60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 62), 63), 64), 65) және 66) тармақшалармен толықтырылды
62) спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін әзірлейді және бекітеді;
63) Қазақстан Республикасында спорт түрлерін саралау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) жергілікті атқарушы орган ұсынған спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін келіседі;
65) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдар өткізетін спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері үшін жүлделер құнының мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 65-1) - 65-7) тармақшалармен толықтырылды
65-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65-2) Қазақстан Республикасының спорттық әдебін әзірлейді және бекітеді;
65-3) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
65-4) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
65-5) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65-6) осы Заңға сәйкес бірыңғай операторды айқындайды;
65-7) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлейді;
66) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) республикалық және (немесе) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;
3) спорт түрлерi бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
6) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
10) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
13) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) олимпиадалық резервтің облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері мен спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттарының үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
17) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
19) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
20) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылды
20-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
20-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
20-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі.
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 20-4) тармақшамен толықтырылды
20-4) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 20-5) тармақшамен толықтырылды
20-5) спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін әзірлейді және дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітеді;
21) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органы:
1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық спорттық жарыстарды өткiзедi;
3) спорт түрлерi бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында аудандық, облыстық маңызы бар қалалық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
12) осы Заңға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
13) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
14) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылды
14-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
14-2) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
14-3) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданның әкімі:
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 1-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 2-разрядты спортшы, жасөспірімдер бойынша 3-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мынадай: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
4. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің, кенттің және ауылдың әкiмi:
1) спорт мекемелерiне қолдау жасайды және олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуіне жәрдем көрсетедi;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жеке адамдардың тұрғылықты жерiнде және олардың көпшілік демалатын орындарында дене шынықтыру мен спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өз қарауына жатқызылған өзге де мәселелерді шешеді.
9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау
1. Дене шынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдар, дене шынықтыру-спорт ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіби және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызын ашуды, ұлтты сауықтырудағы, жеке адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы олардың рөлін қамтамасыз етеді.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары, жергілікті атқарушы органдар, дене шынықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бірлестіктер дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргізеді, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабілеттілік пен белсенді ұзақ өмір сүрудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ ізгілік мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткізу үшін дене шынықтыру компоненттерін практикалық пайдалануда халықтың білім деңгейін арттырады.
3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ
10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спорт субъектiлерiне:
1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары: олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервін даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері мен спорт клубтарының барлық түрлері, спорт секциялары, әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын ұйымдар, ведомстволық спорт қоғамдары және спортты дамытуды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер;
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдары;
3) дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар;
5) спорттық медицина ұйымдары;
6) дене шынықтырумен айналысатын жеке адамдар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар жатады.
2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады, спортшылардың және спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын басқа да адамдардың денсаулығын қорғау және нығайту үшін жағдайлар жасайды, спортшыларға, жаттықтырушыларға және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға жаттығу жасау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықаралық спорт ұйымдарына мүше бола алады, егер мұндай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мәртебесіне сәйкес құқықтарға ие бола алады және міндеттер атқара алады.
11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу
1. Республикалық, өңірлік және жергілікті спорт федерациялары аккредиттелуге жатады.
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Халықаралық олимпиада комитеті, Азияның Олимпиада кеңесі таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болып табылуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті тануға тиіс.
2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Паралимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Халықаралық паралимпиада комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті құптауға тиіс.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Саңыраулардың халықаралық спорт комитеті таныған халықаралық спорт ұйымының Қазақстан Республикасының атынан мүшелері болуға және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық сурдлимпиада комитеті құптауға тиіс.
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялары Қазақстан Республикасы атынан халықаралық спорт ұйымының мүшесі болып табылуға және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс.
4. Қазақстан Республикасы облыстарының кемінде жартысының аумақтарында дамыту жүзеге асырылатын, спорт түрлерінің аккредиттеу тәртібімен белгіленген ерекшеліктеріне байланысты өңірлік спорт федерациясы республикалық спорт федерациясының мәртебесін иеленеді.
12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері
1. Аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялары:
1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;
2) спорт түрі (түрлері) бойынша спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге;
3) құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына ауысуын ұйымдастыруға қатысуға;
4) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) үшін қатысуға құқығы жоқ спортшылардың тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстарға қатысуына шектеулер белгілеуге;
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) нышандарын пайдаланудың барлық құқықтарын иеленуге;
6) спорт салаларын спорт түрлерінің тізіліміне қосу туралы ұсыныстар енгізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған әртүрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды қабылдауға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Аккредиттелген республикалық және өңірлік спорт федерациялары:
1) спорт түрлерін дамытуға және кеңінен таратуға;
2) халықаралық спорт ұйымдарының (болған кезде) талаптарына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт түрлері бойынша қағидаларды әзірлеуге және бекітуге;
3) спорт түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламаларды және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спортшыларын даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеуге;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді (регламенттерді) әзірлеуге және оларды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бекітуіне ұсынуға;
5) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) халықаралық спорттық жарыстарға даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге;
6) халықаралық және республикалық спорттық жарыстарға тиісті спорт түрлері бойынша ардагер спортшылардың даярлығын және оларға қатысуын қамтамасыз етуге;
7) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөнінде ақпарат беруге;
8) спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген нысандарының көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға;
9) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай республикалық күнтізбесін әзірлеуге және іске асыруға;
10) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға бірыңғай спорттық сыныптамаға енгізу мақсатында спорттың тиісті түрлерiне қойылатын талаптар мен нормаларды және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын белгіленген тәртіппен ұсынуға;
11) спорт түрлері бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыруға;
12) жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыруға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық атақтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды
13-1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарынан айыру үшін құжаттарды жергілікті атқарушы органдарға ұсынуға;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды
13-2) спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға ұсынылатын құжаттарды келісуге;
14) спортшыларды тіркеуді жүргізуге;
15) спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін жүргізуге;
16) Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес допингті пайдалануға қарсы іс-қимыл жасауға;
17) Қазақстан Республикасының және тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерацияларының допингке қарсы қағидаларын қазақ және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға немесе өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруға;
18) жарыс кезеңінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылардың тізімін қалыптастыру үшін ұлттық допингке қарсы ұйымға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес беруге;
19) спортшыларды Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларына сәйкес оларды жарыс кезеңінде де, сондай-ақ жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылардың тізіміне енгізілгені туралы хабардар етуге;
20) допингке қарсы қағидаларға сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесуге;
2019.13.12. № 280-VI ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) тиісті допингке қарсы ұйымның және (немесе) халықаралық спорт федерациясының шешімі негізінде және оны орындау үшін спорт түрлерінің қағидаларын бұзғаны үшін және (немесе) спорттық жарыстар ережесін (регламентін) бұзғаны үшін және (немесе) спорттық әдепті бұзғаны үшін және (немесе) халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін спортшыларды, жаттықтырушыларды, жаттықтырушы-оқытушыларды, спорттық медицина жөніндегі мамандарды, спорт төрешілерін, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды, спорттық жарысқа қатысатын жануарларды дисквалификациялауға;