мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) казино қызметін жүзеге асыру үшiн үш жұлдыздан кем емес санаттағы қонақүй кешенінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;
1-2) ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі үйдің (үй, құрылыс, ғимарат бөлiктерiнiң) болуы;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) казино және ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін меншік құқығындағы ойын жабдығының болуы;»;
5-тармақтың 8) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) букмекер кеңсесі мен тотализатордың қызметін жүзеге асыру үшін бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған меншік құқығындағы жабдықтың болуы;»;
4) тармақшадағы «мемлекеттік», «ережелерінің» деген сөздер тиісінше «қазақ», «қағидаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) казиноның және ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын заңдастырылған белгілердің қазақ және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы;
5-тармақтың 8) тармақшасының он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілді
6) өтiнiм берушiде әрбiр ойын мекемесi үшiн осы Заңда айқындалатын мiндеттi резервтер түрiнде (республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiшпен) ойын бизнесi саласында мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн:
казино және ойын автоматтары залдарын - 60 000 мөлшерiнде;
букмекер кеңселерiн - 40 000 мөлшерiнде;
тотализаторларды - 10 000 мөлшерiнде қамтамасыз етудiң болуы.»;
9) 14-баптың 2 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ойын бизнесін ұйымдастырушы міндетті резервтерді осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда орналастыруды тұрақты негізде қамтамасыз етуге міндетті.»;
«6. Ойын бизнесін ұйымдастырушы кемінде үш айда бір рет уәкілетті органға банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшасының болуы және қозғалысы туралы анықтама табыс етеді.»;
10) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ойын мекемесі жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің қазақ және орыс тілдеріндегі қағидалары құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың олармен танысуы үшін ойын мекемелеріндегі көрінетін жерге орнатылуға тиіс.».
2-бап.
Осы Заң:
1) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші, төртінші, он бесінші, он алтыншы, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтарын, 5-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасының үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші және он бесінші абзацтарын, 7) тармақшасын, 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бір ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 8) тармақшасының он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар:
1) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өзінің қызметін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 8) тармақшасы он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге;
2) осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өзінің қызметін осы Заңның 1-бабы 5-тармағының 5) тармақшасы үшінші абзацының, 6) тармақшасы үшінші, төртінші, оныншы, он бірінші және он бесінші абзацтарының, 7) тармақшасының, 8) тармақшасы екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы сәуірдің 24-і.
№ 310-V