2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 190 (үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында), 215 (екiншi бөлігінің 3) тармағында), 216 (екiншi бөлігінің 4) тармағында), 217 (үшiншi бөлiгiнiң 3) тармағында), 218 (үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында), 234 (үшiншi бөлiгінің 1) тармағында), 249 (үшiншi бөлiгінің 2) тармағында), 307 (үшiншi бөлiгінің 3) тармағында), 361, 362 (төртiншi бөлiгінің 3) тармағында), 364 - 370-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында, төртінші бөлігінде), 190 (екінші бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында, төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, егер оларды тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерiнiң тергеулiгiндегi қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерумен тiкелей байланысты болса, алдын ала тергеудi сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушiлерi жүргiзуi мүмкiн.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-1-бөлікпен толықтырылды
3-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (екiншi бөлiгiнде), 215 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2) және 4) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 216 (бірінші бөлігінде, екiншi бөлiгінің 1), 2), 3) және 5) тармақтарында, үшінші бөлігінде), 219-221, 223-224, 226 (екiншi бөлiгiнде), 228 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 229 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 230 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 231, 234 (екiншi бөлігінде, үшiншi бөлiгінің 2) тармағында) 235, 236 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 237, 238, 239 (екiншi бөлiгiнде), 240, 243 (бiрiншi бөлiгiнде), 244 (екiншi бөлiгiнде), 245 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 248 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 249 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 253, 307 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi экономикалық тергеу қызметінің тергеушiлерi жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 149 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 362 (бірінші, екiншi, үшінші бөліктерінде және төртінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында), 371, 413, 414 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 415, 416 (екiншi, үшінші, төртіншi және бесінші бөлiктерiнде), 418-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 146, 412, 433-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi осы органның қызметкерi болып табылмайтын адамға қатысты сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-1-бөлікпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 147 (үшінші бөлігінде), 195 (үшiншi және төртiншi бөлiктерінде), 196 (үшiншi, төртінші бөлiктерінде), 197 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 198 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 199 (үшiншi және төртінші бөлiктерінде), 217 (екіншi бөлігінде, үшінші бөлігінің 1) тармағында), 232, 250-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) тармағында, төртiншi бөлiгiнде), 190 (екiншi бөлiгiнде, үшiншi бөлiгiнiң 1) және 3) тармақтарында, төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi iшкi iстер органдары, ал мемлекетке залал келтiрiлген жағдайда - экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-2-бөлікпен толықтырылды
4-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 416 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 417, 419 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 420, 421, 422, 423, 424, 425, 432, 434, 435-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-3-бөлікпен толықтырылды
4-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 450, 451, 452-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 182, 269, 276 (екінші және үшінші бөліктерінде), 283, 284, 285, 286 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 290 (екінші бөлігінде), 404 (екінші және үшінші бөліктерінде), 405, 437 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 438 (төртінші бөлігінде), 439 (төртінші бөлігінде), 441 (төртiншi бөлiгiнде), 442 (төртінші бөлігінде), 443 (үшінші бөлігінде), 444, 453 (үшінші бөлігінде), 454 (екінші бөлігінде), 455, 456, 457, 459 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 218 (бірінші және екінші бөліктерінде, үшінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында), 262, 263, 264, 265, 266-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 7-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 258-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алдын ала тергеудi сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған ұлттық қауiпсiздiк органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
8. Түрлi алдын ала тергеу органдарының тергеулігіне жататын қылмыстық істерді бір іс жүргізуге біріктірген кезде тергеулікті прокурор айқындайды.
188-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзiлетiн жер
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық құқық бұзушылық жасалған ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзiледi.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жедел және толық болуы мақсатында ол қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша, сондай-ақ күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерде жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Тергеу әрекеттерiн басқа ауданда (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) жүргiзу қажет болған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам оларды жеке өзi жүргiзуге не бұл әрекеттердi жүргiзудi сол ауданның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тергеушісіне немесе анықтау органына тапсыруға құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасырын тергеу әрекеттерін немесе iздестiру іс-шараларын жүргiзудi сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнындағы немесе олар жүргiзілетін жердегi анықтау органына тапсыра алады. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді қоспағанда, тапсырма он тәулiктен аспайтын мерзiмде орындалуға тиiс.
4. Тергеушінің, прокурордың тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларын орындаған кезде анықтау органының қызметкері тергеушінің өкілеттіктерін пайдаланады.
189-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру анықтау, алдын ала тергеу нысанында және хаттамалық нысанда жүргізіледі.
2. Анықтау нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді осы Кодекстің 191-бабының екінші - он екінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау органы жүргізеді.
3. Алдын ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру осы Кодекстің 32-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда, осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген қылмыстар бойынша, кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ қылмыс жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болған анықтау істері бойынша жүзеге асырылады.
4. Анықтау органының бастығы қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша, осы Кодекстің 526-бабында белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, бір тәулік ішінде прокурорды хабардар ете отырып, анықтау тағайындауға құқылы.
5. Анықтау органының бастығы осы Кодекстің 192-бабының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде істің мән-жайының жеткілікті және толық зерттелуін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайларда да алдын ала тергеу жүргізуді тағайындауға құқылы.
6. Қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 191-бабының он алтыншы - жиырма төртінші бөліктерінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді.
190-бап. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру
1. Хаттамалық нысандағы істерді қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін.
2. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша, егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі мен оны жасаған адам, оның өз кінәсін толық мойындағаны, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскені анықталса, бұл жөнінде күдіктіні хабардар ете отырып және оған бұл шешімнің құқықтық салдарын түсіндіре отырып, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін.
3. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс.
4. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтайды және күдіктінің оны жасауға қатысқанын растайтын дәлелдемелерді жинайды.
5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тек нәтижелері қылмыстық құқық бұзушылық іздерін және күдікті, айыпталушы кінәсінің өзге де дәлелдемелерін ресімдейтін тергеу әрекеттерін және өзге де процестік әрекеттерді ғана жүргізуге құқылы.
6. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру:
1) олардың ішінде біреуі болса да аса ауыр болып табылған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына қатысты;
2) сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға қатысты;
3) қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитетi бар адамдарға қатысты;
4) қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың біреуі болса да өз кінәсін мойындамаған жағдайда;
5) кәмелетке толмағандар немесе дене бітімінің немесе психикасының кемістіктеріне байланысты өзінің қорғалу құқығын өздері жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қолданылмайды.
7. Прокурор сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін айыптау актісімен бірге қылмыстық істі ала отырып, ол бойынша үш тәуліктен кешіктірмей мына әрекеттердің бірін жүргізеді:
1) айыптау актісін бекітеді және қылмыстық істі сотқа жібереді;
2) істі анықтау не алдын ала тергеу жүргізу үшін жібереді;
3) жекелеген күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы шығарады.
191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру
1. Осы баптың екінші - он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 107 (бiрiншi бөлiгiнде), 112, 113, 114 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 117 (екiншi бөлiгiнде), 118 (екiншi бөлiгiнде), 119 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 126 (бiрiншi бөлiгiнде), 128 (бiрiншi бөлiгiнде), 136, 137 (екiншi бөлiгiнде), 139, 142, 143 (бiрiншi бөлiгiнде), 153, 158 (екiншi бөлiгiнде), 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 191 (бiрiншi бөлiгiнде), 194 (бiрiншi бөлiгiнде), 200 (бiрiншi бөлiгiнде), 201 (бiрiншi бөлiгiнде), 202 (бiрiншi бөлiгiнде), 204 (екiншi бөлiгiнде), 207 (бiрiншi бөлiгiнде), 209 (бiрiншi бөлiгiнде), 210 (бiрiншi бөлiгiнде), 212 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (үшiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 274 (бiрiншi бөлiгiнде), 287 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 288 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 292, 293 (бiрiншi бөлiгiнде), 295 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 299 (бiрiншi бөлiгiнде), 300 (бiрiншi бөлiгiнде), 308 (бiрiншi бөлiгiнде), 309 (бiрiншi бөлiгiнде), 310 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 313, 314 (бiрiншi бөлiгiнде), 315 (бiрiншi бөлiгiнде), 319 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 321 (екiншi бөлiгiнде), 322 (бесiншi бөлiгiнде), 337 (үшiншi бөлiгiнде), 339, 341 (бiрiншi бөлiгiнде), 342 (екiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 346 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 347, 348 (екiншi бөлiгiнде), 349 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (бiрiншi бөлiгiнде), 358 (екiншi бөлiгiнде), 359 (екiншi бөлiгiнде), 372, 379 (екiншi бөлiгiнде), 386 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 390 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде), 399 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 402 (бiрiншi бөлiгiнде), 407 (бiрiншi бөлiгiнде), 426 (бiрiншi бөлiгiнде), 427, 428 (бiрiншi бөлiгiнде), 430, 431-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды iшкi iстер органдары жүргiзедi. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 188 (бiрiншi бөлiгiнде), 252 (бiрiншi бөлiгiнде), 290 (бiрiншi бөлiгiнде), 345 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 348 (екiншi бөлiгiнде), 350 (бiрiншi бөлiгiнде), 398 (үшiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша, егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға тiкелей қарсы бағытталған болса, анықтауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзе алады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 214 (бiрiншi бөлiгiнде), 233, 245 (бiрiншi бөлiгiнде), 248 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 437 (екіншi бөлiгiнде), 439 (бірінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөлiктерiнде), 442 (бірінші бөлігінде), 446 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші бөлігінде), 448 (екінші бөлігінде), 449 (екінші бөлігінде), 453 (бірінші бөлігінде), 459 (бірінші және екінші бөліктерінде), 461, 462 (бірінші бөлігінде), 463 (екінші бөлігінде), 466 (екінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген құқық бұзушылық туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды әскери полиция органдары жүргiзедi.
5. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 445-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, осы баптың төртінші бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, осы баптың екінші, үшінші, жетінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші бөліктерінде көрсетілген барлық өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 396-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды шекара қызметiнiң органдары жүргiзедi.
7. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 8-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 189 (бірінші бөлігінде), 190 (бірінші бөлігінде), 217 (бiрiншi бөлiгiнде), 286 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
9. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабында (бірiншi бөлiгінде) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған ішкі істер немесе шекара қызметінің органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 11-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 385 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде)-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтауды сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi бастаған iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі немесе егер олар күзет iс-шаралары өткiзiлетiн аймақта жасалған және тiкелей тiзбесi заңда белгiленген күзетiлетiн адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк күзет қызметi жүргiзедi.
12. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Осы бапта көрсетiлген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша анықтау құқық қылмыстық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
14. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алып тастаулар ескеріле отырып, осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.
15. Осы баптың он алтыншы - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдар істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 16-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 111, 115, 117 (бiрiншi бөлiгiнде), 118 (бiрiншi бөлiгiнде), 119 (бiрiншi бөлiгiнде), 137 (бiрiншi бөлiгiнде), 138, 140, 144, 145, 152 (бiрiншi бөлiгiнде, егер бұл соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаумен байланысты болса), 154, 155 (бiрiншi бөлiгiнде), 156 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 158 (бiрiншi бөлiгiнде), 159, 183, 187, 204 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 206 (бiрiншi бөлiгiнде), 208 (бiрiншi бөлiгiнде), 211 (бiрiншi бөлiгiнде), 213 (бiрiншi бөлiгiнде), 247 (бiрiншi және екінші бөлiктерінде), 276 (бiрiншi бөлiгiнде), 288 (төртiншi бөлiгiнде), 289, 294, 296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 316, 317 (бiрiншi бөлiгiнде), 320 (бiрiншi бөлiгiнде), 322 (бiрiншi бөлiгiнде), 325 (бiрiншi бөлiгiнде), 326 (бiрiншi бөлiгiнде), 328 (бiрiншi бөлiгiнде), 331 (екiншi бөлiгiнде), 334 (бiрiншi бөлiгiнде), 335 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336, 340 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 342 (бiрiншi бөлiгiнде), 343 (бiрiншi бөлiгiнде), 346 (бiрiншi бөлiгiнде), 349 (бiрiншi бөлiгiнде), 351 (бiрiншi бөлiгiнде), 354 (бiрiншi бөлiгiнде), 356 (бiрiншi бөлiгiнде), 357 (екiншi бөлiгiнде), 358 (бiрiншi бөлiгiнде), 359 (бiрiншi бөлiгiнде), 376 (бiрiншi бөлiгiнде), 381, 383, 384, 389 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 391, 393, 395, 397, 398 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 400, 403, 406, 407 (екінші бөлігінде), 410, 436-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 17-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 222, 225, 226 (бiрiншi бөлiгiнде), 227, 228 (бiрiншi бөлiгiнде), 229 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (бiрiншi бөлiгiнде), 234 (бiрiншi бөлiгiнде), 236 (бiрiншi бөлiгiнде), 239 (бiрiншi бөлiгiнде), 241, 242, 243 (екiншi бөлiгiнде), 244 (бiрiншi бөлiгiнде), 246-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
18. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 186 (бірінші бөлігінде), 458 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары жүргізеді.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 195 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 196 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 197 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 198 (екiншi бөлiгiнде), 199 (екiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi iшкi iстер органдары не экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-1-бөлікпен толықтырылды
19-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 363, 414 (төртiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 19-2-бөлікпен толықтырылды
19-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 419-бабында (бірiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстық терiс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе экономикалық тергеу қызметі жүргiзедi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 20-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші және бесінші бөлiктерiнде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналының адамдары өз қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты немесе осы бөлiмдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші - жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген iстер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді.
21. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.
22. 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 337 (бірінші және екінші бөліктерінде), 345 (бірінші бөлігінде), 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 379 (бірінші бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.