1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 484-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
484-бап. Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу
1. Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 485-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
485-бап. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Атыс, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 485-1-баппен толықтырылды
485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу
1. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу -
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу құқығына рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
486-бап. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау;
5) заңды тұлғаның қызметтiк, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу;
6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру;
7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару
Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 488-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
488-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысты ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды ұйымдастырушыларға және (немесе) оларға қатысушыларға үй-жайлар не өзге де мүлік (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықты, көлікті) беру немесе оларды ұйымдастыру және өткізу үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастыру және (немесе) өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жасаған әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не жиырма бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 488-1-баппен толықтырылды
488-1-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзу
1. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін жергілікті атқарушы органдарға мәдениет туралы және дене шынықтыру және спорт туралы заңнамада көзделген ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу түрінде бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы -
ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы -
ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз, заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Саяси партияның заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып және саяси партияның қызметіне тыйым сала отырып, төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партияның қаржылық қызметi туралы жылдық есептіліктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде және көлемде жарияламау -
саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата тұрып, екі жүз айлық eceптiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы -
саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген, сол сияқты қызметі тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру -
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.02.12. № 429-V ҚР Заңымен Кодекс 489-1-баппен толықтырылды
489-1-бап. Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жекеше мекеме, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі, қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың (саяси партияларды, діни бірлестіктерді және кәсіптік одақтарды, құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарды, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерiнің (оқшауланған бөлiмшелерiнің) өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.
490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:
1) дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;
2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға;
4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу -
қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Миссионерлiк қызметтi тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы -
Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы -
қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы -
қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру -
лауазымды адамдарға - бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы -
Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
491-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу қағидаларын бұзу
Некеге отыруға кедергi келтіретін мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актiлерiн жазу органдарына жалған мәлiметтер беру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 492-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет -
он үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адам куәлiгінсiз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам куәлігі жарамсыз болып тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеуі -