2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ұшуда авиациялық инспекцияларды жүзеге асыру және авиациялық техниканы пайдалана отырып біліктілікті ұстап тұру кезінде авиация инспекторларының өмірі мен денсаулығын сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
16-7-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тарау 16-8-баппен толықтырылды
16-8-бап. Белгілі бір функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімдер
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес жасалған келісімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде мемлекеттің уәкілетті ұйымы ретінде ұшу қағидаларын сақтауды, радиомен хабарлау аппаратураларын пайдалануды және ұшуға жарамдылықты ұстап тұруды, сондай-ақ авиация персоналының талаптар мен нормаларды сақтауын қамтамасыз етуге бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялар мен міндеттерді осы әуе кемесі экипажсыз пайдаланылатын шет мемлекеттің құзыретті биліктеріне беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушысының оны экипажсыз пайдалануы кезінде әуе кемесін тіркеген мемлекеттің өзіне берген функциялар мен міндеттерді қабылдауға құқылы.
Осы тармақтың күші қолданылатын пайдаланушылар мемлекеттердің құзыретті биліктері арасында жасалған функциялар мен міндеттерді беру туралы келісімнің расталған толық көшірмесін оның барлық қолданылу мерзімі ішінде әуе кемесінің бортында ұстауға міндетті.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес пайдаланушының мемлекеті берген немесе растаған ұшуға жарамдылық куәліктерін (сертификаттарын), радиоаппаратураны пайдалануға арналған рұқсатты және экипаж мүшелерінің куәліктерін жарамды деп таниды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның шет мемлекеттердің құзыретті биліктерімен жасасқан келісімдері Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тараумен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1-тарау. АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМ
16-9-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның негізгі ережелері
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті шегінде:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруда жәрдем көрсетеді;
2) авиация инспекторларын ақшалай ризықпен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуде жәрдем көрсетеді;
4) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес нұсқамалық материалдарды, сондай-ақ ұшуға жарамдылық жөніндегі директиваларды әзірлейді;
5) әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру кезінде азаматтық-әскери үйлестіру жүйесін орнату және ұстап тұру үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
7) авиациялық оқу орталықтары мен азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиация персоналын кәсіптік даярлау бағдарламаларын келіседі;
8) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшада көзделген авиация персоналына жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналына жататын адамға оның қажетті білімі мен дағдыларының бар екенін, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сай екенін растайтын, кәсіптік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған авиация персоналының куәлігін береді, куәліктің қолданылу мерзімін ұзартады, мұндай куәлікті кері қайтарып алады, оның қолданылуын тоқтата тұрады, куәлікке біліктілік белгілері мен арнайы белгілерді енгізеді;
9) сертификаттауды және азаматтық әуе кемелерін пайдалану шының сертификатын, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті, авиациялық оқу орталығының сертификатын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын, тип сертификатын, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын, авиациялық медициналық орталықтың сертификатын беруді жүзеге асырады;
10) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган не уәкілетті ұйым берген қолданыстағы сертификаттарға (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) беруден бас тартады, иелері сертификаттау талаптарын сақтамаған кезде сертификаттарды (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктерді) кері қайтарып алады, олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
11) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыға ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруді жүзеге асырады, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушының ұшуды орындау құқығына арналған куәлігін таниды, өзгертеді, шектейді, қолданылуын тоқтата тұрады немесе кері қайтарып алады;
12) осы Заңда белгіленген жағдайларда әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тартады;
13) әуежайдың, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасының әуежайларына тұрақты ұшуды орындайтын шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларын келісуді жүзеге асырады;
14) мүдделі мемлекеттік органдар арасында авиациялық қауіпсіздік саласындағы қызметті үйлестіруді жүзеге асырады, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін тергеп-тексеруде мемлекеттік органдарға жәрдемдеседі, оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
15) әуе кемелерін пайдаланушылардың, әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілердің, авиациялық оқу орталықтарының, техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың, жете тексеруді жүзеге асыратын авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, авиациялық медициналық орталықтардың, авиациялық медициналық сарапшылардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады;
16) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қызметті және көрсетілетін қызметтердің сапасын тексеруді жүзеге асырады;
17) авиациялық техника мен оған жерде қызмет көрсету құралдарының ұшуға және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
18) әуе кемесі, оның компоненттері, қосалқы бөлшектері мен қосымша аспаптары жай-күйінің пайдаланушыға берілген ұшуға жарамдылығы сертификатының талаптарына және ұшуға жарамдылығын айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттамасының талаптарына сәйкес келуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
19) авиация персоналына жатқызылатын адамдардың осы Заңға сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
20) авиация персоналының кәсіптік даярлығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды азаматтық авиация ұйымдарының қамтамасыз етуін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
21) әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) объектілерінің, қону алаңдарының күтіп-ұсталуын және әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету қызметтерінің (жұмыстарының) сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
22) азаматтық авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
23) азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы ұшудың іздестіру-құтқарумен және авариялық-құтқарумен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;
24) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес келу мониторингін жүзеге асырады;
25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етуге және оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауға жәрдем көрсетеді;
26) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар береді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;
27) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетігін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін әзірлейді, енгізеді, зерделейді және ұстап-тұрады;
28) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде ұшу қауіпсіздігі туралы ақпарат алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпарат таратуға қатысады;
29) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне байланысты ақпаратты жинауды және талдауды, сондай-ақ осындай ақпаратты жасауды және азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізуді жүзеге асырады. Талдау ақпарат көздерін ашып көрсетуді талап етпейді;
30) авиациялық медициналық сарапшыларды тағайындайды;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
16-10-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджеті азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар есебінен қалыптастырылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына бюджеттің ашықтығын, оның ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында қаржылық есептілікті, сондай-ақ сомасы Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 100 еселенген мөлшерінен асып түсетін шығыстардың баптары туралы өзекті және егжей-тегжейлі ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру арқылы қамтамасыз етуге міндетті.
16-11-бап. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдар
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін жүйелі қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды іске асыру мақсатында азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аударады.
2. Бөлу нормативін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес белгілейтін таза кірістің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің билігінде қалған бөлігі осы аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аударымдарының көзі болып табылады.
3. Азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тәртібі мен олардың нормативін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
16-12-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші болып табылады.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді мемлекеттік беруші өз қызметінің негізгі мақсатын аэронавигациялық қызметтер көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асыру арқылы іске асырады.
3-тарау. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру негiздерi
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру әуе кемелерінің ұшуын (әуе қозғалысын) қауiпсiз, үнемдi және тұрақты орындауды, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметтi қамтамасыз етудi көздейдi.
Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыру:
1) әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасын айқындауды және белгілеуді;
2) осы Заңның 25-бабында белгіленген басымдықтарға сәйкес әуе кеңiстiгiн пайдалануды жоспарлауды және үйлестіруді;
3) әуе кеңiстiгiн пайдаланудың рұқсат беру не хабардар ету тәртiбiн айқындауды және қамтамасыз етуді;
4) мыналарды:
әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, әуе қозғалысын басқаруды;
әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды білдіретін әуе қозғалысын ұйымдастыруды;
5) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды және қадағалауды қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын оның пайдаланушыларының барлығы өздерінің жауапкершілігі аймақтары шегінде сақтауын қамтамасыз етуді:
1) әуе трассаларында, жергілікті әуе желілерінде және әуеайлақтар аумағында - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай отырып, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары;
2) мемлекеттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен басқа да аудандарында - әуе қозғалысын басқару органдары;
3) әуе трассаларынан және жергілікті әуе желілерінен тыс, әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан ұшып өту кезінде аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысын басқару органдары немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Әуе кеңiстiгiн пайдалануды ұйымдастыруды азаматтық авиация және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен олар үшiн белгiленген аймақтар мен аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару органдары жүзеге асырады. Әуе кеңістігін икемді пайдалануды қамтамасыз ету үшін азаматтық-әскери үйлестіру қағидаттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
4. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиiс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыруды әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының мәлімделген өткізу қабілеттілігін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қажеттілігі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесіне сәйкес және мыналар:
1) тиісті әуе қозғалысының типтері;
2) әуе қозғалысының қарқындылығы;
3) метеорологиялық жағдайлар;
4) осы ауданға немесе осы жерге қатысы болуы мүмкін басқа да факторлар ескеріле отырып айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиация ұшуының арнайы аймақтары мен аудандарын, сондай-ақ сыныпталмайтын әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бақыланатын әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады.
Жекелеген әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аудандарында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асыруы мүмкін.
6. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары орындалатын ұшудың ауқымы мен күрделілігіне қарай үлгі нұсқаулыққа сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
8. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдары әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты күтпеген мән-жайлар жағдайына іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және оларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келіседі.
9. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-бап. Әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызмет
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке:
1) әуе кемелерiнiң және басқа да ұшу аппараттарының ұшуы;
2) атыстардың және зымырандарды ұшырудың барлық түрлерi, жарылыс жұмыстары және материалдық объектiлердiң әуе кеңiстiгiнде қозғалуымен байланысты өзге де қызмет жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар болып табылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы
1. Әуе кеңiстiгiнiң құрылымы мен сыныптамасы, сондай-ақ әрбір сыныптағы әуе кеңістігі шегінде ұшуға және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу ақпаратының аудандары (аймақтары), диспетчерлік аудандар, әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары, тораптық диспетчерлік аудандар, диспетчерлік аймақтар, әуеайлақ қозғалысының аймақтары, бақыланбайтын әуе кеңістігінің аудандары, әуе трассалары, әуе кемелерінің ұшуына арналған арнайы аймақтар, тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, әуе кемелерінің ұшуына шектеу қойылған аймақтар және әуе кеңістігіндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленетін басқа да арнайы элементтер белгіленеді, бұлардың жиынтығы Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымын құрайды.
Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін әуе кеңістігі деп шегінде ұшудың нақты түрлері орындалуы мүмкін және ол үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері мен ұшу қағидалары айқындалған белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі түсініледі.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің сыныптамасы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың қажеттілігі, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігі, олардың экономикалық тиімділігі негізге алына отырып айқындалады және аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-бап. Әуе кеңiстiгiнде аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұсыну
1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушылар үшін аэронавигациялық қызмет көрсету шарттар (жария шарттар) негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету:
1) апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған әуе кемелері, сондай-ақ борттағы авариялық жағдайға, материалдық бөлiгiнің істен шығуына немесе ақауы болуына байланысты маршруттары өзгертілген әуе кемелері әуе кемесiнiң ұшып бара жатқан жері айқындалған кезден бастап;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе кемелері, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушімен жасалған шартқа сәйкес iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқу-жаттығуларға тартылған әуе кемелері;
3) дүлей зілзалалар кезінде халыққа медициналық және (немесе) гуманитарлық көмек көрсету үшiн әуе кемелерi;
4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелері;
5) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін, корольдiк тұлғаларды, шет мемлекеттердің мемлекет және үкiмет басшыларын тасымалдайтын әуе кемелерi;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелері;
6) егер шарт ережелерінде әуе қозғалысына қызмет көрсеткені үшін ақы төлеуден босату көзделген болса, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұшуды орындаған жағдайларда, өтеусіз жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұсынылатын аэронавигациялық қызмет көрсету үшін әуе кеңістігін пайдаланушылардан төлемақы алуды аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші жүзеге асырады. Аэронавигациялық қызмет көрсетуге кіретін қызметтерді ұсынуға қатысушы ұйымдармен құқықтық қатынастарды реттеу шарттар негізінде жүзеге асырылады.
21-бап. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына және азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аэронавигациялық ақпарат көзі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғалар азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты өтеусіз негізде беруге және мұндай ақпараттың анықтығы, нақтылығы және уақтылы берілуі үшін жауаптылықта болуға міндетті.