3) мәмілелерден, оның ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлға жасасқан мәмілелерден туындаған;
4) соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін борышкер салықтық есептілікке сәйкес есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер борышкердің орындауына жатады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлардың оңалту рәсімі қолданылғанға дейін туындаған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарын қанағаттандыру, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигіне сәйкес жүргізіледі.
Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигі осы Заңның 100-бабының 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында және 101-бабының 1-тармағында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып жасалады.
Өткен салықтық кезеңдер және соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезең үшін салық төлеуші салық есептілігінде есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне және оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
3. 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Кепілді кредитор:
1) өзінің заңды мүдделеріне қатер төндіретін, осы Заңды бұзушылықтар анықталған;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осындай кредитордың талаптарын қанағаттандыру графигі бұзылған;
3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құны өз мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғатындай төмендеген;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкердің қызметін жалғастыру немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылар сотқа осындай жүгіну туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент борышкердің синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
78-бап. Санация
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Егер борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сәйкес санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс.
Дара кәсіпкер - борышкерді оңалту жоспарында санация қамтылмайды.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдай алады. Бұл жағдайда, борышкерді басқаруды санацияға қатысушы немесе ол тағайындаған тұлға оңалтуды басқарушы үшін көзделген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар санацияға қатысушыға қолданылмайды.
3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан оның осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындауы мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 79-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
79-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдаған екi және одан да көп тұлға қатысса, олар кредиторлар алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлу, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауаптылық, борышкерді басқаруға қатысу тәртiбi көзделетiн келiсiм жасасуға тиiс.
80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы, егер еңсерілмейтін күштiң әсері немесе кредиторлардың не борышкердің, борышкер мүлкi меншік иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның) әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, борышкер таратылғаннан кейiн оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
Егер келiсiмде өзгеше көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан кезде, олар ортақ жауаптылықта болады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесін өзіне қабылдамаған санацияға қатысушының жауаптылығы кредиторлар комитетi бекiткен, қатысушының оңалтуды басқарушымен келiсiмімен айқындалады.
81-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санация мақсатына қол жеткізілуіне байланысты оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген міндеттемені өзіне қабылдаған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің негізінде өзі инвестициялаған қаражат сомасында шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мүліктің меншік иесі уәкілеттік берген мемлекеттік орган шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады. Егер борышкер өндірістік кооператив болып табылса, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы құқығына ие болады.
Көрсетілген шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiр мезгілде ұсынылуға тиiс.
Мұндай жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгiнің жарғылық капиталының мөлшерi жарғылық капитал екi жыл ішінде белгiленген мөлшерлерге дейiн толықтырылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден кем болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда борышкер мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
82-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген;
2) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімімен борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтуды басқарушының өтінішіне қорытынды есеп қоса беріледі.
2. Оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы оңалту жоспарын келіспеген не осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде борышкер оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
3. Борышкер - заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы):
1) оңалту жоспарын іске асыру нәтижесінде өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
2) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
3) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайда, оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаға жүктелген жағдайда, осы тармақтың ережелері борышкер - дара кәсіпкерге қолданылады.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкерді оңалту жоспарын іске асыру өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
2) оңалтуды басқарушының әрекеттері (әрекетсіздігі) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
3) кредиторлар жиналысын өткізу туралы тиісінше хабардар етілмеген кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда оңалту рәсімі тоқтатылады.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту
1. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту соттың оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Оңалту рәсімі барысында борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатқызылатыны және оны банкрот деп тану үшін негіздер бар екендігі туралы қорытынды жасалған жағдайда, оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып, оңалтуды басқарушы жасайды.
3. Оңалту рәсімі барысында оңалтуды басқарушы борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны:
1) кредиторлар комитеті осы Заңның 71-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көзделген ақпаратты қарау нәтижелері бойынша осындай қорытындыны жасау қажеттігі туралы шешім қабылдаған;
2) борышкер кредитор алдындағы талаптарды қанағаттандыру графигін үш айдан аса орындамаған кезде осындай кредитордың өтінішхатын алған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасайды.
4. Оңалтуды басқарушының сотқа жүгінуі туралы шешім қабылданған кезде кредиторлар жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын бір мезгілде сайлауға міндетті.
5. Сот оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен бірге азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім шығарады.
6-тарау. БАНКРОТТЫҚ РӘСІМІ
84-бап. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі тоғыз айды құрайды және оны кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде екі жылға дейін ұзартуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін осындай рәсімді жүргізудің жалпы мерзімі бес жылдан аспауға тиіс екені ескеріліп, қайта ұзартуға жол беріледі.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі қайта ұзартылған жағдайда банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы және басқа да әкімшілік шығыстар осындай ұзартуға дауыс берген кредиторлардың қаражаты есебінен олардың кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарының сомасына пропорционал төленеді.
Банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
2. Мыналар:
1) соттың іс жүргізуінде борышкер мен оның кредиторларының мүліктік мүдделерін қозғайтын істің болуы;
2) өткізілмеген мүліктің болуы;
3) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) қорытынды есепті бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымында көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі;
5) уәкілетті орган анықтаған, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттілігі банкроттық рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту үшін негіз болып табылады.
85-бап. Банкроттық рәсіміне қатысушылар
Мыналар:
1) банкроттық туралы істі қарайтын сот;
2) уәкілетті орган;
3) банкрот;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) банкрот мүлкiнің меншiк иесі (ол уәкілеттік берген орган), қатысушылар (құрылтайшылар);
5) кредитор;
6) уақытша және банкроттықты басқарушылар;
7) басқа да мүдделі адамдар банкроттық рәсіміне қатысушылар болып табылады.
86-бап. Соттың банкроттық рәсіміндегі өкiлеттiктерi
Банкроттық рәсімінде соттың мынадай өкiлеттiктерi болады:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) банкроттық рәсімін қозғайды және тоқтатады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын органға, уәкілетті органға, жеке сот орындаушыларының палатасына және борышкердің орналасқан жері бойынша аумақтық әділет органына борышкерді банкрот деп тану туралы шешiм шығарылғанын хабарлайды;
3) банкрот жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iстердi өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
4) 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) банкроттық рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) кредитордың өтініші бойынша әкімшілік шығыстар не банкроттық рәсімін жүргізу мақсаттары үшін алынған қарыз мөлшерінің негізділігін қарайды.
87-бап. Банкроттық рәсімін қозғау салдарлары
1. Сот борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы шешiм шығарған күннен бастап:
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне, құрылтайшыларына (қатысушыларына), барлық органдарына мүлікті пайдалануға және өткізуге, сондай-ақ міндеттемелерді өтеуге тыйым салынады;
2) банкроттың барлық борыштық мiндеттемелерiнiң мерзiмдерi өтті деп есептеледі;
3) банкрот берешегiнiң барлық түрлерi бойынша тұрақсыздық айыбын және сыйақыларды (мүдделерді) есепке жазу тоқтатылады;
4) сотта банкроттың қатысуымен қаралатын мүлiктiк сипаттағы даулар, егер олар бойынша қабылданған шешiмдер заңды күшiне енбесе, тоқтатылады;
5) үшінші тұлғалардың кепілдіктері мен кепілгерліктерін орындау бойынша талаптарды, сондай-ақ үшінші тұлғалар кепіл беруші болатын жағдайларда кепіл нысанасын өндіріп алуды қоспағанда, банкротқа банкроттық рәсімі шеңберінде ғана талаптар қойылуы мүмкін;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) әкімшінің өтініші және борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің ұсынылған көшірмесі негізінде банкрот мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкер шоттарына қойылған инкассолық өкімдер, мүлікке тыйым салулар және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алып тасталады;
7) банкроттың мүлкіне жаңадан тыйым салу және банкроттың мүлкіне иелік етуге өзге де шектеулер қою мәмілені жарамсыз деп тану туралы және банкротқа қойылған, мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету туралы қуынымдары бойынша ғана жол беріледі.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Соттың банкроттық рәсімін қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күнге сатып алушыға берілмеген банкрот мүлкі банкроттың мүліктік массасының құрамына енгізіледі, ал кредитор немесе сатып алмаған сатып алушы орындалмаған міндеттеме бойынша банкроттық рәсімі шеңберінде борышкерге өз талаптарын қоюға құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88-бап. Уақытша басқарушының өкілеттігі
1. Уақытша басқарушы:
1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзіне өтеусіз негізде берілуге тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса алғанда, борышкер, оның мүлкі туралы ақпаратты сұратуға;
2) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
3) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап және оны қарау аяқталғанға дейін уақытша басқарушы:
1) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік құжаттары негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға;
2) сотқа борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны ұсынуға;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылғаннан кейін және банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін уақытша басқарушы:
1) борышкер банкрот деп танылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға борышкерді банкрот деп тану туралы жарияланымды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде жіберуге;
2) борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органнан соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы және қозғалысы туралы ақпаратты сұратуға;
3) банкроттың жұмыскерлерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартының алдағы уақытта тоқтатылатыны туралы хабардар етуге;
4) банкроттың лауазымды адамдарынан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыруға;
6) кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптарын сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен есепке алуды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге;
7) банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізуге және түгендеу бойынша есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынуға;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) сот борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кепілді кредиторға және (немесе) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агентке кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсыныс жіберуге;
9) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
10) кредитордың, банкрот - дара кәсіпкердің, банкрот - заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) жазбаша сұрау салуы негізінде банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға;
11) кредиторлар жиналысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар етуге;
12) сот борышкер мен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын акт шығарған жағдайда, осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарау үшін өтініші бойынша банкроттық туралы іс қозғалған кредиторға не борышкерге оның көшіремесін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға;
13) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;
14) банкроттықты басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
15) соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, борышкерге тиісті сот актісі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
16) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
89-бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Банкроттықты басқарушы:
1) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кредиторлар жиналысының келісімімен банкроттық рәсімін жүргізу үшін қарыз алуға;
2015.13.11. № 399-V ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) осы Заңда көзделген тәртіппен бітімгершілік келісім жасасуға;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасауға;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл ішінде қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен жасалған және мүлікті шығаруға алып келген борышкердің қайта ұйымдастырылуын жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Банкроттықты басқарушы:
1) тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша басқарушыдан құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, банкроттың мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды қабылдауға;
2) тағайындалғанынан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот оған тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өзіне өтеусіз негізде берілуге тиіс растайтын құжаттардың көшірмелерін, егер оған уақытша басқарушы көрсетілген ақпаратты және құжаттарды бермеген болса, талап етіп алдыруға;
3) тағайындалғанынан кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органнан соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы ақпарат сұратуға;