тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасының немесе өзге де тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы;
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жоғалған сапасының және (немесе) өзге де тұтынушылық қасиеттерінің ішінара жақсаруы немесе қалпына келтірілуі;
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарамдылық немесе өткізу мерзімдерінің өтуі (өту күнінің жақындауы);
ұқсастары жоқ жаңа тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) нарыққа шығарған кездегі, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жаңа нарықтарға шығарған кездегі маркетинг саясаты;
тұтынушыларды тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тәжірибелік модельдерімен және үлгілерімен таныстыру мақсатында оларды өткізу нәтижесінде туындайтын баға жеңілдіктері немесе баға үстемелері;
4) рыноктағы өтімділігі, шығарған елі және тауар белгісінің болуы;
5) маржа, сауда брокерінің, трейдердің немесе агенттің комиссиялық (агенттік) сыйақысы не олардың сауда-делдалдық функцияларды орындағаны үшін өтемақысы жатады.
8. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген дифференциал бойынша мәмілеге қатысушының мынадай мәмілелер мониторингі бойынша тиісті есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне:
1) тексерілетін салық кезеңіне - трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша кешенді және тақырыптық тексерулер өткізу кезеңінде;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) шағым жасалған салық кезеңіне - салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімі ескеріле отырып, хабарлама бойынша шағымды қарау нәтижелері жөніндегі жоғары тұрған мемлекеттік кіріс органы шығарған шешімге шағымды беру және қарау мерзімі кезеңінде жол берілмейді.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-бап. «Шығындарға қосу» әдісі
1. «Шығындарға қосу» әдісін пайдаланған кезде тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы жұмсалған шығындар (шығыстар) мен үстеме бағаның сомасы ретінде айқындалады.
2. Шығындарды (шығыстарды) айқындау үшін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндіруге (сатып алуға) және (немесе) өткізуге жұмсалған шығындар (шығыстар), тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар (шығыстар) және өзге де шығындар (шығыстар) ескеріледі. Yстеме баға қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан, салыстырымды экономикалық шарттарда рентабельділік нормаларының ауқымы негізінде есептелетін, салыстырымды экономикалық шарттарда рентабельділік нормаларының ауқымы негізінде есептелетін, салыстырымды экономикалық шарттарда рентабельділік нормаларының ауқымы негізінде есептелетін рентабельділік нормасының орташа ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қызметтің осы саласы үшін рентабельділік Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдары, мемлекеттік кіріс органдары деректерінің және басқа да ақпарат көздерінің негізінде айқындалады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-бап. Кейіннен өткізу бағасы әдісі
Кейіннен өткізу бағасының әдісі - бұл тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нарықтық бағасы сатып алушы кейіннен өткізу (қайта сату) кезінде осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген және сатып алушы қайта сату кезінде шеккен шығындармен (шығыстармен) расталған (аталған сатып алушының сатушыдан тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алған бағалары есепке алынбаған) бағаның, сондай-ақ оның маржасының арасындағы айырмашылық ретінде айқын-далатын әдіс. Бұл ретте, маржа маржаның ауқымына сәйкес келуге тиіс.
16-бап. Пайданы бөлу әдісі
Пайданы бөлу әдісі мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінуге тиіс мәміледен түсетін пайданы айқындайды.
Мұндай пайда «қол созу» принципіне сәйкес қабылданған және егер осы компаниялар тәуелсіз болған жағдайда, олар ала алатын пайданың негізінде экономикалық негіздемеге, функционалдық талдауға, келісімдерге сәйкес мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінеді.
17-бап. Таза пайда әдісі
Таза пайда әдісі тәуелсіз тараптар салыстырымды экономикалық шарттарда осы мәміледен ала алатын таза пайданы айқындауға негізделеді.
Таза кіріс бухгалтерлік есеп деректері бойынша қалыптасқан мынадай көрсеткіштердің бірі:
1) активтердің қалдық құны;
2) өткізу көлемі;
3) шығындар ескеріле отырып айқындалады.
2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері
1. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдану үшін қажетті өзге де деректерді айқындау үшін ақпарат көздері мынадай кезектілікпен пайдаланылады:
1) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері;
2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;
3) мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының және ұйымдардың мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін бағалар, дифференциал, шығыстар және жағдайлар туралы деректері;
4) трансферттік баға белгілеу мақсатында пайдаланылатын ақпараттық бағдарламалар, мәмілеге қатысушылар беретін ақпарат және өзге де ақпарат көздері.
2. Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нарықтық бағалар ауқымын айқындау үшін ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде нарықтық бағалар туралы бір немесе одан да көп ақпарат көздері болуға тиіс.
3. Қатысушысы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәміле бойынша нарықтық бағаны айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған ақпарат көздері ғана пайдаланылады.
19-бап. Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы» 2001 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 2-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-і.
№ 67-ІV ҚРЗ