28) ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
29) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
30) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық комиссияларды құрады және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
31) мектепке дейінгі ұйымдарды, білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын йодталған ас тұзымен және басқа да йод қосындыларымен байытылған тағамдық өнімдермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32) үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
33) паллиативтік медициналық көмекті қоспағанда, паллиативтік көмек беру жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
34) «Кәсібі бойынша үздік» аталымын береді;
35) интерндер мен резидент-дәрігерлерге тұратын және медициналық көмек көрсететін орындарды беруді (егер денсаулық сақтау ұйымы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы бар басқа елді мекенде орналасқан жағдайда) қоса алғанда, интерндер мен резидент-дәрігерлерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің денсаулық сақтау ұйымдарына орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз етеді;
36) медициналық қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жаратуды ұйымдастырады;
37) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамытуды және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларын орындауды жүзеге асырады;
38) денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралардың және Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
39) денсаулық сақтау саласында өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
40) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
13-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз құзыреті шегінде:
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
3) адамдардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
5) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;
7) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;
8) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;
10) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;
11) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;
13) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;
14) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;
15) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
16) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;
17) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;
18) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;
19) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;
20) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
21) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21-1) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
21-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператордың өкілеттіктері
Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық оператор денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырады.
15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия
1. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия стандарттауды, клиникалық хаттамаларды, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ осы Кодекстің 25-бабына сәйкес субъектілерді аккредиттеу мақсатында құрылады.
2. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру тәртібін және оның қызметі туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.
16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің ведомствоаралық өзара іс-қимылы
1. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың туындау тәуекелі факторларын төмендетуге, төтенше ахуалдар кезінде іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да мүдделі заңды тұлғалардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультациялық-кеңесші орган - Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі құрылады.
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттарды айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құрады.
3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері басқаратын өңірлік үйлестіру кеңестерін құрады.
Өңірлік үйлестіру кеңестерінің құрамын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті өкілді органдары бекітеді.
Өңірлік үйлестіру кеңестері Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің алдында жүргізілген жұмыс туралы міндетті және тұрақты негізде есеп береді.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі іс-шараларды және денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын ұлттық есепке алуды жүргізуді ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтауға бағытталған функцияларды іске асырады.
6. Қоғамдық денсаулықты сақтау бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қосымша қаржыландыру көздері есебінен әлеуметтік жобалар мен гранттарды іске асыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтарды тарта отырып жүзеге асырылады.
7. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер дәрілік заттардың, тағамға биологиялық белсенді қоспалардың, медициналық бұйымдардың, арнайы емдік тамақ өнімдерінің және емшек сүтін алмастырғыштардың нақты саудалық атауларының жарнамасын жүзеге асыруға құқылы емес.
8. Қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік мәні бар аурулардың, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасы мәселелерімен, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттаумен және қалыптастырумен айналыса алады.
9. Ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына өзіне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерінің) қызметі және бекітілген контингенттің денсаулық жағдайы бойынша ведомстволық есептіліктің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ РҰҚСАТТАР МЕН ХАБАРЛАМАЛАР
1-параграф. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау
17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау
1. Денсаулық сақтау саласында қызметтің мынадай түрлерін лицензиялау жүзеге асырылады:
1) медициналық қызмет;
2) фармацевтикалық қызмет;
3) денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет;
4) адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру және қайта ресімдеу, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыру, медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібі мен шарттары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» және «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
18-бап. Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензиялау
1. Адамның ағзалары (ағзасының бөлігі) және (немесе) тіндері (тінінің бөлігі), қан мен оның компоненттері экспорттың немесе ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған жағдайда оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкету «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган адамның тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде, ал адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге, әкетуге - бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.
2-параграф. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру рәсімдері мен хабарлама жасау тәртібі
19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсаттар
1. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттары мыналар болып табылады:
1) эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
2) патогендігі I - IV топтың микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат;
3) өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4) дәрілік затқа және медициналық бұйымға тіркеу куәлігі;
5) дәрілік затты, медициналық бұйымды интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат;
6) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты.
2. Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімдері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда, рұқсат беру құжатын берген лауазымды адамдар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен оның қолданысын тоқтата тұрады.
4. Рұқсат беру құжатының иесі денсаулық сақтау саласындағы рұқсат беру құжатының тоқтатыла тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтарды жою туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, рұқсат беру құжатын берген лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру құжатынан сот тәртібімен айыруға (кері қайтарып алуға) бастамашылық жасайды.
5. Осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын қоспағанда, рұқсат беру құжаттарын мынадай:
1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған;
2) өтініш беруші - дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген;
4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда, қосымша немесе қайта зерттеулер (сынақтар) жүргізілместен қайта ресімдеуге жол беріледі.
20-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшесі:
1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;
2) қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары жөніндегі нормативтік құжаттаманың жобаларына;
3) есептемелік (алдын ала) және белгіленген (түпкілікті) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу жөніндегі жобаларға;
4) шикізат пен өнімге;
5) топыраққа, су айдындарына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға профилактикалық бақылау және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері негізінде береді.
21-бап. Патогендігі I - IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру
1. Патогендігі I - IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсатты меншік нысанына қарамастан микробиологиялық зертханаларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде береді.
2. Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және режимдік комиссияның құрамын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.
3. Патогендігі I - IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат инженерлік, операциялық және техникалық талаптарды (зертхананың биологиялық қауіпсіздік деңгейі) қамтитын, жұмыста пайдаланылатын биологиялық агенттердің тәуекел тобына байланысты зертханалық тежеу шаралары сақталған кезде микроорганизмдермен ғылыми-зерттеу, эксперименттік, өндірістік, далалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізуге беріледі.
4. Патогендігі I - IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруге мыналар:
1) режимдік комиссиялардың зертхананың бейініне сәйкес келетін мамандарының оның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне зерттеп-қарауының оң қорытындысы;
2) орындалатын зерттеулер номенклатурасын, материалдық базаны, кадр құрамын және персоналдың кәсіби даярлығын бағалау негіз болып табылады.
5. Патогендігі I - IV топтың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беруден «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бас тартылады.
22-бап. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру
1. Өнімді мемлекеттік тіркеуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Еуразиялық экономикалық одақтың шешімдерімен айқындалатын өнім жатады.
2. Өнімді мемлекеттік тіркеу:
1) халыққа және мекендеу ортасына әсер етуді сараптамалық бағалау;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
3) арнайы шараларды, оның ішінде заттар мен жекелеген өнім түрлерін кәдеге жарату мен жою, олардың халыққа және мекендеу ортасына зиянды әсер етуін болғызбау жөніндегі шарттарды әзірлеу негізінде жүргізіледі.
3. Ұсынылған құжаттаманың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының оң нәтижелері және өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелері негізінде өнімнің техникалық регламенттерге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына және техникалық регламентіне сәйкестігі бөлігінде оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріле отырып, өнімді мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.
4. Мынадай:
1) өнім техникалық регламенттерге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына және техникалық регламентіне сәйкес келмеген;
2) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға құқықтар, сондай-ақ өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу және беру негіздері болмаған;
4) өнімге және оны дайындау мен айналымы жағдайларына қатысты қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаған, сондай-ақ өнімдер мен мекендеу ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын анықтау мен өлшеу әдістемелері болмаған;
5) мүше мемлекеттің халықаралық конвенциялар мен шарттарға қосылуы шеңберінде алынған, өнімнің дайындалуы, айналымы және тұтынылуы (пайдаланылуы) кезінде өнімнің адам денсаулығына және мекендеу ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы негізді ақпарат болған жағдайларда өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруден бас тартылады.
5. Мемлекеттік тіркеуге жататын өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негіздеу жүргізуге байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді.
6. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден бөлек, мынадай:
1) өнімнің техникалық регламенттерге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына бақылаудағы өнімді тасымалдау, сақтау және өткізу шарттарын бұзуға байланысты емес, сәйкес келмеу фактісі анықталған;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия бақылаудағы өнімнің қауіпсіздігі көрсеткіштерінің қазіргі заманғы ғылыми білім деңгейін дамыту нәтижелеріне негізделген өзгерістерін қабылдаған;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын және (немесе) үйлестіретін уәкілетті органдарынан, халықаралық ұйымдардан немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден өнімнің техникалық регламенттерге және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмеуінің анықталғаны туралы, сондай-ақ өнімнің адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні туралы ақпарат келіп түскен жағдайларда сәйкессіздік себептерін жою үшін орындалу мерзімі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрады.
7. Өнімнің техникалық регламенттерге және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу), қайта бастау немесе тоқтату туралы ақпарат дереу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының басшыларына (олардың орынбасарларына) жіберіледі және Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізіледі.
8. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жалпы негіздерден бөлек, мынадай:
1) өнімді дайындаушының немесе өтініш берушінің заңды мекенжайы өзгерген;