7) кәсіпқой спортшыларды тіркеуді жүргізуге;
8) кәсіпқой спортшылардың тізілімін жүргізуге;
9) кәсіпқой спортшылардың тіркелгендігі туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына және федерация жарғысына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Кәсіпқой спорт федерациясы осы Заңда көзделген жекелеген құқықтар мен міндеттерді, егер олар кәсіпқой спорт федерациясының құрылтай құжаттарына қайшы келмесе, өз араларында жасалатын келісімдер негізінде кәсіпқой спорт ұйымдарына беруге құқылы.
30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері
1. Кәсіпқой спорт клубы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасуға, өзгертуге және бұзуға;
2) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізгені үшін көтермелеуге;
3) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызмет туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Кәсіпқой спорт клубы:
1) кәсіпқой спортшыға, кәсіпқой жаттықтырушыға және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманға спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы жүзеге асыруға;
2) міндетті алдын ала, мерзімдік және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыруға;
3) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарды тіркеуді жүргізуге;
4) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, жарақпен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз етуге;
5) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына сай келетін тиісті техникалық жабдықтар құруға және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
6) спорттық жарыстарға дайындалу кезінде немесе оларға тікелей қатысу кезінде кәсіпқой спортшы жарақат алған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мән-жайлар болған кезде кәсіпқой спортшыға білікті медициналық көмекті ұйымдастыруға, сондай-ақ осындай жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді және есепке алуды қамтамасыз етуге;
7) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеуге;
8) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресуге;
9) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыруға;
11) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретуге, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулық беруге, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізуге;
12) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыруға, балалар спорт мектептерін ашуға, бейіндеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлауға;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР
31-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлерін қамтиды және жеке адамдардың жасына байланысты деңгейлерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуға денсаулығы жарамды жеке адамдар қатысады.
3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасауды және оны бақылауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және еңбек ұжымдарында осы ұйымдардың басшыларына жүктеледі.
32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік
1. Спортшыны тіркеу туралы куәлік оның спорт федерациясында тіркеуден өткенін растайтын құжат болып табылады.
2. Спортшыны тіркеу туралы куәлікте:
1) спортшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
2) жынысы;
3) туған күні;
4) тіркеу нөмірі;
5) тіркеу нөмірі берілген күн;
6) тіркеуді жүзеге асырған спорт федерациясының атауы;
7) спорт түрі;
8) спорттық разрядтар, санаттар мен спорттық атақтар беру туралы мәліметтер;
9) медициналық қарап-тексеруден өткені туралы мәліметтер;
10) спорттық жарыстарда қол жеткізген нәтижелері;
11) жарыстан шеттету туралы мәліметтер;
12) допинг қолданған жағдайлары туралы мәліметтер;
13) мемлекеттік наградалар мен көтермелеудің өзге де нысандары туралы мәліметтер;
14) жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);
15) таңдалған спорт түрінің ерекшелігіне байланысты өзге де мәліметтер;
16) фотосуреті көрсетіледі.
3. Спортшыны тіркеу туралы куәлікті беру және ауыстыру, спорт федерацияларының спортшыны тіркеу туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін, сондай-ақ спортшыны тіркеу туралы куәліктің нысанын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Мүгедек спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша спорттық жарыстарда тең сайыс жағдайларын жасау мақсатында ұйымдастырушылар тиісті жарыстарға қатысуға өтініш берген мүгедек спортшыларға олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейі бойынша сыныптау жүргізуді, сыныптаушылардың шығыстарын жабуды қоса алғанда, қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мүгедек спортшыларға сыныптауды жүргізу тәртібі мен шарттарын Халықаралық паралимпиада комитетінің және паралимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетімен келісу бойынша паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары әзірлейді.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Сыныптау жүргізуді Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті берген тиісті құжаты бар сыныптаушы жүзеге асырады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Мүгедек спортшыларға сыныптау жүргізген кезде ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасынан немесе шет мемлекеттерден сыныптаушыларды тартады.
4. Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлауды паралимпиадалық спорт түрлері бойынша аккредиттелген спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитетінің немесе паралимпиадалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорт ұйымдарының ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүзеге асырады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер Саңыраулардың халықаралық спорт комитетінің және Халықаралық арнайы олимпиада комитетінің ұсынуы бойынша халықаралық сарапшылардың қатысуымен спорт төрешілерін даярлау жөніндегі оқыту семинарларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі
1. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлері мен спорт салаларын тануды спорт түрлерінің тізіліміне енгізу арқылы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында спорттық іс-шараларды өткізу спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері мен спорт салалары бойынша жүзеге асырылады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 35-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Спортшылардың спорттық атақтары, разрядтары және жаттықтырушының спорттық атағы. Әскери қызметшілердің дәрежелері және жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың, спорт төрешілерінің біліктілік санаттары
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бірыңғай спорттық сыныптама спортшыларға мынадай спорттық атақтар, разрядтар және жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақ көздейді:
1) спорттық атақтар:
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері»;
«Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»;
«Қазақстан Республикасының спорт шебері»;
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы»;
2) спорттық разрядтар:
«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат»;
1-разрядты спортшы;
2-разрядты спортшы;
3-разрядты спортшы;
1-жасөспірімдік разрядты спортшы;
2-жасөспірімдік разрядты спортшы;
3-жасөспірімдік разрядты спортшы.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әскери қызметшілерге мынадай дәрежелер беріледі:
1) «Үздік»;
2) 1-дәрежелі «Спортшы жауынгер»;
3) 2-дәрежелі «Спортшы жауынгер».
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша спорттық разрядтарды, біліктілік санаттарын және дәрежелерді беру нормалары мен талаптарын - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары, қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары белгілейді.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне мынадай біліктілік санаттары беріледі:
1) жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы;
2) әдіскерлерге:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер;
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер;
3) нұсқаушы-спортшыларға:
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы;
4) спорт төрешілеріне:
жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі;
ұлттық спорт төрешісі;
бірінші санатты спорт төрешісі;
спорт төрешісі.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды
35-1-бап. Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру
Спорттық атақтан, разрядтан және біліктілік санатынан айыру төменде санамаланған фактілердің бірі:
1) спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатын беру үшін негіз болған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпаратты беру;
2) допингке қарсы қағидаларды бұзу анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі республикалық және өңірлік деп бөлінеді және ол деңгейіне байланысты жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесін айқындайды.
37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар
1. Аккредиттелген республикалық спорт федерациялары белгілі бір әрбір спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымдарының талаптарын (бар болғанда) ескере отырып, Спорт түрі бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді.
2. Спорттың әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша қағидаларды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары әзірлейді және бекітеді.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары
1. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі және спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық федерациялармен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
2. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық спорттық жарыстар халықаралық спорт ұйымдарының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша өткізіледі. Бұл жарыстар спорттық-бұқаралық іс-шаралардың республикалық бірыңғай күнтізбесіне енгізіледі.
3. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және аккредиттелген тиісті жергілікті спорт федерацияларымен келісу бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың өңірлік бірыңғай күнтізбесіне сәйкес өткізіледі.
4. Спортық жарыстар спорт түрлерінің тізіліміне енгізілген спорт түрлері бойынша жарыстар туралы ереженің (регламенттің) негізінде өткізіледі.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Халықаралық спорттық жарыстар аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары әзірлейтін және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекітетін спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Республикалық спорттық жарыстар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен спорттық жарыстар туралы ережелерге (регламенттерге) сәйкес өткізіледі.
7. Облыстық, қалалық және аудандық спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) аккредиттелген жергілікті спорт федерациялары әзірлейді және оны жергілікті атқарушы орган бекітеді.
8. Спорттық іс-шараларды, оның ішінде оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәртібін, спорттық іс-шаралар түрлерінің тізбесі мен олардың сыныптамасын дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
9. Міндетті медициналық тексеруден өткен спортшылардың оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шараларға қатысуға құқығы бар.
10. Спорт федерациялары, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібін сақтауын, сондай-ақ, спортшылардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтінін білуін қамтамасыз етуге міндетті.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей - көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын - сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектердің көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге міндетті.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды
13. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды
14. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:
1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;
2) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;
3) спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға міндетті.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды
15. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.
39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау
1. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткізу кезінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін қауіпсіздік қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен спорттық жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасы қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес спорттық мүкәммалмен және жабдықпен қамтамасыз етедi және жеке адамдардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
3. Сабақтар мен спорттық жарыстарды өткiзуге арналған спорт ғимараттары техникалық, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, спорт ғимараттарын пайдалану мен өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай келуге және мүгедектер үшін қолжетімді болуға тиіс.
4. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандар дене шынықтырумен және спортпен айналысатын жеке адамдардың денсаулығына келтiрілген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
5. Спортпен ұйымдасқан түрде шұғылдану кезінде спортшының, жаттықтырушының немесе төрешінің денсаулығына зиян келтірілгені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасы және спортшының, жаттықтырушының немесе төрешінің спорт ұйымымен жасасқан шарт талаптары негізінде белгіленеді.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін спорт құрылыстарын, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.
7. 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ
40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау
1. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының білім беру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекет білім беру ұйымдарында оқу мақсатына арналған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары кешенін, жабдықтардың үлгілік жиынтығын, дене шынықтыру мен спорт саласындағы түрлі бейіндегі мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған спорт ғимараттарын және мүкәммалын қамтитын материалдық-техникалық базаны нығайтуға жәрдемдеседі.
3. Спорт бойынша мамандандырылған оқу орындарында және дене тәрбиесі факультеттерінде адамдарды оқыту бюджет қаражаты, ұйымдардың қаражаты, ерікті жарналар, қайырымдылық қорлары және жекелеген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке техникалық және кәсіптік дене шынықтыру немесе жоғары дене шынықтыру білімі бар адамдар жіберіледі.
«Қазақстан Республикасының спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» не «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтары, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білімі бар, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жанындағы жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру курстарынан өткен адамдар да дене шынықтыру және спорт бойынша жаттықтырушылық, жаттықтырушы-оқытушылық қызметке жіберіледі.
5. Спорттық жарыстар мен спорттық-бұқаралық іс-шараларға төрешілік етуге дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спорт төрешілері ретінде аттестатталған адамдар жіберіледі.
41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау
1. Спорт түрлері бойынша жаттықтырушыларды аттестаттау жаттықтырушылардың спортшыларды даярлау бойынша жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында, қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімін қоса алғанда, жаттықтырушылардың тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.
2. Спорт төрешілерін аттестаттау спорттық іс-шараларда төрешілік жұмысты жүргізу құқығын растау мақсатында спорт төрешілерінің тиісті спорт түрі саласындағы тиісті біліктілігі мен білімін тану және растау рәсімі болып табылады.