ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат):
1) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі - Сот төрелігі академиясы) қолданылмайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
«5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Сот төрелігі академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
7) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамалау, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) Сот төрелігі академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) Сот төрелігі академиясына қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) Сот төрелігі академиясының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
11) Сот төрелігі академиясының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Сот төрелігі академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
13) Сот төрелігі академиясында білім алу нысандары мен технологияларын айқындайды;
14) Сот төрелігі академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.»;
4) 26-баптың 1-тармағындағы «Әскери» деген сөз «Сот төрелігі академиясын, әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 29-баптың 2-тармағының төртінші абзацы «әскери» деген сөздің алдынан «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 39-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша «сондай-ақ» деген сөзден кейін «Сот төрелігі академиясында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «әскери» деген сөздің алдынан «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 43-1-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі «құзыреті» деген сөзден кейін «Сот төрелігі академиясына,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 52-баптың 8-тармағы «әскери» деген сөздің алдынан «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 57-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру саласындағы қызметін лицензиялау - біліктіліктер бойынша, Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша жүргізіледі.
Бұл ретте білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияға қосымшада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес біліктіліктер бойынша, Сот төрелігі академиясы, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтардың топтары бойынша шифр, атауы, оқыту мерзімі көрсетіледі.»;
10) 62-баптың 4-тармағының екінші бөлігі және 5-1-тармағы тиісінше «көлемі», «қаржыландыру» деген сөздерден кейін «Сот төрелігі академиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 63-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекітетін әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларына сәйкес әскери, арнаулы оқу орындары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде беруге де құқылы.
Сот төрелігі академиясының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және оның тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды қарамағында әскери, арнаулы оқу орындары бар мемлекеттік органдардың бірінші басшылары осы оқу орындары басшыларының ұсыныстары бойынша бекітеді.
Сот төрелігі академиясының тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды Сот төрелігі академиясы Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.».
2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 123-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат):
15-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі жөніндегі уәкілетті органда және оның аумақтық бөлімшелерінде «Б» корпусының мемлекеттік əкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады.».
3. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 173-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат):
1) 1-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеңес аппараты туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
2) 3-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі - аудандық сот) төрағасының, судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі - облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттар іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады:
конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың төрағасы мен судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды;»
3) тармақшаның бірінші және екінші абзацтарындағы «және сот алқалары төрағаларының» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшада:
алтыншы абзацтағы «Сот жюриінің біліктілік комиссиясы» деген сөздер «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта:
«тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін,», «немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін» деген сөздер алып тасталсын;
«Сот жюриінің» деген сөздер «Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін немесе «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын орындамағаны үшін Сот жюриінің шешімі негізінде Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды;»;
13) тармақшадағы «мамандандырылған магистратураны» деген сөздер «Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) аудандық сот төрағасының, облыстық соттың төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі - кадр резерві) қалыптастырады;»;
17) тармақшадағы «Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді;»;
3) 4-бапта:
1-тармақта:
екінші бөліктегі «Мемлекеттік қызмет істері министрін» деген сөздер «мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның басшысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Судьялар одағының» деген сөздер «заңгерлер жұртшылығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы судьялар қатарынан кандидаттарды сайлайды және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңес мүшелері етіп тағайындауы үшін ұсыным жасайды.
Кеңес құрамына судьялардың кандидатуралары Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында аудандық және облыстық соттар, сондай-ақ Жоғарғы Сот судьяларының Кеңесте тең өкілдік етуін қамтамасыз ету ескеріле отырып, облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары ұсыным жасаған кандидаттар қатарынан қаралады.
Судьялар Кеңес мүшелерінің кемінде жартысын құрайды.
3. Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін үш жыл жүзеге асырады.
Бұл ретте Кеңес Төрағасын және лауазымы бойынша Кеңес мүшелерін қоспағанда, Кеңес мүшелерінің жартысы бір жарым жыл сайын қайта тағайындалады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кеңестің заңгер-ғалымдар мен адвокаттар қатарынан шыққан мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Кеңеске республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жүргізіледі және Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кеңес мүшесінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
1) өз қалауы бойынша;
2) шетелдік сарапшыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату;
3) кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;
4) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы не медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
5) айыптау үкімінің заңды күшіне енуі, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатыда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде тоқтатылуы;
6) қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
7) судьяның өкілеттіктерін тоқтату;
8) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату және одан айыру;
9) Кеңес құрамына қосуға негіз болған мән-жайлардың қолданысының тоқтатылуы;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздердің туындауы.»;
4) 5-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Кеңес аппаратының құрылымын бекітеді;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, судьялардың кеңестеріне, облыстық соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысуға құқылы;»;
7) тармақшадағы «қызметінде регламенттің» деген сөздер «регламентінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 6-баптың 1-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер және судья қоғамдастығы органдары, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отырыстарының жұмысына қатысуға;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Кеңес отырысында қарау үшін шығарылатын мәселелер тізбесі бойынша ұсыныстар енгізуге;»;
6) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;»;
7) 9-баптың 1-тармағындағы «Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын регламентте» деген сөздер «, оның ішінде шешімдер қабылдау және дауыс беруді өткізу тәртібі Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданатын Кеңес регламентінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кеңестің соттардың кадр мәселелері, судьялардың тәртіптік жауаптылығы және олардың жұмыс сапасын бағалау жөніндегі шешімдері өзіне қатысты мәселе қаралып жатқан адамның, сондай-ақ шақырылған өзге де адамдардың қатысуынсыз, оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің кемінде үштен екі даусымен қабылданады.
Кеңестің өзге, оның ішінде рәсімдік мәселелер жөніндегі шешімдері оның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
9) 11-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия өз құрамынан ротациялық негізде жіберетін екі судья;»;
5) тармақшадағы «өзге де жұртшылық» деген сөздер «заңгерлер жұртшылығының өзге де» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Комиссияның отырыстарына байқаушылар шақырылуы мүмкін.»;
11) 13-бапта:
1-тармақ «тапсыру» деген сөзден кейін «, олардың нәтижелеріне шағым жасау» деген сөздермен толықтырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген адамдар оқуды бітірген күннен бастап төрт жыл бойы біліктілік емтиханын тапсырудан босатылады.
5. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар біліктілік емтихандарын тапсыруға жіберілмейді.»;
7-тармақтағы «бір жылдан» деген сөздер «алты айдан» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Біліктілік емтиханын тапсыру рәсімі мыналарды қамтиды:
психологиялық тестілеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін компьютерлік тестілеу;
жазбаша эссе;
сот практикасынан жағдайларды модельдейтін есептерді шешу (кейстегі есептерді шешу) негізінде үміткердің меңгерген білімін практикада қолдану қабілетін тексеру;
біліктілік емтиханы кезеңдерінің бірімен қатар болуы мүмкін Комиссия мүшелерімен әңгімелесу.
Біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі Кеңес шешімімен белгіленеді.
Судья лауазымына біліктілік емтиханы сұрақтарының санын, мазмұнын, әзірлеу тәртібін және тізбесін Кеңес айқындайды.»;
12) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту
Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тарту туралы шешімді Комиссия төрағасы қабылдайды және бұған судьялыққа кандидаттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайларда жол беріледі.
Біліктілік емтихандарын қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Комиссия төрағасы өтініш берілген немесе осы Заңның 13-бабының 2-тармағында көрсетілген арнайы тексерудің нәтижелері алынған күннен бастап бір ай ішінде азаматқа уәжді жауап беруге міндетті.»;
13) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған адамдар психологиялық тестілеу нәтижелері ескеріле отырып, Кеңестің шешімі бойынша қосымша ақпарат алу және хабарланған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберілуі мүмкін.»;
14) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсыным шығару»;
15) 16, 17 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Судья лауазымына конкурс
1. Кеңестiң аудандық сот төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына тағайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелерi бойынша берiледi.
2. Конкурс жариялау туралы шешімді жыл сайын Кеңес бекітетін және Кеңестің интернет-ресурсында орналастырылатын конкурстар өткізу графигінің негізінде Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес Төрағасы қабылдайды.
Конкурстар өткізу графигі алдыңғы жылдың соңында бекітіледі және оның ішінде мына мәліметтерді қамтиды:
1) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі;
2) конкурс жарияланатын бос орындардың санаты (аудандық соттардың судьялары мен төрағалары, облыстық соттардың судьялары мен сот алқаларының төрағалары, Жоғарғы Соттың судьялары).
3. График судьялардың ауысуын талдау мен болжау, жергілікті соттардың төрағалары мен сот алқалары төрағаларының өкілеттік мерзімдері, сондай-ақ бар бос орындар ескеріле отырып жасалады.
Кеңестің конкурстар өткізу графигіне негізделген жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері Кеңес регламентінде айқындалады.
4. Кеңестің аудандық сот судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы бос лауазымына орналасу үшін конкурс туралы хабарландыруын Кеңес аппараты Кеңес регламентінде белгіленген мерзімдерде - бірақ конкурсқа дейін, ал аудандық сот және облыстық соттың сот алқасының төрағалары лауазымдарына орналасу үшін аудандық сот және облыстық соттың сот алқасы төрағаларының өкілеттік мерзімі өткенге дейін кемінде екі апта бұрын Кеңестің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
5. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысу үшін Кеңестің конкурс туралы хабарландыруында көрсетілген мерзімдер ішінде, бірақ Кеңестің интернет-ресурсында хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде екі апта ішінде Кеңес аппаратына өтінішті және тізбесі Кеңес регламентінде белгіленген басқа да құжаттарды беру қажет.
Үміткерлердің жеке басы туралы толық және объективті ақпарат алу мақсатында Кеңес аппараты құқық қорғау органдарынан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік органдардан, адвокаттар алқаларынан, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдардан үміткерлер туралы қосымша мәліметтер сұратуға құқылы.
17-бап. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар
1. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа - «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетін азаматтар, ал жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттар «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының және 29-бабы 1-тармағының талаптарына сай келсе, қатыса алады.
Аудандық сот төрағасының бос лауазымдарына кандидатуралар жұмыс істеп жүрген судьялар болуға немесе олардың судья лауазымында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
2. Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымына Кеңестің ұсынымын алу үшін конкурсқа «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сай келетін азаматтар қатыса алады.
3. Аудандық соттың төрағасы мен судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Облыстық соттың сот алқасының төрағасы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.
Облыстық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және тиісті облыстық соттың, сондай-ақ тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс.