833-бап. Шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының мазмұны
1. Жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында шағым берiледi, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі және онда мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты берiлiп отырған соттың атауы;
2) шағым берушiнiң, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошта мекенжайы);
3) қаулысына шағым берiлiп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған соттың атауы;
4) шағым жасалып немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қайта қаралып отырған сот қаулысының мазмұны, сондай-ақ шағым берген тұлға, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурор сот қаулысы өздерiнiң құқықтарын және бостандықтарын бұзады деп есептейтiн себептер;
5) шағым берген тұлғаның, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурордың нақты тұжырымдалған өтінуі, талабы.
2. Шағымға, апелляциялық өтінішхатқа осы Кодекстің 744, 745, 746, 747 және 748-баптарында аталған тұлғалар, прокурор қол қояды. Заңды тұлғаның атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа да тұлға қол қояды.
3. Егер басқа тұлғаның мүддесiнде шағым берілсе, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілсе, оларда мүддесi үшін шағым беріліп, апелляциялық өтінішхат келтіріліп отырған адамның аты мен тегi, тұрақты тұрғылықты жерi немесе тұрған жерi (пошталық мекенжайы) көрсетілуі қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса беріледі.
4. Шағым жасалып, қайта қаралып отырған сот қаулысының көшірмелерін, сондай-ақ шағымда, апелляциялық өтінішхатта келтірілген дәлелдерді негіздейтін өзге де құжаттарды қоса тіркей отырып, екі данада шағым беріледі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтіріледі.
5. Егер берілген шағым, прокурордың келтірілген апелляциялық өтінішхаты осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген талаптарға сәйкес келмесе, олар берілді деп есептеледі, бірақ толық ресімдеу үшін мерзімі көрсетіле отырып, қайтарылады. Егер көрсетілген мерзім ішінде шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты қайта жасалғаннан кейін сотқа берілмесе, олар берілмеген деп есептеледі.»;
290) 834-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«834-бап. Шағым берiлуiне немесе прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру»;
екінші бөліктегі «наразылық енгізеді» деген сөздер «апелляциялық өтінішхат келтіреді» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіруі қаулының орындалуын олар қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.»;
291) 835-баптың тақырыбы, бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«835-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмдерi
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты олардың келіп түскен күнінен бастап он тәулік ішінде қаралуға жатады.»;
«3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған жағдайларда, iстi қарап жатқан сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзiмiн ұзартуы, бірақ он тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкiн. Сот шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау мерзімін азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралатын басқа іс шешілгенге дейін оны қарау мүмкін болмаған кезде, тоқтата тұруға міндетті. Мерзімді ұзарту және (немесе) тоқтата тұру туралы шешім уәжді ұйғарым түрінде шығарылады.»;
292) 836, 837, 838 және 839-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«836-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын судьяның жеке-дара қарауы
1. Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.
2. Осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен судья (сот) шығарған сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.
837-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау
Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға дайындау кезiнде сот өтiнiшхатты шешедi, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған тұлғаларды шақырады, қажет болған кезде судья сараптама тағайындайды.
838-бап. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау
1. Сот соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарауға кiрiскенде:
1) шағымды, апелляциялық өтінішхатты кiм қарайтынын; қандай шағым, апелляциялық өтінішхат қаралуға жататынын; шағымды кiм бергенiн, апелляциялық өтінішхатты кiм келтіргенiн жариялайды;
2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
3) іс жүргізуге қатысушылардың және олардың заңды өкiлдерiнiң өкiлеттiктерін тексередi;
4) іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардың келмеу себептерiн анықтайды және олар келмегенде шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау туралы не шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
5) шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарауға қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
6) мәлiмделген қарсылық білдірулер мен өтiнiшхаттарды шешедi;
7) соттың қаулысына шағымды, апелляциялық өтінішхатты, ал қажет болған кезде істің өзге де материалдарын жария етеді.
2. Соттың қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде iсте бар және қосымша ұсынылған материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Сот шағымның, прокурордың апелляциялық өтінішхатының дәлелдерiне байланысты емес және iстi толық көлемде тексередi, бұл ретте ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
3. Сот шақырылған адамдардың келмеуіне, iс бойынша қосымша материалдарды талап етіп алдыруға, сараптама тағайындауға байланысты және шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын толық, жан-жақты және объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымның, апелляциялық өтінішхаттың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.
839-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша шешiм
1. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарап, сот мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) қаулыны - өзгеріссіз, ал шағымды, апелляциялық өтінішхатты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негізге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi тоқтату туралы;
4) iс бойынша қаулының күшiн жою және жаңа қаулы шығару туралы.
2. Сот қаулысына шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және шағым, апелляциялық өтінішхат бойынша осы Кодекстiң 822-бабына сәйкес ресімделген қаулы түрiнде шығарылады.
3. Апелляциялық тәртіппен шығарылған сот қаулысына осы Кодекстің 46-тарауында көзделген тәртiппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкiн.»;
293) 840-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«840-бап. Сот қаулысының күшiн жою немесе оны өзгерту негiздерi»;
бірінші абзац пен 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот қаулысының күшiн жоюға не оны өзгертуге және қаулы шығаруға мыналар:
1) судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi;»;
294) 841-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«841-бап. Судьяның сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндерінің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмеуi
1. Сот қаулысында жазылған iстiң нақты мән-жайлары туралы түйіндердің шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сәйкес келмейтiнiн анықтап, судья бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, апелляциялық өтінішхатты қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.
2. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келіп, сот қаулысында анықталмаған немесе қаулы шығарған судья назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.»;
295) 842-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижесiнде жасалған әрекетке берiлген заңдық бағаны қате деп танып, судья құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.
3. Судья шағымды, прокурордың апелляциялық өтінішхатын қарау нәтижелерi бойынша құқық бұзушылықтың саралануын заңның неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетін бабына өзгертуге немесе осы негiздер бойынша жәбiрленушiнің шағымы берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.»;
296) 843-бапта:
үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілмеген сот шығарса;»;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген процестік нормалардың бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтай отырып, судья iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi тоқтатады.
5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлсе, судья iсті қарауды жүргiзеді, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиiсінше тиісті мамандандырылған аудандық сот және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот пен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.»;
297) 844-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлi адамның жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, судья әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.
2. Судья кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны шағым берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана қолданады.»;
298) 845-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Судья iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.»;
299) 846-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.
2. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзі берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда, жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
3. Қамаққа алу туралы сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы - қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледі.»;
300) 46 және 47-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау
47-тарау. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңды күшiне енген қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау»;
301) 852-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаулыларды, нұсқамаларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:»;
екінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға алып келген, куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу қате аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;»;
302) 853 және 854-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«853-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бұл шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.
854-бап. Арыз беру
1. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы шығарған не нұсқаманы ресімдеген сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.»;
303) 855-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.»;
екінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;»;
үшінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың көшірмесі;»;
304) 856-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.»;
305) 857-баптың тақырыбы мен бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«857-бап. Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайтару
1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:
1) арыз осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;
2) арыз белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.»;
306) 858-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - қайта қаралатын қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама негізделген сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісі заңды күшіне енген күнінен бастап;»;
307) 859, 860 және 883-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«859-бап. Арызды қарау
Қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.
860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы
1. Сот, орган (лауазымды адам) қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және қаулының, нұсқаманың күшін жояды не қайта қараудан бас тартады.
2. Қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.»;
«883-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама:
1) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым берiлмесе немесе наразылық білдірілмесе, оларға шағым беру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша қаулы, сондай-ақ осы Кодекстің 839-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн дереу;
3) осы Кодекстің 811-бабы екінші бөлігінің бірінші абзацында көзделген жағдайда дереу;
4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы қаулы жария етілгеннен кейін заңды күшiне енедi.»;
308) 884-баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«884-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың мiндеттiлiгi
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама заңды күшiне енген кезінен бастап орындалуға жатады.»;
309) 885-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«885-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) немесе нұсқаманы ресімдеген органға жүктеледi. Қаулы оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органға (лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. Арнайы құқықтан айыру түрiндегі әкiмшiлiк жазаны қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органдарға дереу жiберiледi.»;
310) 886-баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға келтіру
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы уәкілетті органдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға келтіреді.
2. Бір адамға қатысты бірнеше әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарылған жағдайда, әрбір қаулы, нұсқама дербес орындауға келтіріледі.»;
311) 887-баптың тақырыбы, бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу
1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органға осы қаулыны, нұсқаманы орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы мәселелердi қаулы шығарған, нұсқаманы ресімдеген судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.»;
312) 888 және 889-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың орындалуынкейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл түрінде (әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган өзiне қатысты қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген адамның арызы бойынша қаулының, нұсқаманың орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере отырып, қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе нұсқаманы ресімдеген орган айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкін.
889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген орган:
1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.»;