Қазақстан Республикасының
Заңы
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
(2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері
4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері
5-бап. Қор қызметінің қағидаттары
2-тарау. Қорды басқарудың ерекшеліктері
6-бап. Қордың органдары
7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері
8-бап. Қордың директорлар кеңесі
9-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
10-бап. Қор басқармасы
11-бап. Қордың ішкі аудит қызметі
3-тарау. Қор тобындағы басқару ерекшеліктері
12-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы
13-бап. Мемлекеттік органдардың Қормен және Қордың тобына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимылы
14-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдар қызметінің экономиканы немесе экономиканың жеке алғанда бір саласын дамытуға әсерін талдау тәртібі
15-бап. Қордың әлеуметтік маңызы бар және индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруының ерекшеліктері
16-бап. Қордың және Қордың тобына кіретін ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары
4-тарау. Қор тобының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері
18-бап. Қордың ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз етуге арналған ерекше өкілеттіктері
19-бап. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу
20-бап. Ақшаны басқару
21-бап. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелер
22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) иемденуі
23-бап. Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті енгізу арқылы оған мемлекеттік меншікті тоқтату
24-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдарды басқару
24-1-бап. Қордың және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Қорға меншік құқығымен тиесілі ұйымдардың активтерін бәсекелес ортаға беру
5-тарау. Қорытынды ережелер
25-бап. Қордың және оның лауазымды адамдарының жауапкершілігі
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жанама иелену - Қордың әрбір келесі ұйымының өзге ұйымның акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленуі;
2) компаниялар - ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;
3) Қордың даму стратегиясы - Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайтуға, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқаруға бағытталған, Қордың компанияларды басқару жөніндегі миссиясын, болжап көруін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
4) Қордың тобы - Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар.
Қордың тобына:
кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) сату жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар;
банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді;
5) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі - Қор) - ұлттық басқарушы холдинг.
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Қордың тобына қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге кіретін компанияларға қолданылмайды.
3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері
Қордың акциялары мемлекеттің айрықша меншігі болып табылады және иеліктен шығаруға жатпайды.
4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері
1. Қор қызметінің мақсаты Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады.
2. Қордың міндеттері:
1) Қордың тобына кіретін ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін, нарықтық құнын және кірістілігін арттыру;
2) Қордың тобына корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесін енгізу;
3) инновациялық процестер мен технологияларды әзірлеуді және оларды Қордың тобына енгізуді ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасына инвестициялар тартуға қатысу, Қордың тобына кіретін ұйымдардың инвестициялық белсенділігі үшін жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту;
5) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобалар әзірлеу және оларды іске асыру, Қазақстан экономикасын жаңғырту және әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
6) кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
7) Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамытуға ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар индустриялық-инновациялық жобаларды Қордың іске асыруының осы Заңда белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, оларды іске асыруға қатысу болып табылады.
5-бап. Қор қызметінің қағидаттары
Қордың қызметі:
1) Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау;
2) Қордың және Қордың тобына кіретін басқа да ұйымдар қызметінің кірістілігі, тиімділігі, транспаренттілігі және есептілігі;
3) шешімдерді қабылдау мен оларды іске асырудағы жүйелілік пен жеделдік;
4) Қордың әлеуметтік жауапкершілігі;
5) заңдылық қағидаттарына негізделеді.
2-тарау. ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6-бап. Қордың органдары
Қордың органдары мыналар болып табылады:
1) жалғыз акционер - жоғары орган;
2) директорлар кеңесі - басқару органы;
3) басқарма - атқарушы орган;
4) Қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар.
7-бап. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері
1. Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
2. Қордың жалғыз акционерінің айрықша құзыретіне мынадай:
1) Қордың жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
2) Қордың жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
3) Қордың даму стратегиясын бекіту және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
4) Қорды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
5) Қордың жария етілген акцияларының санын көбейту немесе Қордың орналастырылмаған жария етілген акцияларының түрін өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) Қордың директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
7) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компаниялардың акцияларын иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру;
8) Қордың жалғыз акционері айқындаған тізбе бойынша компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдау;
9) Қор басқармасының төрағасын тағайындау және қызметінен мерзімінен бұрын босату;
10) Қордың есепті қаржы жылындағы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қордың бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту;
11) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар орын ала бастаған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
12) Қордың дивидендтік саясатын айқындау;
13) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 19) тармақшасына сәйкес қабылданған Қордың директорлар кеңесінің шешімін бекіту;
14) банктердің акцияларын иемдену және иеліктен шығару, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру;
15) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту мәселелері;
16) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
3. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың жалғыз акционері қабылдайды.
4. Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және (немесе) Қордың жарғысымен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі жеке қаулы түрінде қабылдайды.
Қордың жалғыз акционерінің шешімдер қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
8-бап. Қордың директорлар кеңесі
1. Қордың директорлар кеңесі жалғыз акционер сайлайтын төрағадан және мүшелерден тұрады.
2. Лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қордың директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің арасынан, Қордың басқарма төрағасынан, тәуелсіз директорлардан және өзге де адамдардан қалыптастырылады.
Директорлар кеңесінің сандық құрамы Қордың жарғысымен айқындалады, бұл ретте тәуелсіз директорлардың саны директорлар кеңесі сандық құрамының бестен екі бөлігінен кем болмауға тиіс.
3. Қордың директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер:
1) Қордың даму жоспарын бекіту;
2) Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, оларға мониторинг жүргізу, олардың іске асырылуын бағалау, беру тәртібін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;
3) Қордың даму жоспарының орындалуын бақылау мен талдауды, іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру;
4) Қордың даму жоспары шеңберінде Қор қызметінің негізгі көрсеткіштерін айқындау;
5) Қордың жылдық бюджетін әзірлеу, бекіту, орындау және оған мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;
6) Қордың жылдық бюджетін бекіту;
7) осы Заңмен тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім Қордың жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған компанияларды қоспағанда, компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдау;
8) акцияларды орналастыру (сату) туралы, оның ішінде жария етілген акциялардың саны шегінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
9) акцияларды қоспағанда, орналастырылған бағалы қағаздарды Қордың құнын төлеуі және олардың құнын төлеу бағасы туралы шешім қабылдау;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қордың саясаттарын: тәуекелдерді басқару, қайырымдылық көмек жөніндегі, әлеуметтік жауапкершілік туралы, ақпаратты ашу, кредиттік, индустриялық-инновациялық және өзге де саясаттарын бекіту;
11) Қордың аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және жылдық бюджетті бекіту шеңберінде оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін айқындау;
12) мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығару туралы шешім қабылдау;
13) тәуелсіз директорларға сыйақылардың мөлшері мен оларды төлеу шарттарын айқындау;
14) Қордың штат санын бекіту;
15) Қордың директорлар кеңесі жанынан комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау;
16) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ Қор басқармасының төрағасын қоспағанда, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
17) басқарма төрағасы мен оның мүшелерінің лауазымдық жалақыларының мөлшерін және еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын айқындау;
18) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы мөлшерін және оларды төлеу шарттарын айқындау;
19) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін іске асыру мақсатында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында орналастырылатын Қор тобына кіретін ұйымдар акцияларының бағасы, саны, орналастыру құрылымы туралы шешім қабылдау;
20) Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту. Директорлар кеңесі бекітуге тиіс құжаттардың тізбесін ол дербес айқындайды;
21) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелердің Қордың тобына кіретін ұйымдар арасында жасалуының тәртібін айқындау;
22) Қордағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін бекіту;
23) Қорға тиесілі барлық активтердің жиынтығында жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Қордың өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы;
24) Қордың міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту;
25) Қордың басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызын иемденуі;
26) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығару және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір және одан да көп пайызы сомасына Қордың өзге де қарыз тартуы шарттарын айқындау;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
27) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша Қордың әкімшілік шығыстарының нормативтері мен лимиттерінің жекелеген түрлерін бекіту;
28) Қордың жалғыз акционері бекітетін әдістемеге сәйкес Қордың директорлар кеңесінің қызметіне жыл сайын бағалау жүргізу;
29) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционерінің, басқармасының немесе басқарма төрағасының айрықша құзыретіне жататын шешімдерді қоспағанда, директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда көзделген шешімдерді қабылдау;
30) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
4. Осы баптың 3-тармағының 7) және 19) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компанияларға қатысты шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау үшін Қордың директорлар кеңесі қабылдайды.
5. Қордың директорлар кеңесінің қызметін, оның ішінде директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін қалыптастыратын және Қордың директорлар кеңесінің мүшелеріне отырыстың өткізілетіні туралы хабарлама жіберетін корпоративтік хатшы және Қор қамтамасыз етеді.
9-бап. Директорлар кеңесінің комитеттері
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және Қордың директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қордың директорлар кеңесінің жанынан тұрақты жұмыс істейтін комитеттер құрылуы мүмкін.
Егер Қор директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын мәселе қандай да бір комитеттің өкілеттіктеріне кіретін жағдайда, ол тиісті мәселені міндетті түрде алдын ала қарайды және ол бойынша қорытынды дайындайды.
Осы Заңның 14-бабында көзделген мамандандырылған комитет міндетті түрде құрылады.
2. Қордың директорлар кеңесінің комитеттері Қордың директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.
Қор басқармасының төрағасы Қордың директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
3. Қордың директорлар кеңесінің шешімдер қабылдауының сапалық деңгейін арттыру мақсатында Қордың жылдық бюджеті шеңберінде директорлар кеңесі немесе оның комитеттері қарайтын мәселелер бойынша консультанттарды, оның ішінде халықаралық дәрежедегі консультанттарды тартуға арналған қаражат көзделеді.
4. Қордың директорлар кеңесінің комитеттерін қалыптастыру мен олардың жұмыс тәртібі, олардың өкілеттіктері, сандық құрамы Қордың директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттарда белгіленеді.
10-бап. Қор басқармасы
1. Қор басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де адамдардан тұрады.
2. Қор басқармасының айрықша құзыретіне мынадай:
1) Қордың бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін айқындау, сондай-ақ оларды өзгерту;
2) Қор акцияларына төлемге берілген не ірі мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және компаниялардың жарғыларына сәйкес компаниялар акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының құзыретіне жататын, олар бойынша шешімдерді (осы Заңға сәйкес Қордың директорлар кеңесі компаниялар қызметінің мәселелері бойынша қабылдайтын шешімдерді қоспағанда) Қор басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайтын компаниялар қызметі мәселелерінің тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындау;
4) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі компаниялардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін келісу;
5) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске асырудың толымдылығы мен мерзімдері бойынша іркіліс болуына жол бермеу жөнінде компанияларға қатысты жедел шаралар қолдану;
6) компанияларға қатысты (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, ақшаны басқару жөнінде біртұтас кадр саясатын, әлеуметтік және өзге де саясатты қалыптастыру;
7) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты әдістемелік ұсынымдар мен корпоративтік стандарттарды бекіту;
8) компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, оларды орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
9) дивидендтік саясатты және компаниялар үшін дивидендтер есептеу нормативтерін бекіту;
10) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компаниялардың әкімшілік шығыстарының нормативтері мен лимиттерінің жекелеген түрлерін бекіту;
11) Қордың штат кестесі мен ұйымдық құрылымын бекіту;
12) Қордың филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешімдер қабылдау;
13) Қор басқармасы үшін ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қор басқармасының жанынан Қордың, компаниялардың қызметкерлерінен және өзге де адамдардан тұратын комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау;
14) Қор немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындау;
15) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығарудың және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан аспайтын сомаға Қордың өзге де қарыз тарту шарттарын айқындау;
16) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көзделгендерді қоспағанда, Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;
17) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес орталықтандырылған қызметтер құру;
18) жыл сайынғы негізде компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдау және Қордың директорлар кеңесіне компаниялар қызметінің нәтижелері туралы есептер беру мәселелері;
19) осы Заңда және (немесе) Қордың жарғысында Қордың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер жатады.
3. Осы баптың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларында көрсетілген, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компаниялар қызметінің мәселелері бойынша шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі үшін акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау мақсатында Қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайды.
4. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәселелермен қатар Қор басқармасы төрағасының құзыретіне:
1) компанияларда және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамын тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін өзге де заңды тұлғаларда тексерулер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдау;
2) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компанияларға олардың қызметі мәселелері бойынша орындауы үшін тікелей (жедел) тапсырмалар беру;
3) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығында Қорға тиесілі компаниялар атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту;
4) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады.
5. Осы баптың 2-тармағының 4)-6) тармақшаларында және 4-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген шешімдер Қордың директорлар кеңесі белгілейтін тәртіппен компаниядағы корпоративтік басқару деңгейі ескеріле отырып қабылданады.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) Қор сенімгерлік басқаруға берген жағдайда осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген өкілеттіктерді Қор (оның органдары мен лауазымды адамдары) және сенімгерлік басқарушы іске асырмайды.
11-бап. Қордың ішкі аудит қызметі
1. Қордың ішкі аудит қызметін Қордың қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау саласында, тәуекелдерді басқару жүйесін, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды және Қор қызметін жетілдіру мақсатында консультация жасауды жүзеге асыру үшін Қордың директорлар кеңесі құрады.
2. Қордың ішкі аудит қызметі Қордың директорлар кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
3-тарау. ҚОР ТОБЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
12-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылы осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қордың арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қорға оның қызметі мәселелері бойынша қоятын талаптарын;