жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
375-бап. Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың белгiленген тәртiбiн бұзу
Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың тәртiбiн бұзу -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру
Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру -
лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
377-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және қолдану -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 378-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
378-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, жануарлардың көбею жағдайларын, өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
379-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу
Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елді мекендерді, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстік процестерді жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде өсiмдiктер мен жануарларды қорғау іс-шараларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он төрт, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
380-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнде болу тәртiбiн бұзу
Жеке тұлғалардың мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы -
ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 381-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
381-бап. Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi бүлдіру немесе жою
Селекциялық-генетикалық мақсаттағы объектiлердi: артықшылығы бар ағаштарды, артықшылығы бар ағаштардың мұрағаттық клондарын, географиялық дақылдарды, популяциялар мен будандардың сынақ дақылдарын, орман тұқымы плантацияларындағы ағаштар мен бұталарды, тұрақты орман тұқымы учаскелеріндегі ағаштар мен бұталарды, артықшылығы бар екпелердегі ағаштар мен бұталарды бүлдіру немесе жою -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу
1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ, жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол бұзушылық -
жануарларды аулау құралдары, көлiк құралдары және көрсетілген бұзушылықты жасау құралы болған өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
383-бап. Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу
1. Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Балықтың су тарту құрылыстарына түсуінен қорғау үшін арнайы бейімделген құрылғыларды орнатпай, балық шаруашылығының су айдындарынан су тарту -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын бұзу
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың талаптарын:
1) белгіленген нормативтерден асып түсетін зиянды заттарды тастауға жол беру;
2) жаңа және реконструкцияланатын объектілерді судың зиянды әсерін, ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етпеу;
3) тазарту құрылыстары мен санитариялық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді пайдалану;
4) мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай, оларды пайдалану;
5) су объектілерінің су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдану;
6) су объектілеріне радиоактивті және уытты заттарды тастау және көму;
7) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиімді тазартуды қамтамасыз етпейтін өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларын су объектілеріне ағызу;
8) су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында қоршаған ортаға қатер төндіретін техника мен технологияларды қолдану;
9) су объектілеріне қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және оларда көму;
10) су объектілерінің су жинау алаңдарын, су объектілерінің мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндірістік, тұрмыстық және шайылу кезінде жерүсті су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын:
1) аңшылық алқаптарда болуды заңсыз шектеу;
2) аң аулаудың тыйым салынған түрлерін, тәсілдерін және мерзімдерін қолдану;
3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығының су айдындарында жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аңшылық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 386-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
386-бап. Жасыл екпелерді күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейтін жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
387-бап. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
388-бап. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кеспеағаш аймағын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін бұзу -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он екі, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
389-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)
1. Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) -
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
390-бап. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзу
1. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру тәртібін бұзу -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жыныс-жас құрамын (көрсетілген жағдайда) заңсыз алудан көрінген, жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаттарды, жануарлар дүниесін мекендеу ортасынан алу мерзімдерін, болжамды алу учаскесінің аумағын және шекарасын, алу тәсілдерін (аулау, атып алу, жинау) бұзу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он екі, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
391-бап. Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу
Берiлген лицензияның шарттарын заңсыз өзгерту, сол сияқты теңiзде мұнай операцияларын жүргiзудiң бекiтiлген тәртiбiн бұзу -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
392-бап. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру
1. Теңіздегі кеме қатынасына, балық аулауға кедергі жасайтын және зиян келтіретін етіп теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары тәркiлене отырып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
393-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қызметтiң заңды түрлерiне кедергi жасаған немесе жасауы мүмкiн, Қазақстан Республикасының рұқсатында немесе халықаралық шарттарында көзделген теңiзде ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын бұзу не Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында теңiзде ғылыми зерттеулердің бағдарламасын заңсыз өзгерту -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
394-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында кемелердi және өзге де жүзетін құралдарды, ұшу аппараттарын, жасанды аралдарды, қондырғылар мен құрылыстарды, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидаларын, сондай-ақ консервациялау және бөлшектеу қағидаларын пайдалы қазбалар кен орындарының бүлiнуiне әкеп соғуы, адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiруі, биологиялық ресурстарға, теңiз флорасы мен фаунасына залал келтiруі немесе қызметтiң басқа да заңды түрлерiне кедергi жасауы мүмкiн бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
395-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату туралы заңды талаптарын орындамау, сондай-ақ осы лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген өкiлеттiктердi жүзеге асыруына, оның iшiнде кеменi қарап-тексеруiне кедергi келтіру -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
396-бап. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және
биологиялық ресурстарды заңсыз беру
1. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы минералдық және биологиялық ресурстарды шетелдіктерге, басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз беру -
жеке тұлғаларға - заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
құқық бұзушылық жасау кемесі мен құралдары, сондай-ақ алынған зерттеу нәтижелерi тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - заңсыз берiлген минералдық және биологиялық ресурстар құнының он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
397-бап. Экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу туралы заңнаманың талаптарын орындамау -
жеке тұлғаларға - үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Экологиялық аудиторлардың (экологиялық аудиторлық ұйымдардың) көрiнеу анық емес экологиялық аудиторлық есеп жасауы -
жеке тұлғаларға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Экологиялық аудит жүргiзу барысында тексерiлетін тұлғаның анық емес экологиялық аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан көрiнеу анық емес немесе толық емес ақпарат беруi -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -