Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, егер заңнамада өзгелер белгіленбесе, оған бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту
27. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Құпия.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің
тізбесi
Құпия.