2. Әкімшілік ұстаудың тәртібі, мерзімдері, әкімшілік ұстауға ұшыраған адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу
1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.
2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.
3. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға:
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;
2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғын жайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын да қолдануға құқылы.
4. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келу міндеті жүктелуі мүмкін.
5. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу тәртібі, оның қолданылу мерзімдері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.
6. Ішкі істер органдары мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.
23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары
2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар процестік мәжбүрлеу шараларын және процестік қауіпсіздік шараларын қолданады.
2. Іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және қауіпсіздіктің іс жүргізу шараларын қолдануға негіздер, оларды қолдану тәртібі, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.
25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау
Жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды.
Өзінің қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі мәлім болған адамның құпия ақпаратты жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2009 жылғы желтоқсанның 4-і.
№ 214-ІV ҚРЗ