3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарламау негiз болуы мүмкiн.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемiнен бас тарту туралы шешiм қабылдайды және отыз күн iшiнде бас тарту себептерiн дәлелдi негiздей отырып, сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) пайда алушыға жазбаша нысанда хабарлайды.
5. Сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүргiзуден бас тартуына сақтанушы (сақтандырылушы) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сотқа шағым жасауы мүмкiн.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды
21-1-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
22-бап. Дауларды қарау тәртібі
Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.
23-бап. Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |