2. Салық төлеушiнiң есеп-қисапта ағымдағы төлемдер сомаларын кемітіп көрсетуi, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Салықтық кезең үшiн iс жүзiнде есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының салықтық кезең iшiнде есептелген аванстық төлемдердің сомасынан жиырма пайыздан астам мөлшерде асып кетуі, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
ic жүзiндегi салықтың асып кету сомасының жиырма пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ескертпелер.
1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін қосылған құн салығының есепке жазылған сомасы бойынша әкімшілік жаза сомасын айқындау кезінде салық кезеңі үшін қосылған құн салығын төлеудің белгіленген мерзімі күніне салық төлеушінің жеке шоты бойынша қосылған құн салығының артық төленген сомасы есепке алынады.
Бір салық кезеңінен артық кезеңге салықтық тексеру болған жағдайда, әрбір келесі салық кезеңі үшін төлемнің белгіленген мерзімі күніне жеке шот бойынша артық төленген сома - осы салықтық тексеруге енгізілген алдыңғы салық кезеңдері үшін қосылған құн салығының есепке жазылған және (немесе) азайтылған сомасы есепке алына отырып айқындалады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін, егер тұлға тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініште жанама салықтардың сомаларын кемітіп көрсеткені үшін әкімшілік жауаптылыққа жататын болса, мұндай тұлға импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда жанама салықтардың көрсетілген сомаларын кемітіп көрсеткені үшін жеке әкімшілік жауаптылыққа жатпайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін, салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынылуға жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисаптарын ұсынбаған жағдайда да тұлға әкімшілік жауаптылыққа жатады. Бұл ретте, аванстық төлемдердің есептелген сомасы нөлге теңестіріледі.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін асып кетуді айқындау кезінде:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 742-бабының 3-тармағына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру салығына жүргізілген түзетуге байланысты түзілген асып кету;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 297-бабына сәйкес айқындалатын, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген корпоративтік табыс салығы есепке алынбайды.
279-бап. Салық агентiнiң салықтарды ұстап қалу және (немесе) аудару жөнiндегi мiндеттi орындамауы
1. Салық агентінің бюджетке ұстап қалуға және (немесе) аударуға жататын салықтардың сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұстап қалмауы немесе толық ұстамауы -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға -салықтардың және басқа да мiндеттi төлемдердiң ұсталып қалмаған сомасының - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық агентінің бюджетке аударуға жататын салықтардың ұстап қалынған сомаларын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы -
жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Салық агенті дербес анықтаған және қосымша салық есептілігінде көрсетілген салықтардың ұстап қалынған (ұстап қалынуға тиіс) сомалары бойынша, мемлекеттік кіріс органына қосымша салық есептілігін ұсынған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға жатпайды.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 280-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру
Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.
2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 280-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 280-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
280-1-бап. Шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу, сондай-ақ тізбеге енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу жүйесін бұзу
1. Салық төлеушінің шот-фактураны электрондық нысанда жазып бермеуі -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушінің мерзімді бұза отырып, шот-фактураны электрондық нысанда жазып беруі -
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тауарларды өткізудің есепке алу жүйесін бұзып, тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкету кезінде рәсімдеу көзделетін, мемлекеттік кіріс органдарының мөрімен куәландырылған тауардың ілеспе құжаттарының болмауы -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Тізбеге енгізілген тауарлар деп Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды және атауы 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамаға сәйкес тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар түсініледі.
281-бап. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау, сол сияқты мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсынбау не уақтылы ұсынбау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Мұнай өнімдеріне, темекі бұйымдарына арналған декларацияларда, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерде мұнай өнімдерінің көлемін, темекі бұйымдарының санын анық көрсетпеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің, темекі бұйымдарының дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-2-бөлікпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын:
1) темекі бұйымдарын өндіруді және олардың айналымы саласындағы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынудан бас тарту немесе анық емес ақпаратты беру, сол сияқты өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде күнтізбелік отыз күн ішінде бермеу;
2) темекі бұйымдарын лицензияда көрсетілген мекенжайдан басқа орында, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сай келмейтін жабдықта өндіру;
3) лицензия берілген күннен бастап бір жыл ішінде темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмау түрінде жасалған бұзушылық -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру және (немесе) олардың айналымы шарттарын:
1) этилдендiрiлген бензиннің және (немесе) қанықпаған мұнай өнiмдерiнің айналымы, сондай-ақ оларды жеке және (немесе) заңды тұлғалардың одан әрі өңдемей сақтауы;
2) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өндірушілер мен мұнай берушілерді қоспағанда, тұлғалардың мұнай өнімдерін мұнай өнімдері базаларынан, автожанармай құю станцияларынан тыс орындарда өткізуі;
Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 4) тармақша қолданысқа енгізілді
4) бақылайтын есепке алу аспаптарына салынған пломбаларды алып тастау;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төменгі бағалардан төмен бағаларда темекі бұйымдарының айналымы (экспорттан басқа);
6) мұнай өнiмдерiн жылжымалы үлгiдегi автожанармай құю станцияларынан дала жұмыстарындағы ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған орындардағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден тыс орындарда өткізу;
7) құрамында металл қосындылары бар (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) мұнай өнімдерін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың айналымға салуы;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 8) тармақша қолданысқа енгізілді
8) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін мұнай өнімдері базаларынан өткізуді және (немесе) тиеп-жөнелтуді қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз не бақылайтын есепке алу аспаптарын айналып өтіп өткізуі және (немесе) тиеп-жөнелтуі;
9) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 500-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) мұнай өндiрушiлерден, берушiлерден, импорттаушылардан мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізбейтіндерге немесе түпкілікті емес тұтынушыларға мұнай өнімдерін өткізуі түрінде жасалған бұзушылық -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері, темекі бұйымдары және (немесе) құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды
7. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, құрамында металл бар қосындыларды (дизель отынына арналған статикаға қарсы қосындылардан басқа, темір, марганец, қорғасын және басқалары) пайдалана отырып, бензин және дизель отынын өндіру -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды
8. Авариялық жағдайды шұғыл түрде болғызбау қажет болған жағдайларды қоспағанда, мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келіспей, мұнай өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын технологиялық қондырғылардың жұмысын тоқтату -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 9-бөлікпен толықтырылды
9. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, технологиялық қондырғыларға жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық кестесін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға бекітуге ұсынбау және (немесе) оны сақтамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 10-бөлікпен толықтырылды
10. Мұнай өнімдерін өндірушінің кінәсінен, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, мұнай өнімдерін өндірудің ең аз көлемдерін орындамау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 282-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
282-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияны тапсырмау не уақтылы тапсырмау -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Этил спиртiне және (немесе) алкоголь өнiмiне арналған декларацияда этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің көлемін анық көрсетпеу, сондай-ақ этил спиртiнің және (немесе) алкоголь өнiмiнің дербес сәйкестендіру нөмір-кодын анық көрсетпеу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 2-2-бөлікпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң айналымы және олардың орнын ауыстыру шарттарын:
1) алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жерлерден тыс орындарда сақтау және өткiзу;
2) аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон қаптамадағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi бар, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайыздан кем градусы төмен ликер-арақ өнімдерінен басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы (сыраны құюды қоспағанда) айналымы;
4) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
5) екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
6) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) есепке алу-бақылау таңбаларын қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау таңбаларынан ақпаратты оқи алатын аспаптарсыз сақтау және өткізу түрінде жасалған бұзушылық -
7) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жетпіс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - құқық бұзушылықтың тiкелей нысанасы болып табылған акцизделетiн тауарлар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
1) өндірушінің өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеу;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіру;
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен шарап материалын, сондай-ақ сыра өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
4) екi және одан да көп лицензиаттың нақ сол бiр стационарлық үй-жайда және нақ сол бір жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру түрінде жасалған бұзушылық -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -
лицензиядан айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.