орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның жеке тұлғалардан алған электрондық ақшасын эмитенттің өтемеуі, уақтылы және толық өтемеуі -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 223-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
223-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты бұзушылықтар
Тұлғаның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз, қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуі, сондай-ақ қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерді бақылауды немесе ықпал ету мүмкіндігін иемденуі -
жеке тұлғаларға - екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы бапта қаржы ұйымдары деп банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны түсіну керек.
224-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларын құқыққа сыйымсыз иемденуіне байланысты бұзушылықтар
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі -
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың үшінші бөлiгiнде көзделген іс-әрекеттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарын бұзып иемденуі -
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның алдын ала рұқсатынсыз банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің еншiлес ұйымды құруы не иемденуі -
заңды тұлғаларға екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
225-бап. Зейнетақы активтерiн нысаналы пайдаланбау
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы -
жеке тұлғаға - екі жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы -
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.
226-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын таратуға байланысты талаптарды бұзу
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Тарату комиссиясы төрағасының не бөлiмше басшысының тарату комиссиясы қызметiне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тексеру жүргiзуiнен жалтаруы не оны жүргiзуге кедергi келтiруi -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тарату комиссиясы төрағасының, бөлімше басшысының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген, анық емес есептілікті және ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгіленген есептілікті және қосымша ақпаратты уақтылы ұсынбауы, ұсынбауы -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 227-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
227-бап. Қабылданған және (немесе) қадағалап ден қою шараларын, шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамау, уақтылы орындамау
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Даму Банкінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру тобының құрамына кіретін заңды тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларының өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне жазбаша нұсқама және (немесе) жазбаша келісім нысанында қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
жеке тұлғаларға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Эмитенттердің, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, төлем жүйелері операторларының, төлем жүйелері операциялық орталықтарының және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің өздері қабылдаған және (немесе) өздеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқаманы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындамауы -
жеке тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Коллекторлық агенттіктің өзі қабылдаған және (немесе) өзіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктелген міндеттерді орындамауы, уақтылы орындамауы -
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара) ескертпе жаңа редакцияда
Ескертпе. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер деп төлем жүйелерінің операторлары, төлем жүйелерінің операциялық орталықтары және банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер түсініледі.
228-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу
1. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру тобы бас ұйымының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бөлік өзгертілді
9. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өзiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының, оқшауланған бөлiмшесiнiң орналасқан жерiнiң өзгергенi немесе атауының өзгергенi туралы уақтылы хабарламауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген, өздерінің қызметіне байланысты құжаттарды тиісінше құжаттау, есепке алу және сақтау жөніндегі шарттарды бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бөлік өзгертілді
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу -
заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бөлік өзгертілді
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің қаржы есептiлiгiн және өзге де мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ескертпе. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 19-бөлікпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 19-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
19. Сақтандыру ұйымының мемлекет қатысатын сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттарды жасасу және осы ұйымда тіркелу міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы -
заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара) ескертпе жаңа редакцияда
Ескертпе. Бұрмаланған мәліметтерді түзету нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны анықталған жағдайда, осы баптың он екінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауаптылық басталады.
20. 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2018 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 229-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 229-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
229-бап. Сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты талаптарды бұзуы
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты уақтылы жүзеге асырмау не сақтандыру төлемін толық көлемде жүзеге асырмау -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшiн клиент ұсынған құжаттарды жоғалту -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
230-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру жөніндегі дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын бұзуы -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы -
заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы, сол сияқты сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi қате (негiзсiз) қолдануы-
заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 6-бөлікпен толықтырылды
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн шарттарда жасасуы -
заңды тұлғаларға сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде, бiрақ бір мың айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 231-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
231-бап. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк және сақтандыру холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерiн бұзу
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерiн келiсу мерзiмдерiн қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының бұзуы -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.