Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамы айқындалады.
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (орталық атқарушы органдардың), Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы кіреді.
»Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді:
»Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау;
»Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің мақсаттарын қою;
««Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бюджетін бекіту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер.
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметін қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 576 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және оның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары кіреді. Мамандандырылған кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде ұйымдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттарға қол жеткізу мен қаржылық нәтижелерді бағалауды жүргізеді.
Мамандандырылған кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және екі жылда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметші ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады.
Ұйымдардың қызметіне олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негізделмеген мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
7. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметіне әсері акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі.