Егер орындау мерзімі жұмыс емес күніне түсетін болса, одан кейінгі таяудағы жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.
Айлармен есептелетін мерзімдер айдың соңғы жұмыс күнінің тиісті күнінде аяқталады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жылдың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
134. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, қажет болған кезде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
135. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті орынбасарының жетекшілігі көзделеді.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
136. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түріндегі ұсыныстарын ЭҚАБЖ арқылы:
1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға - тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне дейін қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен астам қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
137. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған актілерін және/немесе тапсырмаларын бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі қарайды.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 138-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
138. Егер Үкімет тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын бермеген және ол бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты бермегені туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, орындау мерзімінің бұзылғанына бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ғана жауапты болады.
139. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
140. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарлары бар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 140-1-тармақпен толықтырылды
140-1. Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.
Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды және бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ғана жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 141-тармақ өзгертілді
141. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Президентінде, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырма мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысып отырған лауазымды адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар мен ескертпелер туралы баяндайды) өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
Егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал «өте шұғыл» деген белгі болған кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгі болғанда - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Кеңсе Басшысының тапсырмаларында (оның ішінде хаттамалық), сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған тапсырмаларда, сондай-ақ іс-шаралар жоспарында нақты орындау мерзімі көрсетілмесе және олардың мазмұнынан оларды орындау ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.б.) қажет ететіні туындаған жағдайда не олардың мазмұнынан орындау мерзімі туралы біржақты тұжырым жасау мүмкін болмаса, сондай-ақ даулы жағдайларда, мұндай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттілігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және олар орындауға жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізіледі.
Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» немесе «жинақ» деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Оның бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар. «(Жинақтау)» немесе «жинақ» деген белгілер болмаған жағдайда, тапсырмада көрсетілген мемлекеттік органдар Кеңсеге ақпаратты өздігінен енгізеді.
Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы белгілеген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсе мемлекеттік органдардың ақпаратын жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын нақты лауазымды адамдар бойынша ақпарат енгізілген кезде ғана қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 141-1-тармақ өзгертілді
141-1. Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсетіп, тапсырманы орындау мерзімін ұзарту не нақты орындау мерзімін, жауапты мемлекеттік саяси қызметшіні - орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарын, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды міндеті түрде көрсетіп, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлелді түрде негіздей отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі хат енгізеді.
Бұл жағдайда жауапты бөлімнің басшысы жауапты орындаушы мемлекеттік органның ақпараты келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келісім бойынша Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті қарарын дайындайды.
Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігі туралы себептер мен негіздер, жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және нақты орындау мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-2-тармақпен толықтырылды
141-2. Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті ұсынысы негізінде жауапты мемлекеттік саяси қызметшіге - орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тиісті ұсынысын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі дайындайды және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келіседі.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 141-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмаларынан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-4-тармақпен толықтырылды
141-4. Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақтылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген мемлекеттік органның басшысы, сол сияқты аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді жүзеге асыратын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 141-5-тармақпен толықтырылды
141-5. Тапсырма уақтылы, сапалы орындалмаған немесе мерзімін ұзарта отырып орындалған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімше тапсырма жобасының мәтінінде кемшілік түрін көрсете отырып, тиісті тапсырма жобасында кінәсінен кемшілікке жол берілген жауапты мемлекеттік органдарды көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 142-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
142. Бақылаудан алу не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды бақылаудан алу - Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының қарары бойынша.
1-1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмалары, оның ішінде оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - тиісінше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қарары бойынша;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Президент Әкімшілігі Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) Премьер-Министрдің тапсырмалары, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министрдің не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде ол өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министр орынбасарының не оның тапсырмасы бойынша өзге адамның қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.
143. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде осындай тәртіп қамтамасыз етіледі - егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 144-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
144. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептер бойынша тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып, не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) ақпаратты ұсыну кезеңділігі мен нақты орындау мерзімін көрсете отырып, не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініш;
3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Қағидалардың 50-тармағында белгіленген нысан бойынша мәліметтерді қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 145-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
145. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмалардың нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы;
2) Үкіметтің тиісті қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің не өзге нормативтік құқықтық актінің қабылдануы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер) енгізуі;
4) туындаған объективті жағдайларға байланысты орындаудың мүмкін болмауы;
5) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының басқа тапсырмасын қайталауы негіз болады.
Бұл ретте құжатты тұтастай немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Кеңсе басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Кеңседе тіркелген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
146. Премьер-Министрдің орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде Премьер-Министрге ұсыныстар енгізе алады.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 147-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
147. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп рет) ауыстыру фактілері Кеңсе Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде мемлекеттік органдардың жауапты хатшыларын (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) немесе аппарат басшыларын шақыра отырып қаралады.
148. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңседе бақылауға алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
149. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
150. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Баяндалған мәліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 151-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
151. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2016.02.02. № 45 Қаулысымен 152-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152. Үкімет немесе Кеңсе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 153-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
153. Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Парламент депутаттарының, Бас Прокурордың, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының атына Премьер-Министр жіберетін жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен мәжілістер хаттамаларының жобаларын Премьер-Министрдің орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы бір тәуліктен асырмай қарайды.
154. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және жартыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 155-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
155. Кеңсе Басшысының Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқығы бар.
156. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2014.27.03. № 270 Қаулысымен 11-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 11-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тарау. Меморандумдарды дайындау және бекіту
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 157-тармақ жаңа редакцияда
157. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін әрбір мемлекеттік орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған меморандумды әзірлейді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімі қол қояды және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 158-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
158. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық/жергілікті бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде түйінді нысаналы индикаторларға басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды әзірлеу ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін өткен жылғы түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 159-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
159. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының меморандумдарын әзірлеу және бағалау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2018.24.07. № 455 Қаулысымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.12.02. № 126 Қаулысымен 1-1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.11.08. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ____ жылғы «____» ___ мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
«______________________________________________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган - ________________________________________________________________________________________.
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
________________________________________________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі,
________________________________________________________________________________________________________
(қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):
Жобаны қабылдау ___________________________________________________________________________ мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).