3. Сот іске қатысатын, сот отырысына келмей қалған адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.
4. Тараптар бірінші сатыдағы сот куәлардан жауап алудан және дәлелдемелерді зерттеуден бас тартқан куәларды шақырту мен олардан жауап алу және дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы. Егер куәлардың айғақтарын тараптар даулайтын болса, көрсетілген адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Апелляциялық шағым берген адам, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы тұрғысынан дау айтқан дәлелдемелер істегі басқа дәлелдемелердің жиынтығымен бірге сотта зерттеуге және бағалауға жатады.
421-бап. Сот жарыссөздері
1. Төрағалық етушi іс мәні бойынша қарау аяқталған соң іске қатысатын адамдардан өтінішхаттардың бар-жоғы туралы сұрайды. Сот осы өтінішхаттарды шешіп, содан соң сот жарыссөздеріне көшеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 217-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, бұл ретте апелляциялық шағым берген адам немесе өтінішхат келтірген прокурор және (немесе) оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап шағым жасаған жағдайда, талап қоюшы бірінші болып сөз сөйлейді.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот қаулы шығару үшін кетеді.
422-бап. Сот отырысының хаттамасы
Апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің 281-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша жүргізіледі.
423-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау
1. Сот актісін шығару және оны жариялау осы Кодекстің 222, 223 және 224-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісін түпкілікті нысанда дайындау мерзімін көрсете отырып, оның қарар бөлiгiн шығарып, жариялай алады. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тігіледі.
Уәжді сот актісін іс қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья дайындап, оған қол қояды. Уәжді сот актісінің көшірмесі ол дайындалғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іске қатысатын адамдарға жіберілуге (табыс етілуге) тиіс.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 424-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
424-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері
1. Апелляциялық сатыдағы сот:
1) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
4) осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не талап қоюды қараусыз қалдыруға;
5) 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот шешімінің күші жойылған жағдайда, істі бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша мәні бойынша қарау үшін өзінің іс жүргізуіне қабылдауға;
7) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер мұндай арыз бірінші сатыдағы сотқа берілген және сот мәні бойынша шешпеген жағдайда, осы Кодекстің 279-бабының 8) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға;
8) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігінде жоюға және талап қоюды, егер талап қоюшы мұндай талап қоюды апелляциялық сатыдағы сотта қолдамаса, осы Кодекстің 279-бабының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша қараусыз қалдыруға құқылы.
2. 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 425-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
425-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері
Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді:
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) іс бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша мәні бойынша қаралғаннан кейін жаңа шешім қабылданған жағдайда, осы Кодекстің 424-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6) тармақшасында көзделген жағдайларда қаулы;
2) сот шешімінің күші жойылған және бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша іс мәні бойынша қарау үшін апелляциялық сатыдағы соттың іс жүргізуіне қабылданған жағдайда, осы Кодекстің 409-бабының екінші бөлігінде, 424-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында, сондай-ақ 6) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ іс мәні бойынша қаралмаған, сот актісін шығару талап етілетін өзге де жағдайларда ұйғарым шығарады.
426-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны
1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қаулыны шығарған соттың атауы және сот құрамы;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын берген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және өкілдер;
4) даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;
5) бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайлары, шешімді немесе ұйғарымды шығарған кезде ол басшылыққа алған уәждер; бірінші сатыдағы сот шешімінің қысқаша мазмұны;
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) апелляциялық шағымның, прокурор өтінішхатының және оларға пікірдің қысқаша мазмұны;
7) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру, күшін жою не өзгерту негіздері;
8) апелляциялық сатыдағы соттың өз түйіндерін жасауға алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;
9) істі қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы соттың түйіндері;
10) сот шығыстарының бөлінуі;
11) қаулыға шағым жасаудың, наразылық білдірудің мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде көрсетілген сілтемелер мен дәлелдердің сот отырысында қарауға және зерттеуге қабылданбау негіздері көрсетілуге тиіс.
3. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 235, 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы немесе апелляциялық қаулының мәнін өзгертпестен, ұйғарым шығару арқылы қаулыны түсіндіру туралы мәселені қарауға құқылы.
Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер бойынша ұйғарымы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді және оған шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
4. Осы Кодекстің 236-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Егер апелляциялық сатыдағы судья осы Кодексте белгіленген мерзімде уәжді қаулыны дәлелді себептер бойынша дайындай алмаса, онда оны дайындауды алқа төрағасы істі қарауға қатысқан басқа судьяға тапсырады. Қаулыда қатыспаған судьяның оны қандай себептер бойынша дайындай алмайтындығы көрсетіледі.
427-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері
1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге:
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы;
2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
4) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жүргізілу міндеттілігі осы Кодексте көзделген кезде істе жеке процестік әрекет хаттамасының болмауы негіз болып табылады.
2. Егер сот:
1) қолданылуға жататын заңды қолданбаса;
2) қолданылуға жатпайтын заңды қолданса;
3) заңды дұрыс түсіндірмесе, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.
3. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.
Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ көрсетілген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары келтіріледі, оларға сәйкес шешім өзгеріссіз қалдырылуға жатады.
4. Егер:
1) істі соттың заңсыз құрамы немесе соттылық туралы қағидаларды бұзып қараған;
2) осы Кодекстің 133-бабының қағидалары бойынша қаралған істерді қоспағанда, сот істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі болмағанда қараған;
3) істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған;
4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) судья шешімге қол қоймаған немесе істі қарап, шешкен судьядан басқа судья қол қойған;
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
6) жүргізілу міндеттілігі осы Кодексте көзделген кезде істе сот отырысы хаттамасы болмаған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.
2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Кодекстің 427-бабының төртінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған кезде апелляциялық сатыдағы сот ұйғарым шығарады. Ұйғарымда істі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшу туралы, іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және оларды жасау мерзімдері көрсетіледі. Көрсетілген әрекеттер аяқталғаннан кейін істі әдеттегідей апелляциялық сатыдағы соттың сол құрамы қарайды.
Қалған жағдайларда, оның ішінде жаңа шешім шығарылып, сот шешімінің күші жойылған кезде, апелляциялық сатыдағы сот істі бір сот отырысында бір сот актісін қабылдай отырып, қарайды.
5-1. 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Сот шығыстарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Сот шығыстарын бөлу қаулының қарар бөлігінде көрсетіледі.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 428-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
428-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып немесе талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот шешімінің күшін жою
Бірінші сатыдағы сот шешімі осы Кодекстің 277-бабында және 279-бабының 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ 424-бабы бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе талап қоюды қараусыз қалдыруға байланысты апелляциялық тәртіппен күші жойылуға жатады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 429-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
429-бап. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдарына (қаулыларына) шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзімдері
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ соттың ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 401-бабында аталған адамдар жеке шағым беруі, өтінішхат келтіруі мүмкін. Егер ұйғарым іске қатыспайтын адамдардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты болса, олар да соттың ұйғарымына шағым жасауға құқылы.
Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты ұйғарым түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.
2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым, прокурордың өтінішхаты берілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға, прокурордың өтінішхатына енгізілуі мүмкін.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Бұл ретте, егер сот шешіміне апелляциялық шағым берілсе, прокурор апелляциялық өтінішхат келтірсе, жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді. Бұл жағдайда апелляциялық саты жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алқалық құрамда, сот шешіміне апелляциялық шағыммен және (немесе) прокурордың апелляциялық өтінішхатымен бірге қарайды.
4. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты осы ұйғарымды шығарған сотқа іске қатысатын адамдардың санына қарай құжаттардың көшірмелерімен қоса беріледі, бұларды судья оларға жібереді немесе тапсырады. Судья жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.
5. Жеке шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішхаттарын қабылдау және қарау үшін осы тарауда белгіленген тәртіппен қабылданады және қаралады.
Осы Кодекстің 414-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оларды қарауға кедергі болмайды.
6. Жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:
1) соттың ұйғарымын - өзгеріссіз, ал жеке шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырусыз қалдыру;
2) сот ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;
3) сот ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жою және мәселені мәні бойынша шешу;
4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
2020.10.06. № 342-VІ ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Талап қоюларды қайтару, талап қоюды қамтамасыз ету, соттылық, қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету, шешімді түсіндіру, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап қоюларды қараусыз қалдыру мәселелері бойынша жеке шағым немесе прокурордың өтінішхаты бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымдары шағым жасалуға және наразылық білдірілуге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жүргізілу мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
430-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы
Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 270-бабында көзделген негіздер бойынша жеке ұйғарым шығара алады.
Жеке ұйғарымға осы Кодекстің 429-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
431-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші
Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
432-бап. Сот актісін жіберу және істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару
Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан және іске қатысатын адамдарға сот актісінің көшірмелерін жібергеннен (табыс еткеннен) кейін істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 433-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
433-бап. Іс апелляциялық тәртіппен қаралғаннан кейін келіп түскен апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау тәртібі
1. Белгіленген мерзімде немесе өткізіп алынған мерзім қалпына келтірілгеннен кейін берілген апелляциялық (жеке) шағым, прокурордың өтінішхаты апелляциялық сатыдағы сотқа іс басқа шағымдар бойынша қаралғаннан кейін келіп түскен жағдайда, сот мұндай шағымды, прокурордың өтінішхатын өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
2. Апелляциялық (жеке) шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша және негіздер болған кезде апелляциялық сатыдағы сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жояды және келіп түскен шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша жаңа қаулы, ұйғарым қабылдайды.
Мұндай негіздер болмаған кезде апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы, ұйғарым шығарады.
54-тарау. КАССАЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
434-бап. Кассациялық тәртiппен қайта қарауға жататын сот актiлерi
2021.20.03. № 20-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда, осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты кассациялық тәртіппен қайта қарауы мүмкін.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мынадай:
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстің 12 және 21-1-тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы, берешекті қайта құрылымдау туралы істер, сондай-ақ оңалту рәсімі мен банкроттық рәсім шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі, оның ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, қаржы басқарушысының, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуға жатпайды.
Осы бөліктің күші осы Кодекстің 28-1-бабының қағидалары бойынша қаралған істер бойынша шығарылған сот актілеріне қолданылмайды.
3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген істер бойынша сот актілері осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
4. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, осы баптың екінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген істер бойынша сот актілерін қоспағанда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген бірінші және апелляциялық сатылардың сот актілері осы Кодекстің 427-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
5. Кассациялық сатының қаулылары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер болған кезде қайта қаралуы мүмкін.
435-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне өтiнiшхат беруге, ұсыным енгізуге, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар
1. Осы Кодекстiң 434-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген сот актiлерiне дау айту туралы өтiнiшхатты тараптар, iске қатысатын тұлғалар, сот актілерінде мүдделері қозғалатын басқа да тұлғалар және олардың өкілдері беруi мүмкiн.
2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі осы Кодекстің 434-бабының бірінші бөлігінде көзделген сот актілеріне дау айту туралы өтінішхат беру құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 84-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы заңды күшiне енген сот актiлерiне осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаты бойынша ұсыну енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшiне енген сот актiлерiне өзінің бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 54-бабының екінші бөлігінде көзделген істер бойынша өзіне берілген, осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхаттары бойынша да наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішхат ұсынуға немесе наразылыққа қоса беріледі.
3. Өтiнiшхат берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретінде өтінішхат берген прокурор одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы, наразылық келтірген прокурор оны өтінішхат, наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы кері қайтарып алуға құқылы.
Өтінішхаттан бас тарту кассациялық сатыдағы сотта, оның ішінде алдын ала қарау сатысында да іс жүргізудің тоқтатылуына алып келеді. Өтінішхатты қайтадан беруге жол берілмейді, ал берілген жағдайда өтінішхат қайтарылады.
Кері қайтарылған жағдайда өтінішхат, наразылық осы Кодекстің 436-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде қайтадан берілуі мүмкін.
4. Егер сот актілеріне өтінішхатты басқа тұлғалар берсе және ол бойынша кассациялық саты сотының сот отырысында қарау үшін өтінішхатты іспен бірге беру туралы шешім қабылданса, іс осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша, оның ішінде осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған кезде қаралуға жатады.
5. Осы Кодекстiң 443 және 444-баптарында көзделген қағидалар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымына және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығына қолданылмайды және оларды кассациялық сатыдағы сот тікелей қарайды.
436-бап. Заңды күшiне енген сот актiлерiне дау айту, наразылық келтіру мерзiмдерi
1. Апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап алты ай iшiнде оларға өтiнiшхат, наразылық берілуі мүмкін.
2. Сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасау мерзімі өтіп кеткен жағдайда, өтінішхат шағым жасау мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішті бірінші сатыдағы сот қарағаннан кейін, ал бас тартылған жағдайда - апелляциялық сатыдағы сот жеке шағымды, наразылықты, апелляциялық шағымды қарағаннан кейін кассациялық сатыдағы сотқа берілуі мүмкін.
3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары осы Кодекстің 438-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер бойынша сот актілерін қайта қарау жағдайларына қолданылмайды.