4. Сот, орган (лауазымды адам) шығарған, шағым жасалып, қайта қаралып немесе наразылық білдіріліп отырған құқықтық актінің көшірмесі, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта, наразылықта келтірілген дәлелдерге негiздеме ретінде өзге де құжаттар қоса беріле отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты, наразылығы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қайта жасалғаннан кейін сотқа, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) берілмесе, олар берілмеді деп есептеледі.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 834-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру
1. Шағымды белгiленген мерзiмде беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын оның заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгізеді немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат, наразылық келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 835-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
835-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын немесе наразылығын қарау мерзiмдерi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қарауға жатады.
2. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, егер жауаптылыққа тартылған адам әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеп жатса, олар берiлген, келтірілген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қарауға жатады.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар түскен не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзiмiн iстi қарап жатқан жоғары тұрған судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) ұзартуы мүмкiн, бірақ ол он тәуліктен аспауға тиіс. Сот, орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болған салықтық және (немесе) кедендік тексерулердің нәтижелеріне жоғары тұрған органға шағым жасалған жағдайда, тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 836-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
836-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған сот судьясының, жоғары тұрған орган басшысының немесе оның орынбасарының жеке-дара қарауы
Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, органның (лауазымды адамның) әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған лауазымды адам немесе жоғары тұрған органның басшысы (басшының орынбасары) жеке-дара қарайды.
Осы Кодекстің 818-бабының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған, сотты құрметтемеушілік фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал мұндай қаулыны апелляциялық сатыдағы сот шығарған жағдайда, жоғары тұрған сатыдағы сот алқасы қарайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 837-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
837-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам):
1) іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
2) өтiнiшхаттарды шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды;
3) егер шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау өздерінің құзыретiне жатпаса, оларды істің барлық материалдарымен ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 838-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
838-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауға кiрiскенде:
1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кiмнің қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық қарауға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты кім келтіргенін жариялайды;
2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақыртылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олардың қатысуынсыз шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
4) шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
5) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезінде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының, наразылығының дәлелдерiмен байланысты болмайды және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте олар жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақыртылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа да жағдайларда шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарауды кейiнге қалдыруға құқылы.
4. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) бiр мезгiлде келiп түссе, онда шағымды сот қарайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 839-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
839-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша шешiм
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарап шығып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай:
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қаулыны - өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы;
4) iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) егер шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жою және iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, апелляциялық өтінішхат, наразылық бойынша қаулы түрiнде шығарылады. Қаулыда осы Кодекстiң 822-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша жоғары тұрған сот судьясының қаулысына, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған судьяның қаулысына осы Кодекстiң 46-тарауында көзделген тәртiппен наразылық білдірілуі мүмкiн.
840-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар:
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;
2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы;
3) осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмеуi негіздер болып табылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 841-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
841-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты, наразылықты қараудың нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.
842-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау
1. Мыналар әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау болып табылады:
1) осы Кодекстiң 1-бөлiмiнiң және 2-бөлiмi Жалпы бөлiгiнiң талаптарын бұзу;
2) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiгiнiң қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлiгiнен басқасын қолдану;
3) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiгiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгеннен анағұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдану.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын, наразылығын қарау нәтижелерi бойынша неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін заңды қолдануға немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.
843-бап. Осы Кодекстiң процестік нормаларын елеулі түрде бұзу
1. Осы Кодекстiң процестік нормаларын елеулі түрде бұзу деп іс бойынша іс жүргiзу және оны қарау кезiнде осы Кодекстің қағидаттарының және iске қатысатын тұлғалардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым жасау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы ережелерiнiң бұзылуы танылады.
2. Іс бойынша іс жүргiзудiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iс үшiн маңызы болуы мүмкiн, зерттеуден жол берiлетiн дәлелдемелердi қателесіп шығарып тастаудың немесе дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартудың; мiндеттi түрде зерттелуге жататын дәлелдемелердi зерттемеудiң нәтижесi болып табылса, қаулының күшi жойылуға жатады.
3. Егер:
1) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген негiздер болған кезде іс бойынша iс жүргiзу тоқтатылмаған болса;
2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілмеген судья, орган (лауазымды адам) шығарса;
3) қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылғанда іс оның қатысуынсыз қаралса немесе өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы көрсететін қызметтерді пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе;
6) қаулыға осы Кодекстiң 822-бабының төртiншi бөлiгiнде аталған тұлғалардың қайсыбiреуi қол қоймаса, кез келген жағдайда қаулының күшi жойылуға жатады.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген процестік нормалардың бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтай отырып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi тоқтатады.
5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлген болса, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iсті қарауды жүргiзеді, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиiсінше тиісті мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының, төмен тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
844-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi
1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша жәбiрленушi шағым берген, прокурор апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген жағдайда ғана қолданады.
845-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Судья, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.
2. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған тұлғаның шағымы бойынша тоқтатудың негiздерi бөлiгiнде өзгертiлуi мүмкiн.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 846-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
846-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулыны жария ету
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулы шығарылғанынан кейін дереу жария етіледі.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты, наразылығы бойынша қаулының көшірмесі шығарылғанынан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзi берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат, наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жiберiледi.
3. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы - қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ бұл өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледi.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 46-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын қайта қарау
847-бап. 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 848-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, мамандандырылған сот алқасының төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
2. Осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың өтінішхаттары, сол сияқты өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамалары істерді талап етіп алдыруға себеп болып табылады.
3. Істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау салу жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
6. Ұсыну, наразылық іспен бірге Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасына жіберіледі.
Наразылықтың көшірмелерін прокурор іске қатысатын тұлғаларға жібереді.
7. Іс талап етіп алдырылған жағдайда, ұсыну енгізу немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат іс түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
8. Ұсынуды енгізу немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі және мыналарды:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауын;
2) өтінішхат беретін тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және іс бойынша процестік жағдайды;
3) бірінші, апелляциялық сатыларда істі қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсетуді;
4) өтінішхат берілетін сот актісін көрсетуді;
5) мыналарды:
қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін;
қаулы адамдардың белгісіз тобының қандай құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;
қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті қалайша бұзатынын көрсетуді;
6) өтінішхат беруші тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
9. Өтінішхат беретін тұлға немесе оның өкілі өтінішхатқа қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
10. Өтінішхат осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтаруға жатады.
11. Өтінішхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы.
849-бап. 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 850-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
850-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Заңды күшiне енген қаулыларға наразылық келтіру осы қаулылардың орындалуын тоқтата тұрады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 851-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі