5-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары:»;
1) және 6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
«6-1) елді мекен шекараларының шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
2) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
27. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-ІІ, 103, 104-құжаттар; № 20-І, 111-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 32) және 32-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«32) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян (нұқсан) келтіретін физикалық құбылыс;
32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер;
мемлекеттік қадағалауын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер;»;
2) 15-баптың 3-тармағында:
21) тармақшада:
«қауіпсіз пайдаланылуын бақылау» деген сөздер «пайдаланылуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздер «әлеуметтік инфрақұрылым» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) тармақшадағы «жүзеге асыру жатады.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.»;
3) 39-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау және газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «әзірлігіне жүзеге асырылады.» деген сөздер «әзірлігіне;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына жүзеге асырылады.»;
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «лауазымды адамы жатады.» деген сөздер «лауазымды адамы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау жөніндегі және тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамы жатады.»;
4) 69-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «қызмет көрсетуі арқылы қамтамасыз етiледi.» деген сөздер «қызмет көрсетуі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) ұлттық стандарттарға сәйкес лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды техникалық куәландыруды жүргізу арқылы қамтамасыз етiледi.»;
5) 72-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «жүргізу құқығына аттестатталуға жатады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектерге арналған көтергіштерді монтаждауды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестатталуға жатады.»;
6) 77-баптың 1, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қауiптi техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшiн қауiптi техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы:
өнеркәсіптік объектілерде өнеркәсiптiк қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесіне өтiнiш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтiніш береді.»;
«3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беріліп, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қауiптi техникалық құрылғыны есепке қойған, есептен шығарған кезде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi техникалық құрылғылардың қауiпсiз пайдаланылуына қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауiптi техникалық құрылғыларды есепке алу журналында және қауіпті техникалық құрылғының паспортында тиісті жазба жасалады.
4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін жергілікті атқарушы орган айқындайды.».
28. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 5 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
3-қосымшаның 51-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарлама».
29. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-II, 52-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша:
«тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың)», «тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)», «тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы)», «тұрғын үй (тұрғын ғимарат)», «тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар)», «Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды)», «Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың)», «Тұрғын үй (тұрғын ғимарат)», «тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)», «Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)», «тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды)», «тұрғын үйден (тұрғын ғимараттан)», «Тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы)», «тұрғын үйлердегі (тұрғын ғимараттардағы)» деген сөздер тиісінше «көппәтерлі тұрғын үйлердің», «көппәтерлі тұрғын үйдің», «көппәтерлі тұрғын үйдегі», «көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйлер», «Көппәтерлі тұрғын үйлерді», «Көппәтерлі тұрғын үйлердің», «Көппәтерлі тұрғын үй», «көппәтерлі тұрғын үйді», «Көппәтерлі тұрғын үйдің», «көппәтерлі тұрғын үйлерді», «көппәтерлі тұрғын үйден», «Көппәтерлі тұрғын үйдегі», «көппәтерлі тұрғын үйлердегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тұрғын немесе тұрғын емес үй-жай», «тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайларын», «тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздер тиісінше «пәтер немесе тұрғын емес үй-жай», «пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды», «пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 4) тармақшасындағы «тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы объектісі» деген сөздер «салынған және пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үй» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кепілдік беру қорының кепілдігін алу тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.
Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.
Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.
Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.»;
4) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.
Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.
Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.
Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.»;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үй құрылысының бір жобасынан көп емес қызметті жүзеге асыру үшін өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бір жүз пайызын сатып алады.
Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы бір жер учаскесінде бірнеше құрылыс объектісін көздеуі мүмкін.
Егер мұндай құрылыс көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасында көзделген болса, бірнеше жер учаскесінде құрылыс объектілерін салуға жол беріледі.
Құрылыс салушы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының алдыңғы жобасын салу, іске қосу және пайдалануға қабылдау бойынша өз міндеттемелерін орындаған уәкілетті компанияны немесе өзі жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын өзге де заңды тұлғаны тартуға құқылы.»;
6) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру жөніндегі міндеттемесі көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға қабылданған, тараптар көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шартқа қол қойған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізілген кезден бастап орындалды деп есептеледі.»;
7) 19-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мердігердің (бас мердігердің) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігерлік шарт бойынша орындаған жұмыстары үшін төлемдерді төлеу инжинирингтік компания растаған, орындалған жұмыстар актілері негізінде уәкілетті компанияның банктік шотынан жүргізіледі.
Уәкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасы пайдаланылған кезде құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес мердігерлік шарт бойынша мердігерге (бас мердігерге) төлемдерді алдын ала төлеуге мынадай шарттардың бірі ескеріле отырып жол беріледі:
1) мердігердің (бас мердігердің) міндеттемелерді тиісінше орындауын қамтамасыз ету болып табылатын аванстық төлемді қайтару бойынша екінші деңгейдегі банктің кепілдіктері болған кезде уәкілетті компаниямен мердігерлік шарт құнының жиырма бес пайызынан аспауға тиіс;
2) қамтамасыз етусіз уәкілетті компаниямен мердігерлік шарт сомасының он пайызынан аспауға тиіс.
Мердігер (бас мердігер) орындаған жұмыстар үшін төлемдерді кейіннен төлеу осы Заңның 20-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.»;
8) 20-баптың 8-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) банктік шоттар бойынша комиссияны және банктік қарызға қызмет көрсету бойынша сыйақыны төлеуге, сондай-ақ жобалық құнын шегере отырып, көппәтерлі тұрғын үйді салу бойынша ақысы төленген құрылыс-монтаждау жұмыстарының жиынтық сомасынан және уәкілетті компанияның банктік шотындағы ақшаның нақты қалдығынан аспайтын соманы аудару арқылы банктік қарыз бойынша негізгі борыштың бір бөлігін өтеуге;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес аванстарды төлеуге;»;
9) 36-баптың 3 және 4-тармақтары алып тасталсын;
10) 40-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ашық кредиттік желі негізінде екінші деңгейдегі банктердің жүз пайыз қаржыландыруы арқылы көппәтерлі тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға байланысты және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасымен реттеледі.».
30. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 27-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігінің 2-1) тармақшасы «, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігіндегі «жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздерден кейін «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы «банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздерден кейін «, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 9-тармағы 7) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын және 8) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
2) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 2) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 12-тармағы 2) тармақшасының алпыс сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:
1) осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 2) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) 289-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерiнің кооперативтерiнен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:»;»;
2) осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 3) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3) 307-баптың 2-тармағы 13) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«акционерлік қоғамдар, мекемелер және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерінен басқа тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;»;»;
3) осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 4) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«4) 394-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, кондоминиум объектісін басқару бойынша үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативінің, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің қызметі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді;»;»;
4) осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 5) тармақшасының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5) 553-баптың 2-тармағы кестесінің 2-жолының 2-графасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерін және көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін:».».
3. 2022 жылғы 1 шілдеге дейін мыналардың:
1) осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтарының салымшысы - көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің атынан әрекет ететін, тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау туралы шарт жасасқан үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі, көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі немесе көппәтерлі тұрғын үйдің жай серіктестігі;»;»;
2) осы Заңның 1-бабы 15-тармағы екінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұрған кезең ішінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«17-баптың 2-тармағы «пәтерлердің меншік иелері кооперативтері» деген сөздерден кейін «, көппәтерлі тұрғын үйлер мүлкінің меншік иелері бірлестігі» деген сөздермен толықтырылсын;».
4. Көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 42-бабының 1-тармағында көзделген, көппәтерлі тұрғын үй кеңесін сайлау және кондоминиум объектісінің басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау үшін көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.