жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдар;
нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі;
жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер;
енгізілетін жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін-етілмейтінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы;
ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат;
мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22П-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес жобаларды және оларға материалдарды «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;
қаулы жобасының мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы ақпарат (күні, байт саны);
тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат;
қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын қаулы жобасына түсіндірме жазба міндетті түрде Үкімет актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептемелердің нәтижелерін қамтуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеген жағдайда, жобаны әзірлеуші жобаға түсіндірме жазбада сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс.
Сараптамалық қорытындыларда көрсетілген ескертулер жойылған жағдайда, жобаны әзірлеуші қаулы жобасына түсіндірме жазбада аталған ескертулердің жойылғанын көрсетуге тиіс;
3) Үкіметтің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуді көздейтін қаулы жобасына осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тиісті түрде негіздейтін қаулының (қаулылардың) бұрынғы және жаңа редакциясындағы салыстырма кестесі;
заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасының әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;
жобаның әрбір абзацына қатысты негіздеме, оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса - тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтірілуге тиіс;
Үкімет қаулыларымен бекітілген туынды нормативтік құқықтық актілердің жаңа редакциясы енгізілген кезде де жаңа редакциядағы қаулының әрбір абзацын тиісті түрде негіздей отырып (оның ішінде нормативтік құқықтық акті болса - тиісті заңнамалық немесе заңға тәуелді актінің нормасына міндетті сілтеме, сондай-ақ одан дәйексөз келтіре отырып), туынды нормативтік құқықтық актілердің бұрынғы және жаңа редакцияларының әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған салыстырма кестесін қоса беру қажет;
4) жобада қаулының (қаулылардың) күшін жою көзделетін жағдайда, жобаны қабылдау қажеттілігіне негіздемені қамтитын анықтама;
заң жобаларын, Президент актілерінің жобаларын қамтитын қаулы жобасы бойынша анықтаманың әр парағын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары дәйектейді және қол қояды;
5) қаулы жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптама кеңестерінің сараптамалық қорытындылары.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, қаулы жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сараптама кеңестерінің қорытындылары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, олар қоса берілмейді;
6) қаулы жобасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайлардан басқа, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, қоғамдық кеңестің ұсынымдары;
Ұсынымдармен келіспеген жағдайда жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесін келтіруге тиіс. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, қоса берілмейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми сараптама жүргізу міндетті болған жағдайда, халықаралық шарттың жобасы бойынша не Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарт бойынша жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды;
7-1) жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылуға жататын болса, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Үкімет қаулысының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп;
7-2) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап қолданылмайтын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы.
Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысымен бірге Кеңсеге қаулы жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүзеге асыратын адамның немесе ұйымның атына ұсынымдарды қабылдамау себептерінің негіздемелері жазылған өз жауабының көшірмесін енгізеді;
8) осы Регламенттің 4.2-бөліміне сәйкес өзге мемлекеттік органдардың қорытындылары (келіспеушіліктер хаттамасы, сондай-ақ келісуші мемлекеттік органның ескертулері бойынша өзара тиімді шешім іздеу мақсатында өткізілген кеңестің хаттамасы);
9) орындау үшін қаулы жобасы әзірленген тапсырмалардың (хаттамалардың және т.б.) көшірмелері;
10) қаулы жобасымен Парламент Мәжілісінің және Президенттің қарауына заң жобалары мен жарлық жобалары енгізілетін жағдайларда келісу парағы (қосымшаға сәйкес нысан бойынша «pdf» форматында). Бұл ретте заң жобасына немесе жарлық жобасына келісу парағына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары немесе облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қолбелгі қояды;
11) қаулы жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттеушілік әсерді талдау жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның реттеуші мемлекеттік органдардың белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытындысы, сондай-ақ реттеушілік әсерді талдау нәтижелері.
Рdf форматындағы келісу парақтарынан, ғылыми сараптамалардың нәтижелері бойынша қорытындылардан, өзге мемлекеттік органдардың қорытындыларынан, тапсырмалардан, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адамдарға міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтан басқа, Президент актілері, заң, Үкімет қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының мазмұндық бөлігі docх форматында ғана қалыптастырылады және алты файлдан тұрады. Өзге форматтарды пайдалануға, сондай-ақ құжаттың ұсынылатын электрондық нұсқаларын архивтеуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 50-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 50-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.11.08. № 910 Қаулысымен 50-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 50-1-тармақ жаңа редакцияда
50-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсеге ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 51-тармақ жаңа редакцияда
51. ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 52-тармақ жаңа редакцияда
52. Қаулы жобасының және оның заң жобасын, Қазақстан Республикасының Президенті актісінің жобасын қамтитын, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қосымшаларының әрбір парағын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімі дәйектейді.
53. Қаулы жобасында халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық актілерден, Президент, Үкімет және Премьер-Министр актілерінен басқа) сілтемелер болған кезде әзірлеуші осы құжаттардың тиісінше Сыртқы істер министрлігі немесе жобаны әзірлеуші куәландырған мемлекеттік, орыс және қол қойылған өзге тілдердегі (әр түрлі оқылған кезде басымдығы бар) көшірмелерін міндетті түрде жобаға қоса береді.
4.5-1-бөлімнің тақырыбы ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 53-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 53-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-1-тармақ жаңа редакцияда
53-1. Кеңсеге енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын БҚҚБ күн сайын сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін МОИП арқылы электрондық форматта (нысанда) қабылдайды.
Заң жобаларын, Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларын қамтитын Үкімет қаулыларының жобаларын, Үкімет қорытындыларының жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық форматтарда (нысандарда) ЭҚАБЖ арқылы қабылдайды.
«Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Кеңсе қағаз және электрондық тасығыштарда қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1155 Қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 53-2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 53-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-2. Тіркелген қаулылар жобаларының түпнұсқалары жобаны қарауға жауапты құрылымдық бөлімшеге беріледі.
Бұрын тіркелген нөмірге келіп түскен жобалар МО ИП немесе ЭҚАБЖ арқылы жобаны қарауға жауапты, жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқалары), сондай-ақ бірлесіп орындаушы бөлімдерге және Заң бөліміне (жобалардың қағаз жеткізгіштердегі көшірмелері) жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.02.02. № 45 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 53-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53-3. Нөмірге қайта келіп түскен (Үкімет пен Кеңсе басшылығы бұрын берген тапсырмаларды орындау үшін) Үкімет қаулыларының жобалары, егер оларды осы құрылымдық бөлімше алдын ала қараған болса, Кеңсенің орындаушы құрылымдық бөлімшесіне (олардың құзыретіне сәйкес) жіберіледі.
Нөмірге келіп түскен Үкімет қаулылары жобаларының көшірмелері, сондай-ақ Үкімет қаулыларының жобалары (егер оларды Заң бөлімі алдын ала қараса) Заң бөлімінің қабылдау бөлмесіне беріледі.
53-4. ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды
53-5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде ескертулер болған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының тиісті тапсырмасы түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Үкімет қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің жобасын жұмыс тәртібімен пысықтайды.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.6-бөлім. Үкімет қаулыларының (Премьер-Министр өкімдерінің) жобаларын қабылдамау және пысықтауға қайтару
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 54-тармақ өзгертілді
54. Жоба пысықтауға:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) жобаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде дәлме-дәлдіктің болмауы, осы Регламенттің, Кеңседе іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын бұзушылықтар, жобаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкессіздігі анықталған жағдайда Кеңсе Басшысының немесе оның міндеттерін атқарушы адамның шешімі бойынша;
3) Үкімет мәжілісінің хаттамасы негізінде;
3-1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын таныстыру хаттамасы негізінде;
3-2) Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің Премьер-Министрмен келісілген хаттамасы негізінде;
4) Кеңсе Басшысының қарарымен жұмыс тәртібімен;
5) ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ескертулері бойынша жобаны жұмыс тәртібімен пысықтауға бөлінген 3 (үш) жұмыс күні мерзімі бұзылған жағдайда қайтарылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2018.04.12. № 804 Қаулысымен 54-1-тармақпен толықтырылды
54-1. Осы Регламенттің 49-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда жоба қабылдамау мүмкін. Бұл жағдайда жоба тиісті талаптарды сақтамаған мемлекеттік органмен ғана қайта келісуге жатады.
55. Жобаларды пысықтау мақсатында әзірлеуші мемлекеттік органның мүдделі органдар өкілдерінің қатысуымен жедел кеңестер шақыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 56-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 56-тармақ жаңа редакцияда
56. Егер қайтарылатын жобаларға тапсырмаларда өзгеше мерзім көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды және енгізуді әзірлеуші мемлекеттік орган қайтарылған күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде (жұмыс тәртібімен пысықталатын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырады. Пысықтау мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеуші мемлекеттік орган Кеңсеге пысықталған жобаны (мүдделі мемлекеттік органдардың хаттарын қоса бере отырып, Кеңсеге бұрын енгізілген қаулы жобасын қоса беруге рұқсат етіледі) не жобаны қараудан алу туралы мемлекеттік органның бірінші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішхатты ұсынуға тиіс. Қаулы жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді пысықтауды Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Кеңсе жүзеге асыруы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
57. Қажет болған кезде Үкіметтің басшылығы және Кеңсе Басшысы
әзірлеуші мемлекеттік органдардың жобаларды пысықтау және оларды Кеңседе келісуді қысқартуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Премьер-Министр, оның орынбасарлары не Кеңсе Басшысы қаулының (өкімнің) жобасын қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізу үшін кез келген тиісті ұйымға жібере алады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Жоба:
1) жобаны дауыс беруге шығарғанға дейін кез келген негіздерде Премьер-Министрдің шешімі бойынша;
2) Үкімет отырысы хаттамасының негізінде;
3) Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысының шешімі бойынша қараудан алынуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 4.7-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4.7-бөлім. Үкімет қаулыларының жобаларын Үкіметтің дауыс беруіне шығару
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 60-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 60-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.11.04. № 185 Қаулысымен 60-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.25.03. № 136 Қаулысымен 60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60. Үкімет отырысына шығарар алдында қаулы жобасы электрондық құжат нысанында ресімделеді, оны БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлері, жауапты бөлімнің және бірлесіп орындаушы бөлімдердің, Заң бөлімінің меңгерушілері, Кеңсе Басшысы және оның орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарлары (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) МОИП немесе ЭҚАБЖ арқылы келіседі және МОИП арқылы жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдарға қайта келісуге жолданады.
Премьер-Министр не Премьер-Министрдің нұсқауы бойынша Кеңсе Басшысы жобаны дауыс беру үшін Үкімет отырысына шығарады немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (әдетте, шұғыл, құпия сипаттағы немесе жабық отырыстарда қаралуға тиіс) Үкімет мүшелеріне жібереді.
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыруға бағытталған, Үкімет резервінен қаражат бөлуге байланысты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою және гуманитарлық көмек көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының жазбаша не ауызша тапсырмасы бар жобаларды қоспағанда, қаулы жобалары Үкімет отырысына Кеңсеге түскен күнінен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күні өткен соң шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 61-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 61-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
61. Қаулылардың жобаларын қарауды Премьер-Министрмен келісім бойынша Кеңсе Басшысы мәжілістің күн тәртібіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне қарауға шығарылатын қаулылар жобаларының тізімі мемлекеттік құпияларды және (немесе) қызметтік ақпаратты қамтитын жобаларды қоспағанда, Кеңсе Басшысының және Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесіне беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелері көмекшілерінің мобильдік құрылғыларына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 62-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 62-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62. Үкімет отырыстарында қаулы жобасы бойынша әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы баяндайды. Жоба бойынша бар ескертулер мен ұсыныстар жөнінде Кеңсе Басшысы осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі дайындаған анықтамаға сәйкес баяндайды.
63. Әрбір Үкімет қаулысының жобасы бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелері көрсетіліп, хаттамалық шешім қабылданады.
64. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65. Дауыс беру қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жобаларды қоспағанда, сырттай дауыс беру Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша электрондық түрде өткізіледі.
66. Үкімет мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі жоба бойынша материалдарды дауыс беру үшін жіберген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс. Қажет болған кезде Премьер-Министр және Кеңсе Басшысы Премьер-Министрмен келісім бойынша сырттай дауыс беру мерзімдері қысқартылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.05.06. № 371 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 67-тармақ жаңа редакцияда
67. Үкімет мүшелері сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Кеңсеге электрондық құжаттар нысанында жауаптар немесе («Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар жобалар бойынша, сондай-ақ Үкімет мүшесі Қазақстан Республикасының аумағында қызметтік іссапармен болған жағдайда) жазбаша жауаптар жібереді, онда өз пікірлерін білдіреді. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда, Үкімет мүшесі жобаның қабылдануына дауыс берді деп саналады.
Үкімет мүшелері дауыс беруді алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады.
68. Егер жоба бойынша Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілігі жобаны қабылдауға дауыс берсе сырттай дауыс беру өткізілді деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс беру нәтижелері осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және тәртіппен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.11.04. № 185 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.25.03. № 136 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 70-тармақ жаңа редакцияда
70. Үкімет отырысында қабылданған қаулы жобалары Премьер-Министрдің қол қоюына жіберіледі.
Елтаңбалық бланкідегі электрондық және қағаз құжат нысанындағы Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдеріне Премьер-Министр электрондық келісу нәтижелері болған жағдайда қол қояды.
«ҚБП» белгісі бар Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің қағаз даналарына Премьер-Министр БҚҚБ-ның электрондық және қағаз құжаттар жиынтығын тиісінше қалыптастыруға, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығына жауапты қызметкерлерінің, жауапты бөлім және бірлесіп орындаушы бөлімдер, Заң бөлімі меңгерушілерінің, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес), Премьер-Министрдің тиісті орынбасарларының (олардың міндеттерін бөлуге сәйкес) қолбелгілері болған жағдайда қол қояды.