2. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына мыналар негіз болып табылады:
1) судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты, лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы;
2) облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы шешімдері;
3) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну;
4) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы, сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталған масс-медиадағы, онлайн-платформалардағы, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарындағы мәліметтер бойынша шешімдері.»;
4-тармақтың 16) тармақшасы 2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16) 38-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-2-бап. Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы (бұдан әрі - Академия) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады, сот жүйесі кадрларын қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және ғылыми қызметті жүзеге асырады.
Академияда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша осы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сай келетін азаматтар оқи алады.
Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде магистратурада оқу үшін Жоғары Сот Кеңесі тиісті жылға аудандық соттардың судьялары бос лауазымдарын ескере отырып, өңірлер бойынша квота белгілеуге құқылы.
Жоғары Сот Кеңесі Академияны жалпы басқаруды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Академияны құруды, оның мәртебесін және жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
4-тармақтың 17) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
17) 38-3-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі «және судьясы,» деген сөздерден кейін «кассациялық сот судьясы және төрағасы,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 18) тармақшасы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
18) 39-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тартылуы мүмкін.
Заңдылықты өрескел бұзу деп судья өзінің адал болмауы немесе ұқыпсыздығы салдарынан жол берген, заңды анық және елеулі түрде бұзуы түсініледі.
Заңдылықтың өрескел бұзылу фактісін осы негіз бойынша сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтайды және істі қараған судьялардың алқа құрамы қол қойған, судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуда көрсетіледі.
Дәлелдемелерді бағалауға байланысты сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту заңдылықты өрескел бұзу болып табылмайды;»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Судьялық қате, сондай-ақ сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту, егер заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталмаса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.»;
4-тармақтың 19) тармақшасы 2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
19) 42-баптың 1-1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактісі анықталған, судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуды шығарған күн судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылық жасалған күн болып есептеледі.»;
екінші бөліктегі «Судья әдебі» деген сөздер «Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген күн немесе судья әдебі» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
«42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктері
Судья барлық материал Сот жюриіне жіберілгенге дейін олармен танысуға тиіс.
Судья тәртіптік істі қарауға жеке өзі, сондай-ақ өкілдерімен бірге қатысуға құқылы.
Адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары ғана судьяның өкілдері бола алады.»;
4-тармақтың 11) тармақшасы 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
21) 44-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «біліктілігін» деген сөз «кәсіптік қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Академияға біліктілікті арттыру курстарына, оның ішінде жеке жоспар бойынша жібере отырып, атқаратын лауазымына сай келеді деп тану;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы;»;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.»;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «басқа сотқа, басқа мамандануға» деген сөздер «жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 55-баптың бірінші бөлігіндегі «судьялар» деген сөз «судьяларды, отставкадағы судьялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Конституциялық заң:
1) 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 9) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16) тармақшасын;
2) 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 7) тармақшасының төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 15), 18) және 19) тармақшаларын;
3) 2024 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 7) тармақшасының үшінші абзацын, 8) тармақшасының бірінші, екінші үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 9) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын;
4) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 8) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 10) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 11) тармақшасын, 13) тармақшасының төртінші абзацын, 21) тармақшасын;
5) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының жетінші абзацын, 4), 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бесінші абзацын, 7) тармақшасының алтыншы абзацын, 9) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, жетінші, он бірінші және он екінші абзацтарын, 10) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 17) тармақшасын;
6) мыналардан:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына қатысты 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап;
кассациялық соттардың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап;
аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына, сондай-ақ осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілгенге дейін отставкада болған, өмір бойғы қамтылым алған аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 14) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. 2025 жылғы 1 шілдеге дейін мыналардың:
1) 1-баптың 4-тармағы 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойынша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;
3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;»;
2) 1-баптың 4-тармағының 7) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) облыстық соттардың төрағалары, сот алқаларының төрағалары, кассациялық соттардың төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары және судьялары бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;»;
3) 1-баптың 4-тармағының 7) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7-5) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»;
4) 1-баптың 4-тармағының 7) тармақшасы сегізінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«7-9) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін облыстық соттың сот алқасының төрағасын, облыстық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;»;
5) 1-баптың 4-тармағының 8) тармақшасы бесінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Облыстық соттың сот алқасының төрағасы және судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және жұмыс орны бойынша тиісінше Жоғарғы Соттың немесе облыстық соттың жалпы отырысының қорытындыларын алуға тиіс. Кассациялық сот судьясы лауазымына конкурсқа қатысушылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қорытындысын алуға тиіс.»;
6) 1-баптың 4-тармағының 15) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Сот жюриі он үш судьядан - аудандық соттардың төрт судьясынан, облыстық соттардың бес судьясынан және Жоғарғы Соттың төрт судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс беру құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 5 шілде
№ 109-VIII ҚРЗ