2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 141-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
141-1-бап. Аттестаттауды өткізу тәртібі мен шарттары
1. Тағылымдаман өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарға тестілеуді жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
2. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша тиісті жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары арқылы өзін аттестаттауға жіберу туралы өтінішті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен қоса жібереді.
3. Құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық берілмеген жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары құжаттармен бірге берілген өтінішті олар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, қарамастан қайтарады.
4. Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмесе, атттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары үміткерге өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәжді шешімді жібереді.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға уәкілетті органға шағым жасауға болады. Уәкілетті органның қабылданған шешімімен келіспеген немесе одан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап алмаған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа беріледі.
5. Аттестаттауға жіберілген үміткерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдары аттестаттау өтетін орын, күні, уақыты, тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
6. Аттестаттауды жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізеді.
7. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.
8. Үміткер өзінің таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.
Тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.
9. Аттестаттау нәтижелері бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы уәжді шешім шығарады.
10. Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиет, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбалар пайдалануына жол берілмейді.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда үміткерді жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттаудан шеттетеді.
Аттестаттаудан шеттетілген үміткер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.
11. Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.
Үміткер қайта келмеген жағдайда оның өтініші қаралмайды және ол ұсынған құжаттармен бірге қайтарылады.
2010.28.12. № 368-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 142-бап өзгертілді; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 142-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
142-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясы
1. Жеке сот орындаушысының лицензиясы атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген рұқсат болып табылады және оны уәкілетті орган тағылымдама мен аттестаттаудан өткеннен кейін береді. Уәкілетті орган Жеке сот орындаушылары лицензияларының мемлекеттік тізілімін жүргізеді.
2. Жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады. Жеке сот орындаушысының лицензиясын беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
3. Жеке сот орындаушысы лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес айқындалады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
5. Судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, мамандандырылған магистратурада оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде екі жыл атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген адамдар, құқық қорғау немесе арнаулы органдарда жұмыс істеген адамдар, прокурор, тергеуші лауазымында немесе жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын не қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі болған кезде тағылымдамадан және аттестаттаудан өтпей жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 143-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
143-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарының және Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және өңірлік палаталары тәртіптік комиссиясының ұсынуы негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.
2. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы мынадай жағдайларда:
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылғанда;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанда;
3) атқарушылық құжатты қабылдаудан негізсіз бас тартқанда;
4) осы Заңның 52-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және 77-бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке сот орындаушысы өзінің атқарушылық округінің аумағынан тыс жерлерде атқарушылық іс-әрекеттер жасағанда;
5) осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 9-1) тармақшасында белгіленген мерзімде оқудан (біліктілігін арттырудан) өтпегенде не одан өтуден бас тартқанда;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) жеке сот орындаушысы осы Заңның 148-бабы 1-тармағының 4), 5-1) және 5-2) тармақшаларының және 2-тармағының талаптарын бірнеше рет бұзғанда;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) егер жеке сот орындаушысы мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу бойынша үш айдан аспайтын берешегі бар адамды қоспағанда, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімінде жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімдері көрсетілуге тиіс. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылған кезде, уәкілетті орган жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын қалпына келтіру туралы шешім шығарады.
4. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру уәкілетті органның жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы шешімі қабылданған кезден бастап жеке сот орындаушысы ретіндегі қызметке және атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тыйым салуға әкеп соғады.
5. Жеке сот орындаушысының өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, өз қызметін түрақты немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаты болып сайланған жағдайда оның өтініші бойынша тоқтатыла тұрады. Депутаттың өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін осы адам жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін атқаруды қайта жалғастыра алады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, оның орындауындағы атқарушылық іс жүргізу басқа жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушының келісімімен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жіберіледі.
144-бап. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтату уәкілетті органның қуынымы бойынша мынадай жағдайларда:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы бірнеше рет, оның ішінде мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтіріле отырып бұзылған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру себептері жойылмаған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жеке сот орындаушысының лицензиясын беру үшін негіз болып табылған құжаттарда анық емес немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;
4) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметін дәлелсіз себептермен үш күннен астам жүзеге асырмаған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) денсаулық жағдайы бойынша кәсіби міндеттерін орындау мүмкін болмаған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін қызметтің өзге де түрлерімен айналысқан;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Республикалық палатадан шығарылған жағдайда, сот тәртібімен жүзеге асырылады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) жеке сот орындаушысы өз еркімен өтініш берген;
2) жеке сот орындаушысының азаматтығы өзгерген немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
3) жеке сот орындаушысы қылмыс жасағаны үшін сотталған жағдайда - үкім заңды күшіне енгеннен кейін;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) сот жеке сот орындаушысын қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кетті деп таныған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) жеке сот орындаушысы қайтыс болған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жеке сот орындаушысына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы қаулы шығарылған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жеке сот орындаушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру фактісі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы ұсынысты уәкілетті органға прокуратура, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы немесе аумақтық орган енгізеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жеке сот орындаушысының іс жүргізуін, мұрағатын, ағымдағы шотының қаражатын басқа жеке сот орындаушысына тапсыру жөнінде, сондай-ақ жеке сот орындаушысының лицензиясын оны уәкілетті органға тапсыру үшін алып қою және жеке сот орындаушысының жеке мөрін жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті орган басшысының бұйрығы негізінде қызметін тоқтатқан жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына билік етушіні алмастыруды жүргізеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Егер жеке сот орындаушысына қатысты тәртіптік іс жүргізу қозғалған болса, онда атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өкілеттіктері тәртіптік іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана оның өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.
6. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы уәкілетті органның шешіміне сотқа шағым берілуі мүмкін.
145-бап. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
146-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыруының ерекше шарттары
1. Жеке сот орындаушысы, талаптары тараптардың келісімімен айқындалатын өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, өз қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Жеке сот орындаушысы, егер өндіріп алу сомасы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сомасының мөлшерінен асатын болса, атқарушылық әрекеттерді жасауға құқылы емес.
Егер жеке сот орындаушысы тиісті атқарушылық әрекеттер жасауды қаласа, бірақ азаматтық-құқықтық жауапкершілікті жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өндіріп алатын сомадан аз болса, ол жетіспейтін сомаға азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
3. Егер келтірілген зиянның мөлшері жеке сот орындаушысының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, төлемдер Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша жүргізіледі.
4. Егер келтірілген зиянның мөлшері Қазақстан Республикасының жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жалпы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшерінен асатын болса, жеке сот орындаушысы оларға келтірілген зиянды жеке өзіне тиесілі мүлікпен және ақшамен қайтарады.
5. Өтелуге тиіс зиян келтіру фактісі мүдделі тараптардың келісімімен белгіленеді, ал дау болған жағдайда оны сот белгілейді.
6. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-параграф. Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
147-бап. Жеке сот орындаушысының құқықтары
Жеке сот орындаушысы:
1) осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сай жасауға;
2) кез келген банкте банктік шоттар, оның ішінде валюталық шот ашуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің болуына, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қызметін пайдалануға;
4) мемлекеттік тіркеу органдарының және өзге де ұйымдардың электрондық деректер базасынан мәліметтер алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
148-бап. Жеке сот орындаушысының міндеттері
1. Жеке сот орындаушысы:
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;
2) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сот орындаушысының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға;
3) өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауға, жеке адамдардың жеке өмірінің мән-жайларына қатысты құпияны сақтауға, қызметінің нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге міндетті.
Аталған міндет жеке сот орындаушысының өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де күшінде қалады. Құпияны сақтау туралы талапты жеке сот орындаушысы кеңсесінің қызметкерлері мен аталған мәліметтерге қолжетімді басқа адамдар да сақтауға міндетті;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға уақтылы және тиісінше ақпарат ұсынуға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;
6) 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) заңмен көзделген жағдайларда жасалған атқарылған әрекеттер туралы мәліметтерді, құжаттардың өзге де көшірмелерін, қажет болған жағдайда - түсініктемелер, оның ішінде Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке түсініктемелер беруге;
8) негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге;
9) өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-1) өз қызметін жүзеге асыра бастағаннан бастап алты ай ішінде, кейіннен үш жылда бір рет атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Республикалық палата бекітетін бағдарламаларға сәйкес кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өтіп тұруға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды
9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайда, өндіріп алушымен келісу бойынша атқарушылық іс жүргізу материалдарын басқа жеке сот орындаушысына міндетті түрде бере отырып, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына хабар беруге;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:
1) нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;
2) нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.
149-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін шектеу
Жеке сот орындаушысы ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақылы қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқылы емес.
150-бап. Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі
1. Жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа да адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
151-бап. 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-параграф. Жеке сот орындаушысының қызметін ұйымдастыру
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 152-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 152-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
152-бап. Атқару округі
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады.
2. Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы.
3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.
4. Жеке және заңды тұлғалар атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін борышкердің тұрғылықты жері не жұмыс орны (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға тіркелген жер бойынша), мүлкі орналасқан жер бойынша жеке сот орындаушысына жүгінеді.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 153-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 153-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
153-бап. Жеке сот орындаушысының кеңсесі, қызметтік үй-жайы
1. Жеке сот орындаушысының кеңсесі жеке сот орындаушыларының қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Жеке сот орындаушысының кеңсесін Республикалық палатаның мүшесі (мүшелері) құрады. Жеке сот орындаушысы бір ғана кеңсенің құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.
3. Бір жеке сот орындаушысы құрған жеке сот орындаушысының кеңсесі өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.
Бірнеше жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушысының кеңсесін құрған кезде құрылтай шарты да құрылтай құжаты болуы мүмкін.
Жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы Республикалық палатаны жазбаша хабардар етуге және оның қарамағына жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтай құжаттарын ұсынуға міндетті.
4. Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
5. Жеке сот орындаушысы кеңсесінің атауы аумағында ол құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.
6. Жеке сот орындаушысы кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді.