ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Астық туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 38-ө өкімін қараңыз
1-бап. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; № 24-I, 118-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1), 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) астық нарығы жөніндегі оператор - астық нарығында тұрақтандыру функциясын және астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания;»;
«14-1) астықтың резервтік қоры - табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түліктік астықпен кепілдендірілген түрде қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қажет болған кезде ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында пайдаланылатын азық-түліктік астық қоры;
14-2) астықтың резервтік қорын басқару - астық нарығы жөніндегі оператордың бюджет қаражаты есебінен астық қабылдау кәсіпорындарында астықтың резервтік қорын сақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ астықтың резервтік қорын сатып алуға және өткізуге бағытталған қызметі;»;
2) 3-баптың 9) тармақшасындағы «алдын алу болып табылады.» деген сөздер «алдын алу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз ету болып табылады.»;
3) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;»;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-2), 32-6) және 32-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) астық нарығы жөніндегі операторды айқындау;»;
«32-6) астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту;
32-7) астық нарығы жөніндегі операторға астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;»;
5) мынадай мазмұндағы 6-4-баппен толықтырылсын:
«6-4-бап. Астық нарығы жөніндегі оператор
Астық нарығы жөніндегі оператор:
1) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) астықтың резервтік қорын ұстап тұруды қамтамасыз етеді;
3) астық сатып алуды жүзеге асырады;
4) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету мақсатында ұн тарту ұйымдарына азық-түліктік астық жеткізуді қамтамасыз етеді;
5) тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыруға қатысады;
6) азық-түліктік астық сатып алу және жеткізу арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 21 желтоқсан
№ 390-VI ҚРЗ