екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларын бұзу -»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың екінші және 2-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
«4. Темiржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Белгiленген қағидаларды бұза отырып, қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауiптi жүктi тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ауыр салмақты автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi -
жол берілетін салмақтық параметрлер бір тоннадан бес тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, бес тоннадан он тоннаға дейін асырылған кезде жеке тұлғаларға - сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, он тоннадан және одан жоғары асырылған кезде жеке тұлғаларға - бір жүз сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - төрт жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жеті жүз сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының параметрлердің бірін асыра отырып не арнайы рұқсатта көрсетілген маршруттан немесе мерзімдерден ауытқып жүрiп өтуi -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Автокөлiк құралын тиеу процесiнде жүк жөнелтушiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, жол берілген салмақтық және (немесе) көлемдiк параметрлерден асыруы -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
173) мынадай мазмұндағы 571-1-баппен толықтырылсын:
«571-1-бап. Автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы
1. Жүктерді, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
174) 572-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жолаушыларды және багажды автомобильмен облысаралық қалааралық тұрақты тасымалдауды;»;
175) 573-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«6. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көліктік бақылау уәкілетті органы берген, орындалмаған хабарлама болған кезде халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру, сондай-ақ хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқу -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тартқышты немесе жүк автокөлігін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген басқа тартқышқа немесе жүк автокөлігіне ауыстыруды (қайта тіркеуді) жүзеге асыру -
автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне - екі жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
176) 574-бап алып тасталсын;
177) 575-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
178) 576-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
179) 582-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Шағын көлемді кемеде немесе тіркеп сүйрелетін жүзу құралында жеке құтқару құралдарын кимеген және түймелеп алмаған адамдары бар шағын көлемді кемені басқару -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
180) 583-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бұзу»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелердің (шағын көлемді кемелерден басқа) кеме жүргiзушiлерінiң қозғалыс және дыбыс пен жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгiлерiн алып жүру қағидаларын бұзуы, сондай-ақ порттық және гидротехникалық құрылысжайлар мен жабдықты бүлдіру -»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
181) 584-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын:
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бір айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
182) 585-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«585-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеу, түсiру және жинап қою қағидаларын бұзу
1. Өзен порттары мен кемежайларда жүктердi тиеудің, түсiрудің және жинап қоюдың техникалық шарттарын, кемеде жүктердi бекiтудiң техникалық шарттарын бұзу, жүктi тиеу (түсiру) актiсiн ресiмдемеу -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
183) 590-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару - »;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару - »;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару - »;
сегізінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
оныншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Осы баптың бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - »;
184) 592-бапта:
тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«592-бап. Белгiленген жүру жылдамдығын арттыру
1. Көлік құралының белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыру -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «он бес» деген сөздер «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «отыз» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады»;
185) 593-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«593-бап. Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау
1. Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
186) 594-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
187) 595-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде артқа жүру -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -»;
188) 596-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
189) 597-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың екінші, үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
алтыншы бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
190) 599-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
191) 600-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
192) 602-бапта:
тақырып пен бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«602-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінің сыртқы жарық түсіру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал берудi қолдану қағидаларын бұзуы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң жарық мезгiлiнде сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану қағидаларын бұзуы -
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн жағдайларда сыртқы жарық түсіру аспаптарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-1-бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
193) 603-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілген аспаптар мен құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көрсетілген құрылғылар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
194) 605-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымының қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
195) 607-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, шлагбаум жабық тұрған немесе жабылып жатқан кезде не бағдаршамның немесе өтпе жолдағы кезекшiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу - »;
196) 609-бап алып тасталсын;
197) 610-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы
1. Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе тоғыз айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер -
алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
198) 612-бапта:
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - »;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
199) 613-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекет -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
200) 614-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергi келтіру, сол сияқты жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдардың осындай кедергiлердi жою жөніндегі талаптарын орындамау - »;
201) 615-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы -
екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
202) 618-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«618-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұзып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру»;
203) мынадай мазмұндағы 619-1-баппен толықтырылсын:
«619-1-бап. Масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберуi -
лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жолдағы немесе өзге де құрылысжайлардың не өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген дәл сол әрекет -
жеке тұлғаларға - жетпіс, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
204) 620-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Кодекстiң осы тарауында санамаланбаған, жол жүрісі қағидаларының талаптарын, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелерді бұзу - »;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе. Хаттама жасау кезiнде жол жүрісі қағидаларының нақ қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.»;
205) 624-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«624-бап. Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Темiржол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бұзу - »;
206) 631-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
207) 635-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«635-бап. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу
1. Магистральдық құбыржолдарды қорғау қағидаларын бұзу -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне жиырма жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - бір, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тасымалдау көлемі мен бағыттарын көрсете отырып, мұнай тасымалдау кестесін іс жүзінде орындау туралы ай сайынғы есепті уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау -
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
208) 637-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралуын азайту мақсатында уақтылы ден қою және шаралар қабылдауды қоса алғанда, байланыс операторларының және желі иелерінің өз байланыс желілерін оңтайландыруды қамтамасыз етпеуі -»;
209) 638-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сертификатталмаған байланыс құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;