6) уәкiлеттi орган айқындайтын көлемде өз объектiлерiнде жаңа релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын орнатуға және пайдаланылып жүрген релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматика құрылғыларын жаңғыртуды жүргізуге;
7) энергетикалық жабдықты пайдалануға байланысты туындаған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарлауға міндетті.»;
3-тармақта:
2-тармақтың 1) тармақшасының он екінші, он үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) спорт-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын) өткізу жағдайларын қоспағанда, тиісінше электр энергиясына шекті тарифтен және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтын тарифтер бойынша электр энергиясын өткізуді жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
2-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асыруға (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);
11) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару кезінде жүйелік оператордың өкімдеріне сәйкес электр энергиясын өндіруді тәулікішілік реттеуді жүзеге асыруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін энергия өндіруші ұйымдар берілудің тәуліктік кестелерін орындау үшін қажетті көлемдерде электр энергиясын сатып алу арқылы авариялық істен шыққан қуаттарды алмастыруды жүзеге асыруға міндетті. Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын авариялық істен шыққан қуаттар көлемінде сатып алуды өзге энергия өндіруші ұйымдардан да, жүйелік оператордан да соңғысымен жасалатын шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен авариялық өзара көмек көрсету туралы шарттар шеңберінде жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электр энергиясына шекті тарифтен және (немесе) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен асыра отырып, электр энергиясын өткізген жағдайда, энергия өндіруші ұйым, спорт-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын) электр энергиясын өткізу нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығындағы субъектілерге асып кеткен соманы қайтаруға міндетті.»;
2-тармақтың 9) тармақшасының жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуға және осы шарттар негізінде электр қуатының нарығына қатысуға міндетті.»;
2-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) 12-1-бапта:
тақырып және 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерді айқындау тәртібі»;
«2. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босату бағасын дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясына босату бағасын дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жылдарға бөліне отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітіледі және қажет болғанда түзетіліп отырады.
Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті айқындау үшін олардың қолданысының алғашқы жеті жылына электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф енгізілетін жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге жұмсалатын ең жоғары шығындар пайдаланылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті дербес, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтен аспайтындай етіп белгілейді.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті уәкілетті орган жылдарға бөле отырып, жеті жылға тең мерзімге бекітеді және қажет болған кезде саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіліп отырады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті айқындау үшін қолданысының алғашқы жеті жылына уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар 2015 жылы салған инвестициялардың жиынтық көлемі (амортизациялық аударымдар есебінен инвестицияларды қоспағанда) пайдаланылады.»;
11) 13-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, энергия беруші ұйымдарға (өз желілеріндегі және шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясының нормативтік ысыраптарын жабу үшін) және ұлттық операторға Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негізінде;»;
2-тармақтың 11) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдықты және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау бойынша білімін тексеруден өтуге және қызметті жүзеге асыруға тиісті рұқсаты болуға міндетті.»;
12) 15-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «міндетті нарығынан тұрады.» деген сөздер «нарығынан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) электр қуатының нарығынан тұрады.»;
2-тармақтың бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы:»;
«2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге, сондай-ақ электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын бір жылға ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;»;
13) 15-1-бапта:
тақырып және 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібі
1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті орган бекіткен тәртіппен электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін әзірлейді.
Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде жылдық ең жоғары электр жүктемесі күніне әзірленетін электр қуатының теңгерімі бөлігінде мыналар ескеріледі:
1) салу үшін уәкілетті орган тендер жеңімпазымен тиісті шарт жасаған, тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың қолда бар электр қуатының көлемі;
2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың, уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі;
3) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың бұрыннан бар генерациялайтын қондырғыларының қолда бар электр қуатының көлемі (осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатын қоспағанда);
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаспай, осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген қолда бар электр қуатының көлеміне қосымша енгізуге жоспарланатын қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болған кезде);
5) уәкілетті органның пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тетігін қолданбай пайдалануға беру жоспарланатын жаңа электр станцияларының қолда бар электр қуатының көлемі (Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бар болған кезде).
Электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өздері өндіретін электр энергиясы бойынша ғана ескеріледі.
2. Уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімін келіп түскен күнінен бастап үш ай ішінде бекітеді.
3. Бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімі бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның және жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Егер бекітілген электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде болжамның алғашқы бес жылы ішінде электр қуатының болжамды тапшылығы 100 МВт-дан асатын болса, уәкілетті орган болжамды тапшылықты жабу үшін пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
3-2. Тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың орналасу орны (алаңы), олар үшін отынның типі және түрі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі кезекті аттестаттауды өткізгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.»;
14) 15-2-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жүйелік оператор уәкілетті орган белгілеген тәртіппен энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 15) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
15) 15-3-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр қуатының нарығы электр қуатына сұранысты жабу үшін Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі бұрыннан бар электр қуаттарын ұстап тұру және жаңаларын енгізу үшін инвестициялар тарту мақсатында жұмыс істейді.
Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
2. Көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді қалыптастырады, онда өздерінің құрамында меншік, жалға алу құқығында немесе өзге де заттай құқықта бар генерациялайтын көздердің электр қуатының есебінен жабылмайтын, алдағы және келесі күнтізбелік жылдардың әр айына тұтынудағы электр қуатының ең жоғары мәнін көрсетеді және оларды есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші тамызынан кешіктірмей жүйелік операторға жібереді.
Жүйелік оператор есепті жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірілмейтін мерзімде электр қуаты резервінің қажетті шамасын және технологиялық шығыстың өтемін жасау үшін, ұлттық электр желісінің өз және шаруашылық мұқтаждарына тұтынудың орташа жылдық электр қуатын ескере отырып, көтерме сауда нарығы субъектілерінің болжамды өтінімдері негізінде алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұранысты әзірлейді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Электр қуатына болжамды сұранысты жабу үшін бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар жасасуды (басымдық тәртібімен):
1) пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2) уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жүзеге асырады. Бұл ретте осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемін және мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
3) құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф бойынша жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады және ол энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәнінің және осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінің айырмасын білдіреді, бұл ретте:
осы көлемде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемісінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуаты ескерілмейді;
егер энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының тиісті жыл ішіндегі жоспарлы ең жоғары мәні осы энергия өндіруші ұйым өзі тұтынатын электр қуатының тиісті жыл ішіндегі ең жоғары мәнінен аспаса, осы көлем нөлге тең деп қабылданады;
4) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен -электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын 25 желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Бұл ретте осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.
Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз болған жағдайларда бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша осы тармақшаға сәйкес айқындалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады.
3-2. Бірыңғай сатып алушы осы баптың 3-1-тармағына сәйкес жасалатын шарттар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, бірақ осы қызмет берілген ай аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлейді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Энергия өндіруші ұйымдар мыналарды:
1) тендер негізінде пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын;
3) экспорттың есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
4) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне берудің есепті жылдағы ең жоғары электр қуатын;
5) электр қуатының мынадай ең көп екі мәнін: өзі тұтынатын электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін;
энергия өндіруші ұйымдардың құрамына кіретін жылу электр орталықтарының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесінің деңгейі қойылған кезде) ең аз электр қуатының есепті жылдағы ең жоғары мәнін шегеріп, бірыңғай сатып алушыға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында аттестатталған электр қуатынан аспайтын көлемде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізуді жүзеге асырады.
Егер электр қуатын кезектен тыс аттестаттауды өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша бірыңғай сатып алушымен жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көрсетілген көлемі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.»;
5-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жыл сайын қараша айының екінші онкүндігінде уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен алдағы күнтізбелік жылға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастырады және өткiзедi.»;
«Орталықтандырылған сауда нарығының операторы шарттық негізде бірыңғай сатып алушыға және нарық субъектілеріне электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу бойынша қызмет көрсетеді.»;
мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Бірыңғай сатып алушы көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге жасалған шарттың негізінде электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.
8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызмет берілген ай ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тіркелген баға бойынша ақы төлеуге міндетті.
Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны алдағы күнтізбелік жылға есептеуді мыналардың:
1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
2) бірыңғай сатып алушы пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер жеңімпаздарымен, уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасаған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасаған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;
4) электр қуатына алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныстың негізінде жүзеге асырады.