2) кедендік бақылау аймағындағы тауарлар мен көлік құралдарына өкілдік ететін адамдарға, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасынан кесіп өтетін жеке тұлғаларға қатысты жүзеге асырылады.
Кеден органының лауазымды адамдарының өз жұмыс уақытынан тыс кезде кеден органы басшысының рұқсатынсыз кедендік бақылау аймағында болуына жол берілмейді.
6. Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы және оның шегінде тауарлар мен көлік құралдарының өтуіне кеден органының рұқсатымен жол беріледі.
7. Өндірістік және өзге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, аталған қызмет уақытша сақтау орнының немесе қоймасының, еркін қойманың, кеден қоймасының және бажсыз сауда дүкенінің мақсатына сәйкес келген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ режимдік объектілердің кедендік бақылау аймақтарында болуына жол берілмейді.
187-бап. Кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну
1. Декларант, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда табыс етуге міндетті.
2. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратуға және оларды табыс ету мерзімін белгілеуге құқылы.
Кеден органы белгілейтін мерзім сұратылған құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуға тиіс.
3. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.
4. Тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу мақсатында кеден органдары коммерциялық және бухгалтерлік құжаттарды, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге, оларды шығаруға және Кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тыс жерде пайдалануға қатысты өзге де ақпаратты, соның ішінде электрондық нысанда сұратуға және алуға құқылы.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге мерзім белгіленбесе, тұлғалар және кеден органдары кедендік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін бес жыл бойы сақтауға тиіс.
188-бап. Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау
Кеден органдары тауарлар шығарылғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған кезден бастап бес жыл бойы кедендік бақылау жүргізеді.
Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау осы Кодекстің 21 және 24-тарауларында белгіленген нысандарда және тәртіппен жүргізіледі.
189-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезіндегі кедендік бақылау
Кеден органдары кедендік бақылауды аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезінде мұндай тауарлардың Кеден одағы кеден заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес шығарылу фактісін растайтын мәліметтерді тексеру, оның ішінде Кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелудің заңдылығын растау үшін тауарларда пайдаланылатын таңбалаудың немесе өзге де сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру мақсатында жүргізеді.
190-бап. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде маманның қатысуы
1. Қажетті жағдайларда кедендік бақылауды жүргізу кезінде нақты әрекеттер жасауға қатысу үшін, мұндай әрекеттердің нәтижесіне мүдделі емес, кеден органдарына жәрдем ету үшін, оның ішінде техникалық құралдарды қолдану кезінде қажет болатын арнайы білімі мен дағдылары бар маман тартылуы мүмкін.
2. Маман ретінде тұлғаны тарту шарт негізінде жүзеге асырылады.
3. Маман:
1) оның қатысуымен жүзеге асырылатын нақты іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты материалдармен танысуға;
2) өзі қатысқан кедендік бақылауды жүргізу кезінде іс-әрекеттер жасау нәтижелері бойынша ресімделетін құжаттармен танысуға және жасаған іс-әрекеттері бойынша мұндай құжаттарға енгізілуге тиіс өтініштер немесе ескертулер жасауға құқылы.
4. Маман:
1) арнайы білімді талап ететін іс-әрекеттер жасауға қатысуға, жасайтын іс-әрекеттері бойынша түсіндірме беруге;
2) аталған іс-әрекеттер жасау фактісін, олардың мазмұны мен нәтижелерін өз қолымен куәландыруға міндетті.
5. Маман өзі алған мемлекеттік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты, сондай-ақ өзге де жасырын ақпаратты жарияламауға, өзге де мақсаттарда пайдаланбауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға бермеуге тиіс.
6. Егер кедендік бақылауды жүргізу барысында Кеден одағының кеден заңнамасының бұзушылықтары анықталса, кеден органдарының маманды тартуға байланысты туындаған шығыстары оған немесе оның тауарларына қатысты кедендік бақылау жүргізілетін тұлғаның қаражаты есебінен өтеледі. Өзге жағдайларда көрсетілген қызмет үшін мұндай төлем Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
191-бап. Кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тарту
1. Кеден органдары кедендік бақылауды жүргізуге жәрдем ету үшін басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
2. Басқа мемлекеттік органдардан тартылатын мамандар мен сарапшылар мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты жасырын ақпаратты жария етпеуге міндетті.
3. Басқа мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға байланысты шығыстар, егер бұл жұмыс олардың қызметтік міндеттері шеңберіне кірмесе, осы Кодекстің 190-бабының 6-тармағында айқындалған тәртіппен өтеледі.
192-бап. Кеден одағының кедендік шекарасында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл
1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және басқа мемлекеттік бақылаушы органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мұндай әрекеттерді жалпы үйлестіруді және бірлескен актіде айқындалған тәртіппен бірлескен бақылауды бір мезгілде өткізуді қамтамасыз етеді.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендік бақылау мен мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады.
3. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау Кеден одағының кедендік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте кедендік тексеріп қарау актісі жасалады.
192-6аптың 4-9-тармақтары 2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру радиациялық бақылау болып табылады.
Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді.